Табиғаттағы өзгерістер. Сөз құрамы

Урок был проведен на районном семинаре  по теме "Критическое мышление на уроках". Урок был подготовлен в соответствии с программой обучения. На уроке были применены технологии обучения по программе обучения Кембриджского университета. Использованы семь модулей обучения данной программы: развитие критического мышления, применение новых подходов в бучении, оценивание для обучения и оценивание обучения, обучение в соответствии с возрастными особенностями учащихся, лидерство в обучении, использовани...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы өзгерістер. Сөз құрамы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Күз» тақырыбына байланысты алған білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сөз құрамына талдауға жаттығу. Сауатты жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ құралдары: интербелсенді тақтаға күз тақырыбына байланыстты суреттер,смайлик, стикер, маркер, парақша.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Шаттық шеңбер құру.

  3. Сөздік жұмысын жүргізу. Диалог.

  4. Жаттығу жұмыстары.

  5. Бейнекөрсетілім бойынша «Бір айналым жол».

  6. Кері байланыс.

  7. Өзін және сыныптасын бағалау.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Түрлі түсті жапырақтар тарату арқылы топқа бөлу.

Шаттық шеңбер құру.

Үй жұмысын тексеру: « Жаңбырдан соң» өлеңін жатқа мәнерлеп айту.

Ой шақыру:

Самал қоғап қалғанда

Үзіледі сары алма.

Шолып едім бақшаны.

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

Таза жездей жайнаған.

Сары бояу айналам.

Мағынаны тану.

Лексикалық тапсырмалар.

  1. Сурет бойынша сөздік жұмысын жүргізу. Диалог.

Әр топқа сюжетті сурет ұсынылады. Сурет бойынша неғұрлым көп сөз жазу керек. Сол сөздерді қатыстырып диалог құрады.

  1. Грамматикалық тапсырмалар.

Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Ағаштардың,құстары,күзгі,қолшатырдың,аспанда.

2 топ тапсырмасы:

Берілген түбір сөздерге сәйкес келетін қосымшаларды жалғау.

Жаңбыр -ты

Көкөніс -дер

Бұлт -гі

Өнім -тер

Күз -та

Табиғат -лы

3 топ тапсырмасы:

Мына сөздерден негізгі түбір мен туынды түбірді тауып, екі бағанаға бөліп жазыңдар.

Бақ, көмекші, жапырақ, бақша, диқан, оқушы, ағаштар,молшылық,өнім.

4 топ тапсырмасы:

Мына сөздерге жұрнақтарды жалғау арқылы туынды түбір жасаңдар.

Біл, бас, өнер,ас, көр, сурет.

Бейнекөрсетілім бойынша «Бір айналым жол»

Кері байланыс.

1 және 2 топтары: «1 сурет 5 сөз»

3 және 4 топтары:ВЕНН диаграммасы.

Бағалау: Өзін және сыныптасын бағалау.

Үй жұмысы: «Табиғатты өзгерістер» эссе жазу.



© 2010-2022