Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт тақырыбындағы сабақ

7 «Б» сыныбында өткізілген сабағым жақсы өтті. Жоспарлаған әдістерім мен тапсырмаларым толық іске асырылды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі, қай тапсырманы да ынтымақта, ықыласпен орындады. Ортақ сұхбат, өзін-өзі реттеу, ЖАДА т.б. жаңаша оқытудың тәсілдері көрініс тапты.Не сәтті өтті?«Джиксо» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау ойдағыдай өтті. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз бетінше материалды игерді. Топ мүшелері өздеріне үлестірілген мәтін бөлігін талқылады, аударды, жаңа сөздердің мағынасын та...
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

25.02.2015 7 сынып қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт

Сабақ мақсаты:оқушылардың тақырыпқа сәйкес сөйлеу әрекетін дамыту; өз бетінше оқу, есте сақтау, сұрақтар қою, жоспар құру, деректерді анықтау т.б. сияқты тапсырмаларды орындау арқылы сыни ойлауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже:топта ынтымақтастықпен жұмыс жасайды, бірін - бірі реттейді, сыни ойлай отырып сыныптастарын бағалайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, артық сөзді тап, Мозайка, сауалнама.

Көрнекілігі: үстел нөмрлері, нөмірленген бейджиктер, FILA кестесі, Сауалнама, стикер;

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгелдеу.

Кезекші есебі.

1 мин

Үй жұмысын тексеру

Топтық жұмыс берілген.

Топтық жұмысты бағалау

І топ Қазақстан чемпиондары туралы мәлімет дайындайды.

ІІ топ Футболшылардан сұхбат алады.

ІІІ топ Спорт туралы крассворд дайындайды.

6 мин

Қызығушылығын ояту.

-Шахмат ойыны неге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?

-Балалар арасында Шахматтан әлем чемпионы?

Шахматшы Жансая туралы мәлімет алады.

2мин

Мағынаны тану.

Тапсырма. Артық сөзді тап.

1.Драма театры, қыр мұрынды, кешке дейін, он бес, сенімді;(тіркесті сөздер ережесі)

2. Алтыншы, алғашқы, бір мың тоғыз жүз қырық бесінші, оныншы; (реттік сан есімдер ережесі)

3.Сөйлесті, жинасты,айтты,күресті, жұптас(ортақ етіс ережесі)

4.Экология, квадрат, әнұран, әуежай,оптика, ағаш (термин сөздер ережесі)

Тапсырма. Мозаика

1.Топтарға «Шахмат әліппесі» мәтіні бөлініп беріледі. Оқиды, талқылайды, өзіне қажет жерін түртіп алады.

2. Жаңа топ құрап, өз мәтін бөліктерін әңгімелейді.

3.Топ мүшелері өзінің бастапқы тобына оралады. FILA кестесін толтырады.

4.Топтық жұмысымен таныстырады.

5. Бағалау








  1. Оқушылар топқа бөлінеді.

Ақ түсті бейджиктер №1,№2,№3,№4,№5

Сары түсті: №1,№2,№3,№4;№5

Қызыл түсті: №1,№2,№3,№4;№5

Жасыл түсті:№1,№2,№3,№4;№5

2.Топ басшысын сайлап алады, топбасшысы бағалау парағына белсенді қатысқан оқушыларды белгілеп отырады.

3.«Артық сөзді» тауып, ережелерді айтып береді.



Тапсырма.

1.Берілген мәтін бөлігін талқылайды.

2.Жаңа топ құрайды. Әрқайсысы өз мәтін бөлігін түсіндіреді.

Ақ түсті үстелге №1-лер келіп отырады.

Сары түсті үстелге №2-лер

Қызыл түсті үстелге №3-тер

Жасыл түсті үстелге №4-тер

Нөмірсіз үстелге №5-тер келіп отырады.

3.Өз тобына қайта оралып FILAкестесін толтырады. (қосымша 1)

4.Топ мүшелерінің біреуі топтың жұмысымен таныстырады.

5. Төрт топ бір бірінің жұмысын бағалайды.

4мин







20мин













Рефлексия.

Рефлексивті экран

5мин

Бағалау.

Топтық жұмысты бағалау

2мин

Үй тапсырмасы

170бет 1-тапсырма

1мин












І топ

Шахмат ойыны - адамды оймен жұмыс істеуге итермелейтін қызықты әрі қиын ойын.

Шахмат бұдан бір жарым - екі мың жылдай бұрын пайда болған. Шахматты «Чатуранга» деп атаған, оны төрт адам ойнаған. Бұл сөз үнді тілінде төрт мүше дегенді білдіреді.Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Тибетке, Малайзия аралдарына, Иранға тараған. Одан кейін көршілес Шығыс елдеріне, Орта Азияға да белгілі болған.

ІІ топ

VIII ғасырда алғаш шахмат жөнінен теориялық еңбектер жазған арабтар болған. Олардың қосқан жаңалығы - ойынның атын өзгертіп, төрт адамның орнына екі адам ойнайтын тәртіп қалыптастырады. Әрі король фигурасының бас уәзірі ферзіні енгізеді.

ІІІ топ

Шығыста ел билеушіні шах деп атайды. Ал «мат» - «өлді» деген сөз екен. Сонда шахмат сөзін «қарсылас шахына» өлім келсін деген мағына береді. Мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Армияларының әрқайсысында 8 пешка, 2 ат, 2 ладья, 1 ферзь, 1 король болады.

ІV топ

Шахмат бойынша әлем чемпиондары А.Алехин, Т.Петросян, А.Карпов, Т.Каспаров, Б.Фишер, т.б.

Қазақ жастарының арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер - Болат Асанов. Ол бұл атаққа 1994 жылы ие болды. Б.Асанов әлем чемпионы М.Ботвинниктің шахмат мектебінде жаттыққан. Ол көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан.



Бағалау парағы

Оқущының аты-жөні

Үй жұмысы

Артық сөзді тап

Мәтін мазмұнын айту

FILA кестесі

Қорытынды баға




Топтағы ең белсенді болған оқушы:













Рефлексия

7 «Б» сыныбында өткізілген сабағым жақсы өтті. Жоспарлаған әдістерім мен тапсырмаларым толық іске асырылды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі, қай тапсырманы да ынтымақта, ықыласпен орындады. Ортақ сұхбат, өзін-өзі реттеу, ЖАДА т.б. жаңаша оқытудың тәсілдері көрініс тапты.

Не сәтті өтті?

«Джиксо» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасау ойдағыдай өтті. Бұл әдіс арқылы оқушылар өз бетінше материалды игерді. Топ мүшелері өздеріне үлестірілген мәтін бөлігін талқылады, аударды, жаңа сөздердің мағынасын тапты. І турда, ІІ турда әр оқушы өздеріне тиісті сабақ мазмұнын айтып, әр оқушы бағаланды. Сын тұрғысынан ойлана отырып «ең жақсы сөйлеушіні» өздері анықтады. Бұл жерде жеті модуль идеяларының барлығы қолданылды деуге болады: диалогтік оқыту, СТО, бағалау, көшбасшылық, жас ерекшеліктері, дарынды және талантты балалар т.б.

Топтық үй тапсырмасын қорғау, «артық сөзді тап», FILA кестесін толтыру, рефлексивті экран секілді сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдандым. Оқушылар қызығушылықпен бұл тапсырмаларды орындады. Ең бастысы жоспарланған іс әрекеттер толық қырық бес минут уақытты қамтыды.

Не сәтсіз болды?

Джиксо әдісіне байланысты төрт топ құрылып, әр топта нөмірленген бес оқушыдан отыруы тиіс. Екінші айналымда оқушылар өз өміріне сәйкес басқа оқушылармен топтасуы керек және әрқайсысы мәтін бөлігін баяндауға тиіс. Алайда үш оқушының сабаққа келмеуіне байланысты екінші айналымда кейбір топта толық мәтін мазмұнымен таныса алмады.

Менің сүйенетін күштерім...

Оқушыларымның қазақша сөйлеуге деген талпынысы, өз қателерін өздері көріп, түзей білуі мені қуантады. Сабағымды жетілдіруге, жақсартуға мүмкіндік береді.

















Анкета .

1.Сабақта мен .... жұмыс жасадым. (белсенді-нашар)

2.Сабақтағы өз жұмысыма ... . (ризамын-риза емеспін)

3.Сабақ маған ... болып көрінді. (ұзақ-қысқа)

4.Сабақ барысында мен ... .(шаршап кеттім-шаршамадым)

5.Менің көңіл-күйім ... . (жақсарды-түсіп кетті)

6. Маған сабақ материалы ... (түсінікті-түсініксіз) , (пайдалы-пайдасыз), (қызық- іш пыстырады), (оңай-қиын)

Рефлексивті экран









Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт тақырыбындағы сабақШыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт тақырыбындағы сабақ

Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт тақырыбындағы сабақШыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт тақырыбындағы сабақ


© 2010-2022