9-11сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің

9-11сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту - қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы - заңдылық.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы - қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Күтілетін нәтиже

Абай Құнанбаев шығармаларын терең талдай білер әдеби сауаттылық; ақын шығармаларын көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми-ізденімпаздық; әдебиеттінің өмірдегі ерекше орынын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары құзыретті тұлға; көркем әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру; зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Курс бағдарламасының мазмұны

  1. 9-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;

  2. 10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;

  3. 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;


Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

Негізгі ұғымдар


1 тоқсан-9 сағат

1

Кіріспе. Адамзаттың Абайы

1

Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат

2

Абайдың өмірі

2

Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

3

Ақынның халық даналығын тануы-

1

Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

4

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар -1сағат,

1

Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар

5

Абай және орыс әдебиеті

1

Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;

6

Абай және Пушкин

2

Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

7

Қорытынды

1

ІІ тоқсан-7

8

Абай және батыс әдебиеті -

2

Абай және батыс әдебиеті -2сағат, Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;

9

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы.

1

Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат

10

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы,

2

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

11

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

1

Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер

12

Ақын шығармаларының басылымдары

1

Ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

ІІІ тоқсан-10 сағат

«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға -10 сағат

«Ғылымға көңіл берсеңіз» -5сағат

13

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1

Өлеңінің басты идеясы - жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;

14

«Интернатта оқып жүр»

1

Өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;

15

«Ғылым таппай мақтанба»

1

Өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;

16

«Сегізінші» қарасөз

1

Қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;

17

«Он жетінші» қарасөз

1

Қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;

18

«Жиырма бесінші» қарасөзі

1

Қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;

19

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі.

1

«Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік» - 5сағат, Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;

20

«Екінші» қарасөзі

1

Қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

21

«Оныншы» қарасөзі

1

Қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;

22

«Он сегізінші» қарасөзі

1

Қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;


ІҮ тоқсан-8

23

«Он тоғызыншы» қарасөзі

1

Қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

24

«Отызыншы» қарасөзі

1

Қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

«Абай танымындағы ән мен күй» тарауы-4 сағат

25

Абай әндерінің таралуы-1сағат,

1

Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;

26

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,

«Құлақтан кіріп бойды алар»,

1

Ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.

27

Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері,

«Сегіз аяқ»,

1

28

«Көзімнің қарасы»,

«Айттым сәлем, қалам қас» әні

1

Поэмаларын оқытуға - 2 сағат

29

«Ескендір» поэмасы


2

Поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.

10-сынып аптасына арналған сағат саны-34 сағат

Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

Негізгі ұғымдар

1 тоқсан-9 сағат

1

Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

1

Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі. Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.


2

«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға

2



«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын оқытуға -6 сағат

3

«Талапты ерге нұр жауар»

2

отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

4

«Еңбек етсең ерінбей»

1

отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы;

5

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1

өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;

6

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

1

поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі.

7

Қорытынды

1

ІІ тоқсан-7 сағат

«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауын оқытуға - 7 сағат

8

Табиғат лирикасы :«Желсіз түнде жарық ай»

1

Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;


9

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай»

1

өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.

10

«Көлеңке басын ұзартып

1

өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі,

11

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам


2

отыз жетінші қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі;

12

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі

1

, ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;


13

«Түбінде баянды еңбек егін салған».

1

өлеңіндегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі

ІІІ тоқсан-10 сағат

. «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға - 6 сағат

14

«Би екеу болса, дау төртеу болады»

2

Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі;


15

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

1

өлеңнің идеялық мәні, Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары, алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;


16

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман

1

өлеңінде Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой;


17

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап»

1

5өлеңіндегі ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;


18

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»

1

өлеңіндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, ой қуып, ақылға еру хақында, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігі, әлеуметтік өмірдің шынайы суреттері, адамгершілік, әділеттілік мәселелері.


Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға - 4 сағат

19

«Улы сия, ащы тіл»-

1

он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері;

20

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

1

өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

20

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып»

1

өлеңінде пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі;


23

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

1

өлеңіндегі адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы.


ІҮ тоқсан-8 сағат


24

Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл»

2

өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.

25

Масғұт» поэмасы

2

«, поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;

26

«Әзім әңгімесі» дастаны

2

«Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.

27

Қорытынды

2



.



11-сынып аптасына арналған сағат саны-34 сағат

Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

Негізгі ұғымдар

1 тоқсан-9 сағат

1

Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік

1

Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі

2

Қазіргі абайтану мәселелерін оқыту

1

Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары.

3

«Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқыту

2

Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

4

«Өзіңнен өзің есеп ал»

1

он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы;

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқытуға - 7 сағат

5

«Осы мен өзім - қазақпын

1

тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары;

6

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

1

өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы;

7

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі

1

қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі;

8

«Бөтен елде бар болса»

1

өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық сипаттағы ой тұжырымы;

9

«Ішім өлген, сыртым сау»

1

лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді, опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі

ІІ тоқсан-7 сағат

10

«Сегіз аяқ» өлеңі

2

Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары;

11

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі

1

Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы;

«Абай - сатирик» тарауын оқытуға - 4 сағат

12

«Болыс болдым, мінеки»,

1

өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын, психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм

13

«Мәз болады болысың»

1

14

«Көзінен басқа ойы жоқ»

1

өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары, дүмше молдаларды сынап-мінеуі, ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы;

15

«Менсінбеуші ем наданды»

1

өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері, ұлттың бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы, ақынның қоғамдағы қайшылықтарға сыни көзқарасы, өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы, ақынның надандық пен қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы;

ІІІ тоқсан-10 сағат

16

«Бойы бұлғаң»

1

сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы, ел ішін дендеп кеткен өсек, өтірік, ұрлық, пәлеқор-жалақорларды «улы сия, ащы тілмен» шенеуі, ақынның туған елінің тоқыраған тағдырына кейіген кекті үні;

17

Қырық бірінші қарасөзі

1

қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы.

«Махаббатсыз дүние бос» тарауын оқытуға - 4 сағат

18

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол»

1

өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары

19

«Сен мені не етесің»

1

өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі;

20

«Білектей арқасында өрген бұрым

1

өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы;

21

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»

1

атты лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті, сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты;

22

«Қызарып, сұрланып»

1

өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі.


25

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай

2

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы, Жәуанмәртілік -адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде;

26

Абайдың «Толық адам» философиясы

1

Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері;

27

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі

2

Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер;

ІҮ тоқсан-8

28

«Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес»

1

лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы, жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы;

29

жетінші қарасөзі

1

қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның кесімді пікірі;

30

Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу - абыройлы борыш, қасиетті парыз

1

31

Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы

2

Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы;

32

3) Абайдың ақындық мектебі

2

Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында;

33

Қорытынды

1



© 2010-2022