Оқу мтен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Бекітемін Мектеп директоры:______ Асилбекова А. Мектебі: №8 Н. Төреқұлов атындағы ЖОМ Мұғалімі: Шерубаева Майра Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4б Мерзімі: 11. 03.2014 Сабақтың тақырыбы: Сурет көрмесінде                   Сабақтың мақсаты: Сурет көрмесі  туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінде сөздік қорларын молайту. Табыс критерийлері:       1.Көрмедегі экскурсоводтың  қызметі жайлы ұғындыру.                                           2.Қазақтың тұңғыш қылқалам шебері Ә.Қастеев ғажайып                                                 туындыларымен таныстыру.                                            3. Сурет өнеріндегі пейзаждың түрлерін ажырата білдіру.                                              4. Өнерге, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.                             Оқып үйренудің     нәтижесі:    Сурет көрмесі  туралы түсіне отырып, қазақ тілінде сөздік қорлары молаяды. Дерек көздер:  оқулық, ғаламтор,әдістемелік кітапшалар. Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер,слайд,стикерлер,үлестірмелі қағаздар,бағалау    парақшасы.         Мұғалімнің іс-әрекеті     Оқушының іс-әрекеті   Күтілетін нәтиже   Уақыт   1.Ұйымдастыру кезеңі          Дауысты,дауыссыз                   дыбыстар құрамына қарай екі топқа бөледі,алған дыбысына талдау жасатады. Оқушылар 1- топ дауысты, 2- топ дауыссыз  дыбыстар болып 2 топқа бөлінеді,қолдарындағы дыбыстарға талдау жасайды. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптастып,топқа бөлінуді үйренеді.   2мин    2.Үй тап...                             Оқушының аты-жөні №1 №2 №3 №4 №5
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түркіс тан қаласыОқу мтен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Н. Төреқұлов жалпы орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі

Шерубаева Майра



Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Орташа мұғалім - баяндайды.

Жақсы мұғалім -түсіндіреді.

Тәжірибелі мұғалім-көрсетеді.

Ұлы мұғалім-шабыттандырады.

Улим Ворд.

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан курс тиімділігін естісімен өзге ұстаздар қатарында мен де өз біліктілігімді арттырып, шеберлігімді шыңдау мақсатында осы курсқа бет алдым. Қазақ елінің болашағы - бүгінгі мектеп түлектері. Демек, олардың қандай азамат болып шығулары - мектеп қабырғасында қаланады, олардың дұрыс бағытта болуы - бүгінгі педагогтардың негізгі міндеті. Менің жаңа формация педагогі ретінде калыптасуым үшін,ең алдымен өзімді ретке келтіру керектігіне көзім жетті. Біріншіден өзім сыни тұрғыдан ойлануға үйреніп, жалпы оқу процесіндегі өзгерістер маған жақсы әсер еткеніне сенімді болсам, екіншіден мәдениетті болуыма әсер етті. Дәстүрлі сабақпен қазіргі сабақты салыстыра отырып, өз қателіктерімді жоя бастадым . Уақыт зымырап тез өтіп кетеді. Алдағы уақытта мектепке барғанда, жеті модульді сабақтарымда кеңінен қолдансам, менің өзгерісім оқушыларға ұнайды деп білем. Нәтижесінде балалардың сабаққа белсенділігі арта түссе, бір-бірін бағалауды үйренсе, өз ойларын еркін жеткізуге үйретсем, диалогтік оқытуды кеңінен қолдансам ,жұппен,топпен,жұмыс істеуге үйретсем нұр үстіне нұр боларына сенімдімін. .

Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,оқушылардың шығармашылық қасиеттерін,қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырамын. Мен үшін оқушылардың ойын дамыту, белсендігі мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану - менің шеберлігімді шыңдау, біліктілігімді арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Кейбір жалықтыратын сабақтарды қызықтыра өткізу немесе кездескен кез-келген кедергілерді сыни көзқараспен қабылдап, оны шешудің жолдарын таба білуге дағдыландыру, яғни шешілмейтін мәселе болмайтынына көздерін жеткізу. Әрине, мұндай жұмыстарды тиімді етіп ұйымдастыру үшін көп уақыт қажет. Алайда жақсы нәтиже көрсетіп жатса, еңбегіңнің зая кетпегеніне іштей қуаның белгілі емеспе.

© 2010-2022