Ағылшын тілінен ашық сабақ жоспары. Тақырыбы Traditional foods 7 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі.

7 сынып

Тақырыбы: Traditional foods

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы дәстүрлі тағам туралы мәтіннің мазмұнын ашу, Британия мен Қазақстанның тағамдарын Венн диаграммасына салу. Оқушылардың білімдерін сұрақ-жауап арқылы шыңдау және жаңа сөздермен жұмыс жасауға машықтандыру.Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.

Сілтеме: Оқулық авторы: Аяпова 7-сынып Ағылшынша-қазақша сөздік

Ресурсы: мазмұнды сызба, маркер,смайлик

Күтілетін нәтиже: Қазақстан мен Британия тағамдарын салыстыру мақсатында Венн диаграммасын толтыра алады, Мәтінге қатысты сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыланады. Тағам түрлерін саналатын және саналмайтын зат есімдерге бөле алады

Түйінді идеялар:: оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау,түсінігін толықтыру

Сабақты өту кезеңдері

Мұғаліміс-әрекеті

Болжанғаноқушыларіс-әрекеті

1.Org.moment

2.Психологиялық хал-ахуалды қалыптастыру

Мұғалім ағылшын тілінде ұйымдастыру тәсілін жасайды-Бірлесіп жұмыс жасау атмосферасын қалыптастырады

Оқушылар бір-бірімен ағылшын тілінде сәлемдеседі, кезекші тұрып,сыныпта кім жоқ екенін анықтайды. Шаттық шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айтады

Оқушыларды топқа бөлу

Мұғалім оқушыларды мозаика әдісімен 3 топқа бөледі. Парақшаға: fruits, vegetables, drinks деп жазып таратады

I-топ Fruits

II-топ Vegetables

III-топDrinks

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Оқушылар білімін бақылау.Ой қозғау.

Жаңа сабақтың мақсатын ашу үшін оқулықтағы 17-жаттығудағыҚазақстан тағамдары туралы сызбаны толықтыру арқылы ой қозғалады

Оқушылар диаграмманы толтыру арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын түсінеді

Бағалау критерийі

Сабақты бастамас бұрын мұғалім бағалау критерийлерімен таныстырады. Өзін-өзі бағалау парақшасын тарқатады

Оқушылар бағалау парақшаларын алады .

Жаңа білім

Британиядағы тағам түрлеріне қатысты 1-жаттығудағы диалогтың аудармасымен жұмыс жасатады,сосын өздеріне осы диалогқа ұқсас жұп болып диалог құруға тапсырма береді Британиядағы тағам түрлеріне қатысты 12,17 -жаттығудағы Британиядағы және Қазақстандағы тағамға қатысты мәтіннің аудармасымен жұмыс жасатады, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жаздыртады

Оқушылар мәтіннің аудармасымен жұмыс жасап,сосын жұп болып сен тағамнан нені ұнатасың, ал сусыннан не ішуді қалайсың ? сұрақ-жауап түрінде өздері диалог құрастырады. Берілген тапсырманы ортаға шығып,қорғайды.Ағылшын тілінде сөздік қорлары молайып,ашық сұрақтармен жұмыс жасауға дағдыланады

Түсіну

Джиксо әдісі

Мазмұнды сызбаға Британия тағамдар жайлы мәтін бойынша 15-тапсырмадағы сызбаны толтыруға тапсырма береді Джиксо әдісі бойынша топ бір-біріне тапсырманы толықтыруға береді

Оқушылар мазмұнды сызбаға 15 тапсырманы орындап,сызбаны толықтыруға бір-біріне алмастырады.Сосын топ болып ортаға шығып, қорғайды.

Сергіту сәті

Тақтаға Қазақстандағы тағам туралы сызба сызылады

1.Дәстүрлі тағам 2.Сусындар

Ағылшын тілінде кім көбірек сөздер тауып, жазады

Оқушылар сызбаны жылдам толтырып шығады

Бекіту

Венн диаграммасы

Сабақты бекітуге 19-тапсырмадағы Британия және Қазақстандағы тағамдарға қатысты диаграмманы толықтыруға тапсырма береді

Әр топ диаграмманы толтырып, оны жұмыс дәптеріне жазады.Оқушылар екі елдің тағамдарының ұқсастығы мен ерекшелігін толық түсінеді

Бағалау

Топтың топты бағалау парағын толтырып,таныстырады. Өзін-өзі бағалау парағын толтыру

Бағалау парағын толтырады

Рефлексия

Жарайсыңдар! Бір-бірімізді мадақтайық (стикерге ойларын жазу)

Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жазып қалдырады."Екі жұлдыз, бір тілек"

Үйге біліп келу

16,17-тапсырмана орындап келу

Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады





© 2010-2022