- Преподавателю
- Иностранные языки
- Конспект урока Жаз 7 класс
Конспект урока Жаз 7 класс
Раздел | Иностранные языки |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Касиева А.Ж. |
Дата | 13.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Пәні: Қазақ тілі | Күні: | Сыныбы: 7 (орыс тілді мектеп үшін) | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Жаз мезгілі -демалысқа қолайлы кез | ||||||||
Сілтеме | Қазақ тілі. Орыс тілінде білім беретені мектептің 7- сыныбына арналған оқулық ; Артықова Т.М., Ермекбаева Г. «Атамұра», 2012 ж. | ||||||||
Мақсаты
| Мақсаты: білімділік:сөз таптарынан алған білімдерін толықтыру, жазғы демалыс тақырыбында лексикалық сөздік қорын молайту дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру тәрбиелік: 1. Сабақ үстінде оқушыларды ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу. 2. табиғатты құрметтеуге бейімдеу | ||||||||
Күтілетін нәтижелер
| Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді . | ||||||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Қоршаған орта, экология | ||||||||
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ | ||||||||
Керекті жабдықтар
| Оқулық, семантикалық карта, кеспеқағаздар, маркер т.б. | ||||||||
Сабақтың барысы: | |||||||||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||
Кіріспе
| 1 мин
3 мин | Ұйымдастыру Психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық! 2.Үй тапсырмасын тексеру. 65-бет, 4,5-тапсырмаларды орындау
| оқушылар 1-4 санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
| ||||||
Тұсаукесер
| 2 мин | «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді Жазды қалай өткіздіңдер? | Өз ойларын ортаға салады | ||||||
Негізгі бөлім Білу | 5 минут | Сөздік жұмысын жүргізу:68-бет, мәтіннен жаңа сөздрді тауып, аудару, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру | 1.Оқулықпен жұмыс, 68- бет. | ||||||
Түсіну
| 5 мин
| Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.«Мағынаны тану» 1.Оқулықпен жұмыс « Жаз » мәтінін оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу. Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі. Тақырыбы: демалыс. Идеясы: табиғатты қорғау
| Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
| ||||||
Қолдану
| 5 мин
| Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу. А.1-тапсырманы орындау; оқу, сұрақтарға жауап беру Ә. мәтіннен сын есімдерді теріп жазу. | Дәптерге берілген тапсырмаларды жазады. | ||||||
Сергіту сәті
| 2 мин | Кәне, кәне, тұрайық! Алға, артқа бұрылайық. Ағаштар секілді тербелейік, Самал желдей соғайық. | Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату. . | ||||||
Талдау
| 5 мин | Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру. «Ойтолғаныс» кезеңі «Бес жолды» өлең құрастыру. « Жаз»
| Бұл ойынды ойнату арқылы оқушылар өлеңнен өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды. Синквейн құрастырады. 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Фраза 5.Зат есімге синоним | ||||||
Жинақтау
| 8 мин | Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау Әр топ отбасының суретін салып, өз ойларымен бөіседі | Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды. | ||||||
Қорытынды Рефлексия | 6 мин | Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Не білдім? | Не ұнады? | Сабақтан алған әсерім | |||||
|
|
|
Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
Үйге тапсырма
1мин
69-бет, 4 -тапсырма бойынша қысқа мәтіндер құрастыру
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
2 мин
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.