Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

Бұл шебер сынып Кембридж бағдарламасының деңгейлік курс аясындағы мазмұнға сай құрылған. Шебер сынып ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Тақырыбы: Сабақ барысында қолданатын сұрақ-жауап әдістері. Шебер-сыныптың міндеттері төмендегідей: жұмыс жасауға қолайлы жағдай тудыру, сыныпта қолдануға болатын сұрақ-жауап түрлерін ұсыну, оларды пайдалану, ұсынылған әдістердің тиімді жақтарын талқылау, дәстүрлі сұрақ-жауап әдісімен салыстырып, бағалау. Күтілетін нәтиже: ынтымақтастық артып, қатысушыларм...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Болысбекова Замира Шаяхметовна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Александр Матросов негізгі мектебі

Жамбыл ауданы

Шебер сынып


Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері.


Шебер сыныптың мақсаты:

Сабақ барысында қолданатын сұрақ-жауап әдістерін

түрлендіру арқылы оқудың тиімділігін арттыру.

Міндеттері:

- жұмыс жасауға қолайлы жағдай қалыптастыру;

- сыныпта пайдалануға болатын сұрақ-жауап түрлерін ұсыну;

- ұсынылған сұрақ-жауап әдістерін пайдалану;

- айтылған әдістердің тиімді жақтарын талқылау; - дәстүрлі сұрақ-жауап әдістерімен салыстырып,

бағалау.

Күтілетін нәтиже:

- ынтымақтастық атмосферасы артып, оқу процессінің қатысушыларымен өзара тиімді карым-қатынас қалыптасады.

- мұғалімдер сыныпта пайдалануға болатын сұрақ-жауап әдістерімен танысады;

- түрленген сұрақ-жауап әдістерін пайдаланып, қолданады;

- айтылған әдістердің тиімді жақтарын ажыратып талқылайды;

- дәстүрлі сұрақ-жауап әдістерімен салыстырып, бағалайды.

Өтілу барысы:

  1. Жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасау

Семинарға қатысушылар таңдаған түстеріне байланысты топтарға бөлінеді.

  1. Кіріспе:

Сабақты жоспарлау ол әдіс-тәсілдерді, мүмкіндіктерді және мәліметтерді кемел тепе-теңдікті сақтай отырып, тиімді араластыра білу өнері.

  • Сыныпта қандай сұрақ-жауап әдістерін пайдаланасыздар?

  • Сыныпта сұрақ-жауап әдісін қалай түрлендіресіз?

Lesson planning is the art of mixing the techniques, abilities and materials in such a way that an ideal balance is created for the particular class.


  • How can you make your lesson more varied?

  • Do you vary your questioning techniques, how?

  • Do you develop your questioning techniques, how?


  1. Негізгі бөлім:

Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістерін ұсыну.

  1. Конверттегі сұрақтар

Конвертте келген тапсырма ашық түрде ұсынылатын тапсырмаға қарағанда оқушылардың назары мен қызығушылығын тез өзіне аударады. Бұл әдіс топ мүшелерін бір-бірінің көзқарасын тыңдай білуге және ортақ бір шешімге келе білуге ынталандырады.

  • Әр топқа тапсырмасы бар конверт үлестіріледі;

  • Ішіндегі тапсырма әртүлі болуы мүмкін (көбіне қима қағаздардан құралатын тапсырмалар): ретімен орналастыр, суреттерді сәйкестендір, жалғасын тап т.б.

  • Топ мүшелеріне өздерін бағалауға мүмкіндік беру мақсатында соңынан дұрыс жауап ұсынылғаны жөн.

Қатысушыларға арналған тапсырма:

Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайыздарын өсу ретімен орналастыр:

1.Дәріс/лекция

  1. Оқу/чтение

  2. Аудио-визуалды қабылдау/аудио-визуал

  3. Көрсетілім/демонстрация

  4. Талқылау/обсуждение

  5. Білім беру/передача знаний

Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

  1. Тақтайшаға жауап жазу

Сұраққа жауап алудың тиімді жолдарының бірі - тақтайшаға жауап жазу.

«Қол көтеру» әдісін пайдаланғанда сіз өз қалауыңызды, өз таңдауыңызды бағалайсыз және ол өзіне назар аударғанды қалайтын оқушыларға ғана тиімді. Қолын көтермейтін оқушы ештеңе білмейді деген сөз емес. Білсе де, өзіне сенімсіздері, қателесуге қорқатындары болады.

Ал тақтайшаға жауаптарын жазғызу арқылы сіз бүкіл сыныптан жауап аласыз, әр оқушының жазу сауаттылығынан хабардар боласыз және оқушыларды бақылау арқылы өз жұмысыңызды бағалай аласыз.Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

Оқушылар өздерін бағалау үшін соңынан дұрыс жауап ұсынылғаны жөн.

Қатысушыларға арналған тапсырма: (жауабы тақтайшаларға жазылады)

Warm up кезеңінде мұғалім неше пайыз сөйлейді? 15%

Presentation кезеңінде мұғалім неше пайыз сөйлейді? 70-80%

Follow up кезеңінде мұғалім неше пайыз сөйлейді? 20%


  1. Сұрақтарды деңгейіне қарай қою

Жұмыс жасап жатқан кезде, оқушыларға сыныптастарына сұрақ қоюына мүмкіндік жасаңыз. Жақсы жауаптан гөрі, жақсы сұраққа баға қойыңыз. Өзіңіз де төменгі деңгейлі сұрақтармен шектеліп қалмаңыз.

Қатысушыларға арналған тапсырма: сұрақтарды төменгі деңгейден жоғарыға қарай орналастыр.

Questions:

1. Why was Cole unable to work regularly?
2. What party did Grandin arrange for the war veterans?
3. Why did all people suspect Cole for stealing the coin?
4. How was the coin found?
5. Why didn't Cole allow the people to search his pockets?

6. What do you think of Cole?


  1. Суреттерге қарап сөйлес

Суреттерге қарап сөйлесу оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырады, сыни ойлауға итермелейді. Ал ағылшын тілі сабағында оқушыларға суретке қарап сұрақ қоюға, оған жауап беруге, және сөздік қорын пайдалануға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға арналған тапсырма: берілген суретке қарап сұрақтарға жауап бер

  1. Who is he?

  2. Where is he?

  3. Why is he doing this?


  1. Кубиктегі сұрақтар

Сұрақ қою үшін кубиктерді пайдалану оқытудың бір құралы болып табылады. Кубиктердегі сұрақтар оқушыларға өз сұрақтарын қоюға көмектеседі. Бұл оқыту стратегиясы оқушыларды түрлі деңгейде сұрақ қоюға ынталандырады.Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

  • Бұл жаттығуды 4-6 оқушының арасында өткізіңіз

  • Бір оқушы кубикті тастап, түскен сөзді өз сұрағында пайдаланады. Немесе кубикте жазылған идеяны жазып алып, сұрақ қоюға болады

  • Топтағы қалғандары сол сұраққа жауап беруге тырысады

  • Келесі кубикті тастаушы топтағы келесі оқушы немесе сұраққа жақсы жауап берген оқушы бола алады.

  • Күрделі сұрақ қою үшін кубиктерді екеуден тастаса да болады.

Жасыл- (жеңіл)-негізгі кубик:

Не?

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Неге?

Сары- (орташа)-2ші деңгейлі кубик:

Am/is/are- болу етістігінің осы шақ формасы

Can/could- «етістік+аламын»

Will- келер шақты жасаушы етістік

Might- мүмкін

Should- керек

Would- етістік болар еді

Қызыл- (қиындатылған)- күрделі сұрақтар үшін тағы басқа идеялар

Relate- Байланыстыр

Define- Анықтама бер

Predict- Болжа

Describe- Сипатта (суретте)

Compare- Салыстыр

Contrast- Салыстыр

Қатысушыларға арналған тапсырма: кубиктегі сөздерге сұрақ қойып, жауап береді.

  1. Қайда? Қашан? Кіммен?

Бұл қағаздан жасалынған ойын сыныпта пайдаланатын тиімді сұрақ -жауап әдісі бола алады. Бірақ Кіммен? Қашан? Қайда? сұрақтарының орнына пәнге байланысты тарау сұрақтары болуы керек. Бұл әдісті тарау соңында пайдаланған тиімді.Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

  • Оқушы кез-келген санды атайды да, сол санға байланысты тарау немесе бөлім таңдалады;Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

  • Тарау немесе бөлім таңдалғаннан кейін оқушы таға да бір сан атайды, мұғалім қолындағы қағазды сонша рет ашып- жауып, сол тараудың астындағы сұрақты оқиды.Ағылшын тілі пәнінен Сабақ барысында қолданатын сұрақ жауап әдістері тақырыбындағы Шебер сынып

  • Әр сұрақтың астында жауабы жазылған.

Қатысушылардың іс-әрекеті:

Қағазда жазылған сұраққа жауап береді, оны жасауды үйренеді



  1. Пайдаланылған сұрақ-жауап әдістерін талқылау, бағалау

  1. Сабақты түрлендіру мақсатында осы сұрақ-жауап түрлерін пайдалануға бола ма? Сіз келешекте пайдаланасыз ба?

  2. Сыныптағы тапсырмаларды басқаша тағы қалай түрлендірер едіңіздер?

  3. Бұл сұрақ-жауап әдістерінен қандай идея түйдіңіздер?

«Сұрақ қою» - алып келетін идеялар.

  • Оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне қауіпсіз орта орнатыңыз

  • Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін, өтпеген тақырыптарға болжам сұрақтарын қоюға шақырыңыз.

  • Тақырып өтіліп жатқан кезде пайда болған сұрақтарын қою үшін «Сұрақ қабырғасын» немесе «Сұрақ жәшігін» қолданыңыз.

  • Оқушы жауап беріп жатқан кезде оның жауабына сіз коментари берудің орнына, басқа оқушыны коментари беруге шақырыңыз немесе ол жауапты толықтырсын.

  • Деңгейіне қарай қосымша тапсырмаларыңыз болсын, оны оқушының деңгейіне қарай алдын ала жоспарлаңыз. Қай оқушыға сұрақтың қай деңгейін қоюды біліңіз.

  • Қиын сұраққа жауап беру үшін оқушыларды жұптастырыңыз немесе топтастырыңыз.

  • «Қол көтеру» әдісін пайдаланбаңыз орнына жауап берушіні өзіңіз таңдаңыз немесе ақ тақтайшаларды пайдаланыңыз.

  • Қойған сұрағыңыз оқушыға қиын келсе, оны басқа жолмен қоюға тырысыңыз.

  • Оқушыларға сыныптастарына сұрақ қоюына мүмкіндік беріңіз.

  • Сұрақты бір оқушыға қойып жатқан кезде оның жанына бармай, керісінше кері шегініңіз, ол сұрақтың басқаларға да қатысы бар екенін өзгелері де түсінсін.

  • Мұғалім ретінде барлық сұрақтың жауабын айтып қоймаңыз. Оларға уақыт беріңіз, кітапханадан немесе ғаламтордан іздеулерін қолдаңыз.

Guidelines for ordering the components of the lesson:

  1. Put the harder tasks earlier

  2. Have quieter activities before the lively ones

  3. Have clear feedback stages (finish one activity before moving on to the other)

  4. Set clear aims and give clear instructions and make sure that all the class is attentive when you talk (for it instruction goes first then handout or grouping)

  5. End on a positive note

Бұл соңғы тізім емес, әріптестердің ойлары болса қосуға болады.

  1. Кері байланыс

Алдарына берілген тақтайшаларға смайликтің суретін салу арқылы.

© 2010-2022