Урок казахского языка на тему Астана

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының елордасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіздік, Қазақстанның астаналары туралы мәліметтерді жүйелеп,білімдерін кеңейту

Дамытушылық: сөйлеу, ой-қиялдау,топта бірігіп жұмыс жасау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік:. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы- Отанымыз үшін мақтан тұтуға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, сурет сабағы, музыка

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту, жұптық , топтық жұмыс, ақпараттық- компьютерлік технология /презентация/

Сабақтың көрнекілігі: презентация «Астана», карточкалар, ватман 3А, фломастерлер, түрлі -түсті қарандаштар, 8 сынып оқулығы

Сабақтың дәйексөзі: « Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанамыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан! Өз келешегіне бет алған тәуелсіз Қазақстан - бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақтанышымыз!» Н.Ә.Назарбаев

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Мұғалім: Сәлеметсіздер ме!

Қазақстан алтын ордам еңселі

Бірлігінің, теңдігінің өлшемі

Елдігімнің көк байрағын көтеріп

Мәңгі - бақи сүйіп өтем, мен сені

Гүл дала- Қазақстаным, - дей отырып оқушыларымды «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Бүгінгі «Шаттық шеңберінде» біз өз елімізді мақтан тұтанындарымызды білдіруге өтінемін.

1 оқушы Қазақ жері - кең-байтақ

2 оқушы Қазақ халқы -қонақжай халық

3 оқушы Қазақ жері тауымен, орман-көлімен көрікті

4 оқушы Қазақ стан - табиғаты таза ел

5 оқушы Қазақстан - берекелі ел

6 оқушы Қазақстан - болашағы жарқын ел

7 оқушы Қазақстан - көпұлтты ел

8 оқушы Қазақстан - ата-бабаларымыздың қасиетті жері

Бәрі бірге: Қазақстан -Тәуелсіз ел

Мұғалім : «жарайсың, жақсы, өте жақсы, дәл айттың, дұрыс айттың» деп формативті бағалау береді.

Сабаққа кіріспе. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аудару

«Сарыарқа» күйі музыкалық фон ретінде қосылады.

Мұғалім: Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Бүгінде біз ата-бабамыз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Биыл мемлекетіміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 25 жыл болады. Осы 25 жыл ішінде біздің елімізде қандай маңызды тарихи оқиғалар болғанын білу үшін «Тәуелсіздік бәйтерегің» жасайық. /оқушылар Тәуелсіз Қазақстан тарихында қашан, қандай болған оқиғалар жазылған гүлдер және жапырақтарды алып, оқып ағашқа жапсырады /

Тәуелсіз Қазақстан тарихының хроникасы

  • 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев сайлады.

  • 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы қабылданды.

  • 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңы қабылданды

  • 1998 жылы жаңа Астана еліміздің символына айналды.

  • 2002 жылы «Астана - Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

  • 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы ашылды

  • 2010 жылы Қазақстан туын көкке желбіреткен АЗИАДА Олимпиадасы өтті

  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті

Мұғалім формативті бағалайды.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

1.Сынып оқушылары алдын - ала жұпқа бөлінеді

«Астана қаласының тарихы» - диалог құрады 126 бет жұптық жұмыс

/8 сынып оқулығы авторлары С.Дюсебаев, Г. Байтелеуова, А.Қошқари Алматы 2012 жыл/

2.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің ережесін қайталайды.

3. үлестірмелі карточкалардағы тапсырма: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құра

  1. Астана қысы суық болады, ....... жазы ыстық. /бірақ/

  2. Біздің ауылымызда өзен бар, бірақ ....... /ол өте алыс жерде/

Мұғалім формативті бағалайды.

Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшу.

ІІІ.Жаңа сабақ: «Астана - Қазақстан Республикасының елордасы»

Мұғалім : Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы жылдар ішінде ең елеулі оқиғалардың бірі - Бас қала- Астана болуы. Қазақстанның тарихы, тәуелсіздігі, Астана туралы әңгімелей білу үшін біз келесі сынып жұмыстарын орындаймыз.

  1. Сөздік жұмыс: слайдтан жаңа сөздерді оқып қоғам, құрамы, көшу, өнер адамдары, музыка театры, кешен, мұражай, ғимарат, сәулет өнері, мәдени орталық, түсініксіз сөздерді жаздырту, оқыту, сөз тіркес, сөйлем құрастыру

  2. Сыныпты 2 топқа бөлу /2 түрлі кәмпиттер арқылы /. Оқулық бойынша жұмыс « Астана» мәтіні /126 бет, 8 сынып/ (мәтінді екі топ үшін бөліп беру)

1 топ мәтін үзіндісі :

Қай елдің болса да астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе-Ресей, Бейжің десе- Қытай, Лондон десе - Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.

2 топ мәтін үзіндісі :

Астана - болашағы үлкен қала. Ол әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауда- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт-дәстүрлерді білдіреді. Сондай-ақ қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның күш-қуатын, асыл құндылықтарын көрсетеді.

Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық - Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар да бар.

Астана қаласы - жаңа Қазақстанның белгісі.

Мәтінді тыңдау, оқу, талқылау.

ІҮ. Сабақты пысықтау:

  1. Мәтін бойынша тапсырмалар орындау

1.Тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру /1 топ үшін /

  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

  2. : Астана қаласы қандай өзеннің жағасында орналасқан?

2 тапсырма: Сөйлемдерден «дұрыс» «бұрыс» екенін анықтаңыз

/2 топ үшін /

Астана - болашағы үлкен қала. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық - Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар жоқ. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт-дәстүрлерді білдіреді.

Сергіту сәті «Қызыл өрік » музыкасына салынған презентация бойынша жаттығу жасалады.

2.Шығармашылық жұмыс. «Болашақ Астана» сайысын өткізу. Әр топ болашақта Астана қаласын қандай болатынын елестетіп, Астана жобасын жасайды. Ол үшін презентация бойынша берілген сұрақтар қамтылуы тиіс.

1.Қалада ғимараттар қалай орналасқан? Олардың түрі, көрінісі қандай?

2. Көлік және жаяу жүргіншілер жолдары қанжай?

3. Көліктің түрлері қандай болғаны жөн?

4. Қоршаған ортаны сауықтыру мәселесі қалай шешіледі?

3 «Болашақ Астана» жобасын дайындау жұмыс барысында / Қ.Нұртастың орындауында «Жаса, Қазақстан» өлеңі қосылады./

Әр топтан спикер дайындалып, жоба қорғалады.

Ү. Сабақты қорыту. Бүгін сабақта не үйрендік? Не білдік? Өз ой-пікірімен бөлісу үшін 2 топ бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа қарсылықты салалас құрмалас сөйлем түрінде жауап берулері керек.

Ой толғаныс сәті: Түрлі-түсті стикерлерге Астан қаласына, бір-бірлеріне тілек тілеп, оқып өз қала жобаларына жапсырады.

ҮІ. Үйге тапсырма: 132 бет «Алматының даму шежіресі» мәтін бойынша сұрақтар құру

ҮІІІ. Бағалау. /оқушылардың белсенділігі бойынша суммативті бағалау/

/ «Бақыт үні» атты домбра әуені қосылады/ Елбасымыздың портреті, сөздері жазылған слайд көрсетіледі.

Мұғалім: Сабақты Елбасымыздың сөздерімен аяқтағым келеді: « Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанамыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!

Өз келешегіне бет алған тәуелсіз Қазақстан - бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақтанышымыз!

Қоштасу.


© 2010-2022