Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Мазмұны Елбасы жолдауы PISA деген не? Функционалдық сауаттылық деген не?   PISA  зерттеулерінің негізгі  бағыттары. Функционалдық сауаттылықты оқытуды зерттеуді бағалау технологиясы. Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстанның дамуының басты бағыты атты"Қазақстан халқына арналған жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойыеша бесжылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет қазақстанның әлемдегі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруСолтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Златогорская орта мектебі



ЖОБА



ТАҚЫРЫБЫ: Функционалдық сауаттылыққа оқытуды зерттеуді бағалау технологиясы.

Орындаған:Касымова А.О



2014-2015жыл

Мазмұны

  • Кіріспе

  • Елбасының жолдауы

  • PISA деген не?

  • Функционалдық сауаттылық деген не?

  • PISA зерттеуінің негізгі бағытттары

  • Функционалдық сауаттылыққа оқытуды зерттеуді бағалау

технологиясы

  • Қорытынды

Кіріспе.

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бесжылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатына стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарғаарналғанұлттықіс-қимылжоспары (бұданәрі - Ұлттықжоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығында іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығымен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

Өзектілігі:

Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты.Бүгінгі білім саласындағы талап әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмасаотырып оқыту.Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр.Осы мақсатта «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функциональдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында арнайы курс бағдарламасын өтіп, мектептегі оқу үрдісіне кіргізу арқылы 15 жастағы оқушыны халықаралық деңгейдегі бақылауға дайындық мәселесі тұр.

Нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің 15 жастағы, яғни 8-9 сынып оқушылары.

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мақсаты: Курс бойынша алған білімді оқыту және практикалық жағдайларда қолдана алу және түсінгенді дәлелдей білу

Міндеттері:

- Оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауатылығын дамытуға және түйінді пәндік құзіреттерді қол жеткізуге бағыттау;

Қазіргі кезде ҚР ның орта білім жүйесіндегі орта мектеп бітірушілерін даярлауды халықаралық стандарттарға, Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру талаптарына сәйкестендіру ;

PISA халықарарлық зерттеуі мектептердің типтік оқу жоспарларды реттеудегі инварианттық және вариативтік компоненттердегі оқу сағаттары көлемдерінің арақатынасын анықтаудағы автнонмиялығы функционалдық сауаттылыққа әсер ету;

Білім нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін логикалық, кретикалық және конструктивтік ойдауды қалыптастыру, алынған ептілікті оқу және практикалық іс әрекеттерде қолдана білу үшін жаңа тиімді әдістемелерді енгізу;

Зерттеудің әдістері:

- Экспериментальдық зерттеу әдістері;

- Зерттеу тақырыбы бойынша нормативтік құжаттарға мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына, отандық және шетелдік оқу әдістемеліккешендергеталдау жасау және зерттеу;

- Педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама

- Зерттеудің интерпретациялық (түсіндіру әдістері: теориялық зерттеулерді, практикалық тәжірибені, салыстыру, қорытыу және жүйелеу

- Педагогикалық эксперимент: констатациялық , қалыптастырушы және бақылаушы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.

ЮНЕСКО-ның анықтамасына сүйене келе сауаттылық деген сөз тұлғаның оқу, түсіну және күнделікті өмірге қатысы бар қарапайым қысқа мәтіндер құрастыра алуы екен. Сондай-ақ сауаттылық деп әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық дағдылар жиынтығы. Белгілі бір жағдайларда бұл дағдылар жиынтығы әр түрті деңгейде болатындығына байланысты қазіргі білім беру тәжірибесінде «функционалдық сауаттылық» термині қолданылады. Бұл терминнің анықтамасы - адамның сыртқы қоршаған ортамен карым-қатынас орната алуы және ол ортаға жылдам бейімделуі.

Ал сауаттылықты бастапқы білім қалыптастырады (3-12 жас аралығы). Осыған сәйкес бастапқы білім маңызды білімділік дағдыларын меңгерудің минималдық деңгейін қалыптастыру факторы ретінде түсінеміз. Алған білімі маңызды білімділік талаптарын қанағаттандыру керек. Бұл талаптар өз кезегінде тұлғаның жеке қабілеттерін дамыту, қоғамды дамытуға белсенді қатысу, өзінің өмір сүру деңгейін жақсарту, проблемаларды шешудің стандартты емес жолын таңдау және білім алуды жалғастыру қабілеттерін дамыту үшін қажет бастапқы білім алу дағдыларынан (сауаттылық, есептеу қабілеті, өз өйын ауызша айта алу, проблемалық ситуациялардан шыға алу сияқты) және бастапқы білімділік мазмұнынан (білім, құндылықтарды қоса) (базалық білімі) тұрады.

Джонтьен декларациясы бойынша бастапқы білім алудың басты функциялары әлеуметтік қатынастар контекстінде сындарлы әрекет ету және әрі қарай оқуын жалғастыру үшін мықты негіз қалау болып табылады.

PISA (Programme for international Student assessment) халықаралық зерттеулерінің рейтингінде Қазақстан сауаттылығы бойынша 65 елдің ішінде 59 орын алған. Бұл жаман көрсеткіш емес деген сорақылық болатын, себебі біздің орнымыз алғашқы ондықта. Оған көптеген дәлел бар. Мысалы, оқушылардың халықаралық математикалық және тағы басқа олимпиадалардан алған орындарымыз, PISA зерттеулерін жоққа шығарады.

Біздің жастар өте қабілетті, тек осы қабілетті басып, жойып отыратын білім алудағы кедергілер бар. Бұл кедергілер негізінен алдымызға қойған мақсаттар мен талаптарды түсінбеуден келіп шығады.

Білім алудың кедергілері

Рейтингомания. Біздің және басқа да елдердің кез келген экономикалық немесе әлеуметтік саласында рейтингілеу індеті тарап кеткен. Мысалы, мектеп басшылары мектебінің рейтингін ойлап, мұғалімдеріне түрлі керек-керек емес іс-қағаздарын толтыртқызады, әр түрлі шараларды жасатқызады. Оның барлығы уақыт талап етеді, уақытын осындай шараларға бос кетірген педагог сабаққа дайындалуға мүмкіндігі болмайды. Нәтижесінде, білім беру сапасы төмендеп кетеді. Осы бағытта жұмыс істеп дағдыланған маманның өзінің мамандығына деген басқаша көзқарасы қалыптасады да, педагог тұтыну обьектісіне айналады, нәтижесінде, сол жүйенің деградациясына әкеп соғады.

Фактілік білім - бұл шектеулі білім. Тек фактілерді білу оқушының функционалдық сауатын дамытпайды, керісінше, бұрынғысынан қарағанда төмендетіп жібереді. Ол фактілік білімді оқушы өмірде қолдана алмайды. Сондай-ақ соңғы кездері оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауы былай тұрсын, логикалық ойлауы төмендеген. Себебі, мектептердің басты басымдықтары өзгерген, оқушыны өмірге емес, тестке дайындау болып өзгерген. Оған жоғарыда айтылған «рейтингомания» кінәлі. Оқушылар тестке дайындық үстінде олар орасан көп фактілер мен мәліметтерді жаттап шығады, бірақ ол тек факті….

Кітап оқуға баулу - қазіргі жастардың басты проблемаларының бірі. Ресми деректер бойынша мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Бұл тек ресми деректер ғана.

Қазіргі мектеп оқушыларының (5-11сынып) ішінде 10 оқушыдан тек 1-і ғана әдеби кітап оқитын болып шығады, кейде бұл көрсеткіш одан да төмен. Мектеп оқушыларының арасында өткізілген әдеби кітап оқу мәселесі бойынша сауалнаманың көрсеткіші өте ашынарлық. Әдеби кітап оқыдық деп оқулық ішіндегі романдардың үзінділерін айтады екен, оқығандары бастауыш сыныптағы ертегілер ғана.

Кітап - білім бұлағы деп данышпан халқымыз бекерге айтпаған. Өмірінде әдеби мәтін таныған адам мәтін жазуда да, логикалық ойлауда да және ойлаудың нәтижесінде келген қорытындысында да қателеспейді. Себебі, адамда жадтың бірнеше түрі бар, оның ішінде ең маңыздысы визуалдық жад. Оқу барысында визуалдық жадта мәтіннің жазылу үлгісі сақталып қалады, кейін мәтін жазу кезінде адам өзі автоматты түрде жадында сақталып қалған жазу үлгісін қолданады.

Әлеуметтік мәселелер. Бұл мәселелер қажеттіліктерден тұрады. Абрахам Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы бойынша ең бірінші кезекте қанағаттандырылуға тиісті қажеттілік - физикалық қажеттілік (баспана, тамақ, және т.б.), кейінгі орында материалдық қажеттілік тұрады екен (Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы 6 сатыдан тұрады). Ал біздің демократиялық қоғамымызда негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырмай, олардан аттап, ең соңғысы - рухани қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылыс өте жиі байқалады.

Оқулықтар проблемасы. Бұл проблема қалған проблемалардың туындауына себепші десек те болады. Біріншіден - оқулықтың жетіспеуі, екіншіден - оның өте төмен сапасы. Егер де ол сапалы болғанда оқимын деген адам өзі үшін тауып сатып алады. Сапасын айта кетсек, өте қиын сөз құрастыру мәнерімен жазылған (одан гөрі ғылыми кітаптар түсінікті) және керек емес нақтыланбаған мәліметтермен толтырылған, яғни бір-екі беттегі мыжыма мәліметтің мағынасы жарты бетке ғана сияды. Оны оқушы түгіл мүғалімнің оқып түсінуі қиын. Осындай мәтінді оқыған кез келген оқырманның оқуға деген ықыласы лезде жоғалады. Мұндай жазудың орнына, балаларға түсінікті болатын жазу мәнерін қолданылса, жағдай мүлдем басқа болар ма еді.

Жоғарыда айтылған проблемалардың әсерін қазірдің өзінде кейбір жағдайларда көріп отырмыз. Оған көптеген грамматикалық қателері бар түрлі журналдар мен ғаламтор беттері, көшелерде дүкендер мен гипермаркет маңдайшалары және рекламалық биллбордтар дәлел болып отыр. Бірақ, бір қызықты жағы бар. Шет тілдерінде, оның ішінде орыс және ағылшын тілдерінде жазылған мәтіндерде қателер көп кездесе бермейді. Сонда, қазақша қате жазу мансап па? Әлде бұған мектеп кінәлі ма? Әрине, бұл жағдайда мектеп кінәлі болып шығады, бірақ, ешкімнің ойына мектептің не себептен мұндай жағдайға душар болғаны кіріп шықпайды.

Балалар әдеби кітаптар оқып жатыр делік. Қазақ тілінде немесе қазақ тіліне аударылған шығармалар өте аз. Кітапханаларымызда әлемнің керемет туындыларының көбі орыс тілінде кездеседі. Қазіргі жоғары технологиялары дамыған заманда мәтін электронды түріне көшіріліп жатыр, электронды оқулықтар мен электронды әдебиет көбеюде. Қазіргі интеллектуалдық жағынан жоғары деңгейде тұрған жастар қағаз кітап оқуды ұнатпайды, оның орнына олардың мобильдік қалта компьютерлерінде электронды әдебиет болады. Бірақ, өкінішке орай олар да орыс тілінде.

Оқымысты деген түсінік бар, көпшілігіміз бұл түсінікті қате түсінеміз. Оқымысты сөзінің анықтамасы (менің ойымша) - көптеген әдебиет оқыған, жазу манері түсінікті және қатесіз, көп нәрселерден хабары бар, мәмілесі дұрыс адам. Сондай-ақ бұл адам кейбір пәндер мен ғылымдарды менгерген болмаса да, бұл кемшілікті өзінің оқымыстылығымен жоя алады. Ал сауаты төмен (төмен деңгейлі сауаты ешқандай функция атқармайтын) адамның болашағы қараңғы. Сондықтан, болашағымыздың тамырына балта шаппай тұрып ойланайық, әлі де кеш емес!

  1. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылдарына арналган мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің әр Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше мән беріп отырады. Жалпы айтқанда, бұл бағытта көптеген шаралар іске асырылып жатыр (оның ішінде мектептерді компьютерлендіру, педагогтарды қайта даярлау және т.б.). Бұл игі шаралардың айтарлықтай нәтижелері болары анық. Әрі болашақта өзіміздің ғылыми әлеуетімізді (потенциал) көрсетеміз деп ойлаймын. Себебі, жасалған шаралардың дұрыс екендігі айдан анық.

  2. Функционалдық сауаттылыққа оқытуды зерттеуді бағалау технологиясы

  3. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.

  4. Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 2009 жылы бағдарламаның төртінші кезеңі аяқталды.

  5. PISA-2009 зерттеуін ұлттық орталықтар мен ЭЫДҰ қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын Консорциуммен жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кірді:

  6. - Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты (Netherlands National Institute for Educational Measurement, CITO);

  7. - АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS);

  8. - Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты (National Institute for Educational Research, NIER);

  9. - Статистикалық ақпараттар жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы (WESTAT).

  10. Консорциумның жұмысын педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі үйлестіреді (The Australian Council for Educational Research, ACER).

  11. Халықаралық үйлестіруші орталық дайындаған бірыңғай ережелерге сәйкес зерттеу барлық қатысушы елдерде бірдей болу үшін жүргізіледі.

  12. Қазақстанда зерттеу жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, білім беру органдары мен аймақтық білім беру ұйымдарының көмегімен «Ұлттық білім беру сапасын бағалау» орталығы жүргізеді. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету үшін аймақтарда облыстық үйлестірушілер, сонымен қатар зерттеу өткізетін білім беру ұйымының үйлестірушілері анықталып, тағайындалады.

  13. PISA зерттеуі өткізілетін әрбір аймақта облыстық үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілердің мiндеттерi - бекітілген кестеге сәйкес өз аймағында зерттеудің өтуін қамтамасыз ету, зерттеу материалдарын білім беру ұйымдарына дейін жеткізу, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру ұйымының үйлестірушісімен және тест өткiзушi тұлғамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.

  14. Зерттеуге қатысатын әрбір білім беру ұйымында 15 жастағы оқушылардың тізімін жасау үшін және зерттеуді ұйымдастырып, өткізу үшін білім беру ұйымының үйлестірушілері тағайындалады. Сонымен қатар тест аяқталған соң зерттеу құралдарын Ұлттық орталыққа жөнелту де білім беру ұйымдары үйлестірушілерінің міндетіне жатады.

  15. Тест өткізуші тұлғаның ең басты мақсаты барлық қатысушыларды буклеттермен және сауалнамалармен қамтамасыз етіп, тестті және сауалнаманы зерттеу жүргізу рәсімі бойынша өткізу болып табылады.

  16. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оқушылардың білім дәрежесінесәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру. Оқушылардың өз білім дәрежесіне сәйкес тапсырмаларды таңдап алу. Мысалы: Әр тақырып бойынша өтілген сабақтарды пысықтай отырып, нәтиже сабақтарында қолдану.

  17. Қызыл, жасыл, сары түсті кеспелерге деңгейлеп тапсырмаларды жазып, оқушыларға ұсынамын. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап алады. Немесе осы әдісті үй тапсырмасын беру арқылы да қолдануға болады.

Қызыл түсті





Жасыл түсті

1. Қыстуралыәңгімелеу

2. Қыс(пришла). (Снег) жауды. Қыста (день) суық болады.

Сары түсті

3. Қыста не жауады? Балалар не істейді?

  1. Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады. Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп, сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын түйіндеп сабақты қорыту.

Тәжірибелік маңыздылығы:

PISA зерттеуі қазіргі кезде мектептегі білімнің тиімділігін салыстыра бағалаудың әлемдегі универсалды инструменті ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастырудың, оның ішінде білім берудің мазмұнын және әдістемесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.PISA 15 жасар жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын адам қызметінің әртүрлі салаларындағы кең ауқымды өмірлік мәселелерді шешуге, сонымен қатар тұлғааралық және әлеуметтік қарым- қатынастақолдану қабілеттерін бағалайды.Оқытудыңәдістері мен формалары НЗМ инновациялық тәжірибелерін транциялау оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыратын жаңа біліи беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асады.

Білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлаудың негізін алған білімдерін оқу және іс тәжірибелік қызметте қолдану машықтарын қалыптастыру мақсатында оқытудың тиімді формалары мен әдімстерін енгізу қажет.

Жаппай оқыту формасынан әрбір оқушының жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға ауысу соның ішінде интербелсенді инновациялық, жобалы зерттеу технологияларын сандық инфрақұрылымды қолдану арқылы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісісі оқу қызметінің барлық түрлерін, оқу материалдарын игерудің үдерістік жағдайын дербес және тұлғалық қасиеттерді ескеретін өлшемдік бағалау жүйесін енгізуді анықтайды.Оқушылардың өзін- өзі бағалауы өзін- өзі ұйымдастыру мен дамыту үшін дербес жетісіктерін бағалау арқылы жүзеге асады.

Мониторинг нәтіижелері оқушылардың функционалдық сауаттылығн дамыту динамикасын, оқушылардың ,мұғалімдер мен мектептердің табыстылығын сонымен қатар стандарттарды, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жаңарту іс шараларының нәтижелілігін бағалауды қамтамасыз етеді.


Біз әдемнің озық елдеріндегі орта білім берудегі білімнің сапасының жоғары болуына қандай қадамдар арқылы жетті деген сұраққа жауап іздеу мақсатында Зерттеу тақырыбы бойынша нормативтік құжаттарға мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына, отандық және шетелдік оқу әдістемелік кешендерге талдау жасау және зерттеу арқылы PISA зерттеуінде алдыңғы қатардағы елдердің (Австралия, Финляндия, Япония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) көрсеткіштері оқушылардың функционалдық сауаттылығына мынадай факторлардың әсер ететінін көрсеткен.


1) білім мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары;

2) оқытудың түрлері мен әдістемелері;

3) білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалау жүйесі;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысаны, оқу жоспарын реттеуде мектеп автономиясының жоғары деңгейі);

6) барлық қызығушылық танытқандармен әріптестік принциптерге негізделген достық жағдайдағы білім беру ортасының болуы;

7) балаларды оқытудағы және тәрбиелеудегі ата-аналардың белсенді ролі.

Отбасы баланы ерте жасынан рухани құндылықтарға, тиімді және жемісті өмір сүруге баулуы қажет. PISA-2009,2012 жылдардағы зерттеулері оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейіне ата-аналардың оқыту және тәрбиелеу процесіне араласуының оң әсер ететінін көрсетті.

Бұл халықаралық зерттеулердің барысында оқушылардың оқу жетістіктері жанұя ресурстарының: ата-аналардың білім деңгейі, олардың кәсіптік қызметтері, үйдегі кітаптың саны, Интернетке кіру мүмкіндігі, баланың өз бөлмесінің болуы тікелей есер ететінін көрсетті. Сонымен қатар балаларының жетістігіне, олардың дамуына, өмірдің құндылықтарын меңгеруіне, теріс іс-қимылдарын жеңе білуіне ата-аналардың қызығушылық танытуы аса маңызды факторлардың бірі екені анықталды.

Сондықтан ата-аналардың мектептің өміріне белсенді араласуын көздейтін іс-шараларды жасау қажет: ата-аналардың ассоциациясының, ата-аналардың кеңесінің құрылуы тиіс. Бұл қоғамдық институттар отбасының әрбір білім алушымен әріптестік қарым-қатынас орнатуына, бірін-бірі қолдау, мектеп пен отбасының мүдделерінің ортақ болуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мектеп қызметі мен оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат толық және ашық болады.
Жалпы орта білім саласындағы халықаралық бақылау білім, ептілік және дағдылар ретінде білім нәтижесін меңгеру деңгейі мен түйінді құзыреттердің қалыптасу деңгейі жеке бағаланады. Мұндай тәсіл Блум таксономиясына негізделеді. Ол тәсіл арқылы мақсатқа жетудің 6 деңгейі көрсетілген. Мәселен,
1. Білім.

Бұл категория нақты фактіліер мен бүкіл теорияға дейінгі оқылған материалдарды еске сақтаумен және қайталап көрсете білумен шектеледі. Оқушы терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсініктерді, ережелер мен ұстанымдарды қайталап көрсете біледі.

2. Түсіну

Түсінудің негізгі көрсеткіші ретінде материалдарды айтудың бір түрінен екінші түріне айналдыра білуді, құбылыс пен оқиғалардың даму бағытын жорамалдай білуді айтуға болады. Оқушы фактілерді, ережелерді, принциптерді түсіндіре біледі; сөзбен айтылған материалдарды математикалық формулаларға айналдырады; берілген деректер бойынша келешектегі оқиғаларды суреттей алады.

3. Қолдану.

Бұл категрория оқылған материалдарды нақты жағдайларда немесе жаңа жағдайларда қолдана біледі. Оқушы заңдарды, теорияларды нақты практикалық жағдайларда қолданады; жаңа жағдайларда түсініктер мен ұстанымдарды қолданады.

4. Талдау.

Аталған категория материалдарды құрылымдық бөлімдерге жіктей білу қабілетін көрсетеді. Оқушы бүтін материалдарды жіктей алады; олардың арасындағы байланысты анықтай біледі; бүтін затты ұйымдастыру қағидаттарын біледі; түсіндіру логикасындағы қателіктер мен кемшіліктерді көре біледі; фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты біледі; деректердің маңызын бағалайды.
5. Жинақтау.
Бұл категория жаңалығы бар бүтін затты құрастыруда оның жеке элементтерін қолдана біледі. Оқушы шығарма, баяндама, реферат жазады; эксперимент жасау жоспарын құрастырады; есептің схемасын жасайды.
. Бағалау.
Бұл категория әртүрлі материалдардың мағынасын бағалай білуді көрсетеді. Оқушы жазбаша мәтіннің тұрғызылған логикасын бағалайды; бар деректерге жасалған қорытындының сәйкестігін бағалайды; іс-әрекеттің әртүрлі өнімдерінің маңызын бағалайды.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалауда бағалаудың мынадай түрдегі «білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жалпылау» төрт деңгейлі критериалдық жүйесі ұсынылады. Бұл жүйе оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) оқу жағдайында қолданылады.

Басқа бағалау жүйелеріне қарағанда PIZA- да бағалау обьектісі пәндерді( оқу бағдарламасын) меңгеру еңгейі мен сапасы емес, олардың үш бағыттағы:

Мәтінді оқу, математика,жаратыыстану ғылымдары бойынша сауаттылықтар салаларындағы құзіреттілігін қалыптастыру деңгейі болып табылады

Әр тапсырманың мәтіні бар, онда жеке мәселелер қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әр түрлі 1-6 сұрақ беріледі.Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті бағаланады.

Мәтінді оқу сауаттылығы - жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу , оларға рефлексия жүргізу, мәтіндерді өз мақсаттарына қолдана білу, қоғам өміріне белсене араласу үшін білімі мен мүмкіндіктерін қолдана білу қабілетінің деңгейі.Зерттеуде мәтінді оқу техникасы , оны оқу жылдамдығы қаралмайды, оның орныныа мәтінге рефлексия, онытүсіну және оқылған мәтінді әр түрлі мақсаттарға қолданан білу қабілеті қаралады.
Қорытынды

Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты - шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.

Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету - заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс.

Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті.

Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.

Пайдаланған әдебиет:


1.TIMSS халықаралық зерттеу сайты.

2. БЖМС ҚР 5.04.019 -2011. Астана, 2011.

3. PISA-2012 15-жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы ҰБСБО, 2013



© 2010-2022