Урок по казахскому языку на тему Тазалық 5 класс

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

15.09.2015.

2-күн

2-сабақ

Сыныбы

5 « » сыныбы

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Тазалық

Мақсаты:

А.К.Т ны пайдалана отырып,жаңа сабақты меңгерту. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып,жас ұрпаққа тазалық, денсаулық туралы түсінігін кеңейту, өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Ассоциация,диалог әдістерін қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және жиынтық бағамен бағалау.


Сілтеме

5-сыныптың оқулығы, тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.

Оқыту нәтижелері

Зат есім туралы білімдерін бекітеді. Тазалықты сақтап, ұқыпты болуға қалыптасады. Денсаулықтың қымбатылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы байлық екенін түсінеді.Сөздік қоры дамиды.

Сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамытады.

Бір-бірін тыңдайды, кеңес береді.

Сөздерді дұрыс құрастыра алады.

Сөйлемдер құрап біледі.

Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра алады.

Негізгі идеялар

Таза болса деніміз, сұлу болып өсеміз. (мақал-мәтел) Тазалық - денсаулық кепілі.

Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстыра алуы.

Сөйлеу мәдениетін диалог әдісі арқылы қалыптастыру.

Тапсырма көздері

  1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.


2. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерден сөйлемдер құрау.

3. « Тазалық» өлеңін мәнерлеп оқып, түсінгендерін айту. Сұрақтар бойынша өз пікірлерін айту.

Әр топқа тапсырма.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

  2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

  3. 3-тапсырма. Жалқы есімдерді қатыстырып, тиісті жалғауларын жалғап, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.

  1. Сабақты бекіту. Жақсы мен жаман баланы салыстыру, бекіту.

Жақсы бала Жаман бала

Тазалық - денсаулық кепілі. Адам өз денсаулығын күтпесе, оған ешқандай дәрігерде де, дәрі де көмектесе алмайды. Тамақты уақытылы ішіп, денешынықтыру жаттығуларын жасап тұру керек. Сонда ғана еркін, денсаулығы мықты, елінің мұраттарын іске асыратын салауатты азамат болып өсесіңдер.

Міндеттері

Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіну. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, мәдениетті сөйлеуге, әңгімелеуге икемділігін дамыту.

Кейінгі тапсырмалар

4-тапсырма. « Үйде анама, әкеме беретін көмегім» деген тақырыпқа үйде істейтін жұмыстарын тізіп жазу.

Кері байланыс

Мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбасы



© 2010-2022