Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 18.12.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ақселеу Сейдімбек «Әйел -Ана» ертегісі

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Ақселеу Сейдімбектің туған жері қай жер? (өмірбаяны туралы мәлімет айту)

2. «Әйел-Ана» ертегі әңгімесін түсініп оығандарыңды баяндаңдар.

3.Автор «Күншуақ елі » дегенде сенің көз алдыңа қай ел елестейді?

4.неге?

5.Қиын жағдайдан елді кім құтқарды?

6.Әйел Анаға көрсетілген құрмет туралы сенің оййың қандай?

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру:Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен Баха»

1. Мысалдар туралы түсінік.

Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндщіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы

Туған кездегі есімі:

Ахмет

Қызметі:

ақын, әдебиетзерттеушіғалым, түркітанушы,публицист, педагог,аудармашы, қоғам қайраткері

Туған күні:

5 қыркүйек 1873 жыл

Туған жері:

Ақкөл (Сарытүбек) ауылы,Жангелді ауданы, Қостанай облысы

Қайтыс болған күні:

8 желтоқсан 1938 (65 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы

Әкесі:

Байтұрсын Шошақұлы

Анасы:

Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:

Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:

Аумат, Қазихан, Шолпан

Марапаттары:

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

«Өгіз бен бақа» мысал өлеңін мәнерлеп оқу.

Мысалға композициялық жоспар құру.

1

Оқиғаның басталуы:

Өгіздің көлге келуі.

2

Байланысы:

Бақаның өгізді күндеуі.

3

Дамуы:

Мақтаншақ бақаның жолдасымен пікірлесуі

4

Шиеленісуі:

Бақаның өгіз сияқты болуға тырысуы

5

Шарықтау шегі:

Бақаның ісініп-қабынуы

6

Оқиғаның шешімі:

Бақаның жарылып өлуі

7

Автордың түйіні:

«Әлін білмегене әлек»

Суретпен жұмыс:

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» (5 сынып)

Өгіз бен бақаның суретін көрсету.

  • Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.

  • Мысалды мәнерлеп оқу.

  • Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

  1. Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.

  2. Көрсеқызар бақа.

  3. Бақаның қарнын керуі.

  4. Бақаның жарылып өлуі.

  5. Әлін білмеген әлек.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  • Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?

  • Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс - тәсілдерді пайдаланған?

  • Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.

«Қарама қайшылықты сипаттама»

Кейіпкер

Мінезі

Іс-әрекеті

Мақал-мәтел

Бақа

Өгіз


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.


© 2010-2022