Разработка урока та тему Знание в7 классе

  BaskeКүні: 12.11                               7- сынып   Сабақтың тақырыбы: Білім . Мақсаты: Оқушыларды жаңа лексикамен таныстыру , бекіту. Білім беру жүйесімен таныстыру. Англияның білім беру жүйесімен, мектептермен танысу. Өз еліндегі мектептермен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Білімге деген құштарлықтарын молайту. Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі: - Good morning children! How are you? What date is it today? What month is it now? How is... England school Kaz. schools             V.Үйге тапсырма Ex.5 Complete the sentenses.    tball- баскетбол Cycling –велосипед тебу Football – футбол Tennis – теннис Hockey- хоккей Favorite  – сүйікті   Volleyball - волейбол
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока та тему Знание в7 классеРазработка урока та тему Знание в7 классеРазработка урока та тему Знание в7 классеРазработка урока та тему Знание в7 классеРазработка урока та тему Знание в7 классеРазработка урока та тему Знание в7 классеКүні: 12.11 7- сынып

Сабақтың тақырыбы: Білім .

Мақсаты: Оқушыларды жаңа лексикамен таныстыру , бекіту. Білім беру жүйесімен таныстыру. Англияның білім беру жүйесімен, мектептермен танысу. Өз еліндегі мектептермен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Білімге деген құштарлықтарын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Good morning children! How are you? What date is it today? What month is it now? How is the weather today?What is you favourite subject? Which plans where you leaving school? Сұрақтары арқылы оқушылардың тілдерін жаттықтырып, ойлар қабілеттерін дамыту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Primary school

Secondary school

Junior school

Infant school сияқты сөздерді еңгізе отырып, әрқайсына анықтама беру.

Look at the picture and say which subject you learning. Answer the questions.

Read the text "Schools in England" . Англияның мектептерімен танысып, Қазақстандағы мектептермен салыстыру. Айырмашылық мен ұқсастықтарын табу.

England school

Kaz. schools



V.Үйге тапсырма

Ex.5 Complete the sentenses.

№1 Күні: 3,09 2 сынып

Тақырыбы:Танысу.

Сабақтың мақсаты: «танысу» тақырыбы бойынша репродуктивті және рецептивті қарым-қатынасын қалыптастыру, есептік сан есім мен әліпбиді қолдануларын белсендіру.

Оқушылардың тілі дамыту. Әріптерді цифрларды ажырата білу. Мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым- қатынастарын қалыптастыру.

Көрнекілігі.: интерактивті тақта, карточкалар, диск, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Good morning,children!I'm glad to see you!

  • Good morning, teacher!

Сабақты "Good morning"өлеңінен бастауға болады.

2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

- Балалар , бүгін біз сабақта адамдар бір-бірімен ағылшын тілінде қалай амандасатынын және ағылшын әліпбиі мен цифрларын еске түсіріп, қайталаймыз.

Тірек білімдерін белсендіру.

-Сендер бір жасқа есейдіңдер және енді біз тағы да көптеген ағылшын сөздермен танысып, жазуды және оқуды үйренеміз.

Фонетикалық жаттығу. Мұғалім қарғаның даусын салып:

  • Бүгін біздің сабаққа танысымыз мистер вайс кроу келді. Онымен амандасайық.

  • [ei], [h], [w] әріптерін дұрыс айтуға үйренеміз.

Амалдар тәсілі мен жаңа білімді меңгеру. Оқулықпен жұмыс.

1жаттығу. Listen and repeat after the teacher. Диалогпен танысып, сұрақтар қойылады.

Жаңа құрылымдарды еңгізу.

Are you from England?

I am from Kazakhstan. Жұппен жұмыс. Оқушылар жаңа келген оқушыға сұрақтарды қояды.

Дәптермен жұмыс.

Ойын .мұғалім интерактивті тақтаға сандарды шашып тастап, оқушылар оларды рет-ретімен дәптерге жазады.

Сабақты қорытындылау.

Children, you work today was great! Балалар бүгін сендер барлық сандар мен әріптерді қайталадық . Бүгін сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық? Мұғалім әр оқушының еңбегін міндетті түрде бағалайды.

Lesson is over. Good -bye!







Дайындаған: Бигимбаева Рината Данияловна

Өлеңті жалпы орта білім беретін мектебі

Екібастұз қаласы

№ 2 2 сынып

Тақырыбы: This is my cousin.

Мақсаты: оқушылардың коммуникативтік кұзыреттілігін қалыптастыру, жаңа сөздікті, 20-ға дейін есептік сандарды еңгізу. Тыңдау дағдыларын дамыту, тақырыптық сөздіктің орфографиялық дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі: CDойнатқыш, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Good morning 6 children! I am glad to see you!

  • Good morning teacher!

2.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

  • Балалар , сендер өз ата- аналарының , аға -әпкелерін туралы әңгімелей аласыңдар. Ағылшын тілінде олар туралы қандай ақпарат бере аласыңдар? Керемет! Бүгін сабақта біз «Менің туыскандарым» тақырыбы бойынша көбірек білетін боламыз. 20- ға дейін санауды үйренеміз.

3.Тірек білімді белсендіру.

«Цифрлар» лексикалық ойын.

Мақсаты: 0-13 дейінгі есептік сандарды қайталау. Ойынның өту барысы. Оқушылар цифрларды шашыратып жазылған карточкаларды алады. Мұғалім сандарды бірінен соң бірін айтады, оқушылар айтылған цифрларды сызып тастауы тиіс.

4. Жаңа білімді меңгеру.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар , бізге Бен келді. Ол бүгін бізге ағылшын тілінде тақпақ айтып береді. Біз қайталап, барлық дыбыстарды анық айтуға үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім teenжұрнағына назар аудара отырып, 13 19 дейінгі сандарды жасалуын түсіндіреді. Диск тыңдалады. Мәтінді тыңдайды, түсінуге тырысады. Мәтінді суретпен салыстырып сипаттауға тырысады.

Do you have a cousin?

What's his /her name/

How old is he? Сұрақтарын еңгізіп, жұптық жұмыс ұйымдастырады.

Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.1,2,3,4, жаттығу орындалады.

Сабақты қорытындылау:

  • Балалар , сабақта жаңа не білдіңдер? Жұмыстарың өздеріне ұнады ма? Ойланып, осы сабақтағы жетістіктердің бағалаңдар. Жұмыс дәптерінде берілген символдарды бояйды.

Үйге тапсырма беру

5 жаттығу.







№4 күні 24.09 2 сынып

Тақырыбы. Ademy's birthday.

Сабақтың мақсаты: қарым-қатынас жағдаяты аясында репродуктивті дағдыларын қалыптастыру, өтілген лексикалық, грамматикалық материалдарды белсендіру, th әріп тіркесін оқу дағдыларын, орфографиялық дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын байыту, өзге ел мәдениетіне оң қарым-қатынас дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: CD ойнат қыш, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Good morning, children! How are you?

  • Good morning teacher! We are glad to see you to!

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, сендерге мерекелер ұнай ма? Сендер қандай мереке бәрінен артық жақсы көресіңдер? Не себепті?

Оқушылар өз жауаптарын айтады.

  • Шын мәнінде, туған күн сендердің және құрбыларыңның өмірінде көптен күткен күн және ең қуанышты. Бүгін сабақты біз осы ғажайып күн туралы сөйлесеміз.

Лексикалық ойын. Өткен лексиканы қайталауға арналған.

Жаңа білімді игеру.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, сбақта жаңа кейіпкер ағылшын сабағына келді.

[t], [th] әріптерін айтуды үйретеді.

Оқулықпен жұмыс.1 жаттығу. Listen and learn.

Берілген мәтінмен жұмыс істеу үшін, алдыңғы сабақтағы алгоритмді пайдаланамыз.

It's my birthday today. I'm 8 years. This present is for you.

Тыңдағаннан кейін мұғалім жаңа сөздерді суреттерді көрсету арқылы еңгізіп, бекітеді.

Дәптермен жұмыс орындалады.1,24 жаттығулары.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, бүгін сендер сабақта өте жақсы жұмыс істедіңдер. Бүгін біз қандай жаңа сөздерді жаттап алдық. Туған күнмен құттықтай аламыз ба? Оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.

  • Үйге тапсырма.

  • 4,5 жаттығулары.









Күні: 8.10 Сынып 2

Сабақтыңтақырыбы: This is my job.

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша қарым-қатынас жағдаятында коммуникативтік, репродуктивтік және рецевтивтік дағдыларын қалыптастыру, орфографиялық және фонематикалық естулерін қалыптастыру. Өз жұмысына және басқа адамдардың еңбегіне деген құрмет , жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: диск, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Good morning, children! How are you?

- Good morning, teacher! We are fine!

2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге Mr.Crow келді. Бүгін біз сендермен ана тіліндегі дыбыстарға жалпы ұқсас, бірақ бір айырмашылығы бар дыбысты айтып жаттығамыз. Бұл [u] дыбысы. Балалар қайталап айтады.

  • Жарайсыңдар балалар! Келесі дыбыс оо әріптік тіркес.

Оқулықпен жұмыс.

1 жаттығу. Жаңа сөздерді еңгізe7 a driver, a pilot, a cooker, a doctor.

Әр сөзді жеке-жеке қайталау. Суретпен жұмыс істеу. Түсінгендерін бекіту.

  • Балалар, үлкен болғанда кім болғыларын келеді. Бұл фразаны ағылшынша айтуды үйренеміз.

  • I want to be a pilot.

  • I want to be a cook.

Read, then say about yourself.

Дәптермен жұмыс істеу. 1,2 жаттығу.

Сабақты қорытындылау.

You work today was brilliant! Tell me please, what new words you have know at the lessons7 Good! Can you write new words.

Ал қазір смайликтер бар бетті ашыңдар да, өз жұмыстарыңды бағалаңда.

Үйге тапсырма.

5,6 жаттығу.











Күні:15.10 сынып 2

Сабақтың тақырыбы: We aren't a pilot.

Сабақтың мақсаты: грамматикалық материалды белсендіру, жаңа тақырыптық лексиканы еңгізу, орфографиялық дағдыларын дамыту.

Монологтік сөйлеу мәдениетін дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: диск, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Good morning, children! How are you?

  • Good morning, teacher! We are fine!

  1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, бүгін біз мамандықтар жөнінде сөйлесуді жалғастырамыз. Сонымен қатар етістікті осы шақта қолдануды үйренеміз. Бұдан басқа sh дыбысын айтуға үйренеміз.

Үй жұмысын тексеру. Мұғалім жұмыс дәптерінің 4- тапсырмасын тесереді. Суреттерді тақтаға іліп, оқушылардан ата-аналары әңгімелеуден өтінуге болады.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар [sh] дыбысын айтып, үйрету.

О0улы0пен жұмыс.

Жаңа сөздерді еңгізу a cleaner, works, throw rubbish. Оқушылар жазбаны тыңдап, естіген ақпаратты суретпен салыстыру тиіс. Жаңа сөздерді бекіту үшін мұғалім сұрақтар қояды.

Жаңа граматикалық материалды бекіту.

  • Балалар, жаңа ғана біз Әйгерім апа туралы әңгімені тыңдадық. Тағы бір рет тыңдап сұраққа жауап береміз. Мұғалім оқушылармен бірге сөйлемдерді дауыстап айтады.

Етістіктің формаларымен таныстыру.

We aren't a pilot. We are a cook.

Материалды бекіту .2 жаттығу. Сөйлемдерді аяқтау.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. 1,2,3, жаттығу.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, сендер бүгінгі сабақта өте жақсы жұмыс істедіңдер. Жұмысымызды қорытындылайық. Оқып үйренген тақырып бойынша не айта аламыз? Жарайсыңдар. Қазір смайликтерді алып, жұмыстарыңды бағалаңбар. Үйлеріңде ата- аналарына жетістік туралы айтыңдар. Өткен тақырыпты өз бетінше қайталаңдар.

  • Үйге тапсырма. 5,6 жаттығу.







Күні: 19.11 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Саған жарасады.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың монологтік және диалогтік сөйленімін қалыптастыру,brown,black,hair,long short жаң сөздерді еңгізу, бұрын үйренген сөздікті жағдаятта қолдану, тыңдау дағдыларын дамыту. Ағылшын тілге деген қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: CDо ойнатқыш, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Good morning, children! How are you?

-Good morning! We are fine.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, бүгін біз сендермен адамның сыртқы келбеті туралы сөйлесеміз. Өзіміз бен достарымыздың келбеті туралы сөйлесетін боламыз.

ІІІ. Тірек білімді белсендіру.

Flash words дидактикалық ойыны.

Мақсаты: брын үйренген лексиканы бекіту.

Тақтаға алдын ала жасалған 16 шаршыға: 4 шаршыдан 4қатар сурет жапсырылады. Бірінші топ нөл, ал екінші топ крест деп аталады. Әр топтан кезекпен бір оқушы шығады. Суретті атайды , егр сол дұрыс болса, мұғалім сол суретте нол немесе крест деп сызады. Жауап дұрыс емес болса сурет қайтадан бекітіледі.

ІV. Фонетикалыққ жаттығу.

Зейінге арналған ойын. Мен сендерді шатастырамын. Егер сендер [ai]

Деген дыбысты естісендер алақандарды соғасыңдар.

My, hit, bye, sell, eye, sky, fine.

Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім жаңа сөздерді еңгізеді. What colour is it? It is blond. It is black. What colour is your eyes? My eyes is green. What colour is your hair? My hair is black. I have a short hair. I have a long hair.

5 жаттығу. Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып, сыныпта бір оқушыны сипаттауды сұрайды, қалғандары тауып алуы тиіс.

Дәптермен жұмыс. Оқушылар сөз тіркестерін оқып суретпен салыстырады.

V. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабаққа қорытынды жасайды. Оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.

Үйге тапсырма.

5 жаттығу.











Күні: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері.

Сабақтың мақсаты: «Дене мүшелері» тақырыбы боййынша жаңа сөздерді еңгізу, This is…/ These are… құрылымының аясында зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдануды белсендіру, тақырыптық, лексикалық, орфографиялық дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: диск, көренкі материалдардың жинағы, оқулық, жұмыс дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Good morning! I'm glad to see you to! How are you?

- Good morning, teacher!

2.Сабақтың мксаты мен тақырыбын хабарлау.

- Балалар, біз өзіміз, туысқандарымыз, достарымыз туралы әңгімелей аламыз. Солай емес пе? Ағылшынша біз не айталамыз? Естеріңе түсіріңдер. Ал енді біз сыртқы келбетті сипаттауға үйренеміз. Бірақ, алдымен, қажет сөздерді жаттап алуымыз қажет. Бүгінгші сабақтың тақырыбы «дене мүшелері»

Мұғалім "body" сөздің мағынасын түсіндіреді.

  1. Тіре к білімді белсендіру.

«көбірек сөз» лексикалық ойыны.

Мақсаты. Бұрын үйренген тақырыптар бойынша лексиканы белсендіру. Сыныпты екі топқа бөліп, «с» әріпіне неғұрлым көп сөз келтіріп, тақтаға жазуы тиіс.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге бен досымыз келді. /е/, /i:/

Оқушылардан осы дыбыс бар сөздерді атауды өтінуге болады.

Оқулықпен жұмыс.

  • Балалар, Бен бізді бүгін жаңа сөздермен таныстырады. Look at the picture and listen to him.

a head, a shoulder, a hand, a knee, a leg, a toe.

This is a head. This is a shoulder. This is a knee.

Бекіту. Мұғалім сөздерді айтады, ал оқушылар суреттерді көрсетеді. Сабақта to be етістігінің формаларының қолдануына белгісіз а артикльнің жекеше түрінде пайдалануына және оның көпше түрінде жоқ болуына оқушының назарын аударған дұрыс.

2 жаттығу бекітуге арналған. 1 жаттығу дәптермен жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім қателерге назар аудармай, жеке тұлғаның өзін- өзі жетілдіруіне жағымды орта құрып, әр оқушының жұмысын бағалайды және сабаққа қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма:

5 жаттығу.







Күні: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің досымның отбасы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жаңа сөздікті, 20 -ға дейінгі сандарды еңгізу.

Present Simple шағында етістіктің болымды, болымсыз , сұраулы түрлерін сөйлемінде қолдануын белсендіру, тыңдау дағдыларын дапмыту.

Қөрнекіліктер: диск, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Good morning6 children!

- Good morning, teacher!

Cабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, сендер өз ата- аналарың, аға-әпкелерің туралы әңгімелей аласыңдар. Ағылшын тілінде олар туралы қандай ақпарат айта аласыңдар? Керемет! Бүгінгі сабақта біз « Менің туысқандарым» тақырыбы бойынша қөбірек сөзді жаттаймыз және 20-ға дейін санауды үйренеміз .

Тірек білімді белсендіру.

«Цифрлар» лексикалық ойын.

Мақсаты: 0-13- ке дейінгі сандарды қайталату.

Фонетикалық жаттығу.

  • Children, listen and repeat after me:

One little, two little, three little children

Four little, five little, six little children.

Seven little, eight little, nine little children

Ten little boys and girls.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар естіген ақпаратты берілген мәтінмен салыстырып, жаөбаны тыңдайды. Екінші тыңдалым барысында мәтінге сүйене отырып, диктордан кейін қайталайды. Көмек ретінде тақтаға сөздер жазылады.

Мәтінді тыңдап суреттермен салыстырады. Сұрақтарға жауап береді.

1,2,3 жаттығуларды орындайды.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, сабақта жаңа не білдіңдер? Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Ойланып, осы сабақтағы жетістіктеріңді бағалаңдар.

Үйге тапсырма

5 жаттығу.



© 2010-2022