Эссе Мұғалім - дамыту жұмыстарының көшбасшысы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы

Көшбасшылық қасиет адамды тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қасиет болып табылады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды әрдайым жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене отырып, өз-өзімізді көшбасшы ретінде көрсете аламыз. Дамыту жұмыстарын жүргізуде біз әріптестерімізбен өз тәжірибелерімізді бөлісе отырып, оларды серіктестікке тартып, әр істеген жұмысымыз бен қолданған әдістеріміз жайлы рефлексия жасаймыз, әріптестеріміздің сабақтарына ене отырып, олармен іс-тәжірибе алмасамыз және зерттеу жүргізу мақсатында ізденеміз. Біз, ұстаздар, өз тәжірибемізді жетілдіруді басты міндетіміз деп санаймыз және қолданған әр әдісіміздің нәтижелі болуын қалаймыз.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі - шығармашылық ізденіс. Ізденіс бар жерде білім болады. Әрбір ұстаз өзінің сыни тұрғысынан ойлана отырып іс-әрекет жасауы арқасында балаға дұрыс білім бере алады. Сыни тұрғыдан дұрыс ойлана алмайтын мұғалім баланың білім көкжиегін кеңейте алмайды. Ричард Дарант анықтаған «үздік» сабақтың алты белгісінің бірі - оқушылардың табысқа қол жеткізуі. Сабаққа қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табысқа қол жеткізеді және өзінің белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алғанын сезіну баланы одан әрі ынталандырып, мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Жақсы нәтижеге жету үшін әр ұстаз өз сабағында түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануы тиіс және әр қолданылған әдістің нәтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын жасап тұруы қажет.

Мұғалімнің ұстанымы - оның негізгі құндылығы. Дұрыс ұстаным арқасында ұстаз өз көзқарасын қалыптастырады. Ал көзқарасы арқылы белгілі бір шешім қабылдайды және оны жүзеге асыру үшін іс-әрекетке көшеді. Бұл - Пажарес айқындап берген «білім беру сызбасы». Егер сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған оқушыларды қалыптастырғымыз келсе, жаңашыл идеяларға ұмтылуымыз керек. Және сапалы әрі табысты оқытуды жүзеге асыру үшін өз тәжірибемізде сындарлы оқытуға бағытталған тәсілдерді кеңінен қолдануымыз керек. Мен әрбір сабағымнан соң міндетті түрде «Мен оқушыларға нені үйретемін?», «Неге ынталандырамын?», «Танымдық белсенділігін қалай дамытамын?», «Нәтиже қандай болмақ?» деген сұрақтарды жиі қоямын және солай еткен ұстаздардың нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігі мол деп ойлаймын. Курс барысында мен бұрынғы дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» оқытудың заман талабына сай еместігін ұғындым. Себебі заманға сай қоғам да, адам да өзгереді. Білім де, технология да дамиды. Заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз, мақсатымыз, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр сабағымызды сыни тұрғыдан ойлана отырып, мұқият жоспарлауымыз керек.

Өзім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан, сабақта оқушылардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту мақсатында Бағдарламаның жеті модулін пайдалануға тырыстым. Соның ішінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модуліне басымдық бердім. Бұл орайда мен өз сабақтарымда «Жигсо», «Кластер», «Кезбе тілші», «Fish bone», «Сағат тілімен кездесейік», «Айналмалы бекет», «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Insert», «Фила» кестесі, «Рафт» әдістерін пайдаландым және сол арқылы өз сабағымда жоспарланған мақсатыма бір қадам болса да жақындадым.











© 2010-2022