Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 9-сыныбына арналған Әл-Фараби шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы сабағы

Сабақтың мақсаты: Әл-Фараби туралы ойларын тереңдету, шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу. Сабақтың міндеттері: -оқушылардың ежелгі дәуір, орта ғасыр әдебиеті өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, -ой-өрістерін дамыту, ойлануға, қорытынды жасауға дағдыландыру, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, шығармашылық жұмыстарына баулу. -оқығандарын ортаға салып, өз ойын тұжырымдай білуге үйрету, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру....
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті. 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы.

Сабақтың мақсаты: Әл-Фараби туралы ойларын тереңдету, шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушылардың ежелгі дәуір, орта ғасыр әдебиеті өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту,

-ой-өрістерін дамыту, ойлануға, қорытынды жасауға дағдыландыру, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, шығармашылық жұмыстарына баулу.

-оқығандарын ортаға салып, өз ойын тұжырымдай білуге үйрету, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

Түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтада бейнеленген ақынның портреті, Отырар қаласы орнының суреті, карта, тірек-сызбалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой қозғау, мақал- мәтел таңдап айта білу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Мұғалім сөзі: Біздің еліміз қалай аталады?

Қазақстан қандай мемлекет?

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл болады?

Дүние жүзі танып отырған мәртебесі биік атамекеніміздің тарихы бар ма?

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 9-сыныбына арналған Әл-Фараби шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы сабағы

Қазақ елінің көне тарихы

болғанына нелер дәлел бола алады?

Қазақ елінің елдігін, мемлекеттігін кімдер сақтап қалды?

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 9-сыныбына арналған Әл-Фараби шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы сабағы


Тарихи тұлғалар

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 9-сыныбына арналған Әл-Фараби шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы сабағы

Тарихи тұлғалар қандай адамдар болды?


Жаңа сабақты меңгерту: Бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халықтардың көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер, қазақ топырағынан шыққан данышпан перзент, әдебиетімізді, мәдениетімізді рухани жағынан байытқан Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына арналады.

Әл-Фарабидің портреті

-Әл-Фараби қай жылы туды?

Ол қай дәуірде туды? Қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін есімізге түсірейік.

І. Ежелгі дәуір әдебиеті (VI-IX ғ)

ІІ. Орта ғасыр әдебиеті (X-XIVғ.)

ІІІ. Жыраулар поэзиясы (XV- XVIIIғ.)

ІV. ХІХ ғасыр әдебиеті

V. ХХ ғасыр әдебиеті

VI. Қазіргі қазақ әдебиеті

Отырар қаласының орны

Әл-Фарабидің өмірбаянын мына кесте бойынша айтып беріңдер.

Әл-Фараби

Кім?


Туған

жері

Білім алған жері

Еңбектері

Өлеңдерінің тақырыптары







VIII-Х ғ.ғ. Қазақстан және Орта Азияда ғылым мен мәдениеттің Қайта Өрлеу дәуірі болды Әл-Фараби бұрынғы грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің ілімдерін терең талдап көрсеткен. Әл-Фараби өзінің өте көп ғылыми философиялық трактаттарын жазып қалдырған бүкіләлемдік данышпан ойшыл. Сөйтіп философия тарихында Аристотельден кейінгі Екінші Ұстаз атанды.Ол өмірінің соңғы кезеңін Сириядағы Шам (Дамаск) қаласында өткізді.

Өлең мазмұны бойынша түсініктеме сөздер.

қашықтасың - алыстасың

жанарым - көзім

кері оралмай - кейін қайтпай

пенделіктен аулақ - жамандықтан аулақ

ғұмыр -өмір

кілең күн - барлық өмірін

ұлы мұрат- ұлы мақсат

жаратқан - құдай, алла

жылдарым жатыр ағып - жылдарым өтіп жатыр

жүректің оты молында - жастық шағыңда

тылсым түн - тыныш түн

аймалады - құшақтады, сүйді

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендерін айтып береді.

Өлең мазмұны бойынша жұмыстар.

1.Ғұламада лирикалық сарында жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер көп.

Фараби де адам, пенде, оның да алыста ел-жұрты, ауыл-аймағы бар.

Сол сағынышын қай өлең жолдарынан көруге болады?

Қашықтасың туған жер- қалың елім...

2.Алыста жүріп туған жерін сағынып, аңсап жазған қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер?

(М. Жұмабаев «Сағындым») 1 оқушы жатқа оқып береді.

3.Әл-Фараби:

«...Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түңіледі...»,-деп білімсіз бола тұра әкім, бастық болуға таласатынын айтып күрсінсе,

Абай:

«...Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім...», немесе

«...Ойында жоқ Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат болу бәрінде ой...» - деп, баласын бастық болсын деп емес, білім алсын, халқына пайдасы тисін деп бердім дейді.

4. Фараби табандылық, адалдық, өнеге-білімді жоғары ұстайды. Осы өлең жолдарын тауып көріңдер.

Бұл ғұмырда құрыштай бол төзімді...

5.Келесі шумақтардан эпитеттерді табыңдар.Эпитет деген не?

Эпитет - ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану

Тамылжыған бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

Бал тыныштық, тылсым түн, аққан жұлдыз, нұрлы бейне, ғажап сәуле- эпитеттер

Ой жарығы - метафора

Жарық аймалады - кейіптеу

Ілгерілей қалыптасқан игерім деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1. Сұрақтарға жауап бер.

1. Әбу Насыр әл-Фараби кім?

2. Ол қайда білім алды?

3. Ол қандай еңбектер жазып қалдырған?

2. Өлеңнен төзімділікті, шындықты дәріптейтін өлең жолдарын тауып жаз.

3. Әл-Фараби туралы қандай аңыз білесің, айтып бер.

4. Кестені толтыр.

Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы

пікір

Мазмұны сәйкес мақал-мәтел

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

5. Салыстыр, өз ойыңды білдір.

Әл-Фараби қағидасы

Абайдың 34 қара сөзі

«...Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы қайырымды болады. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді....»

«...Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көзалартпастық лайық па?...»

6. Өлеңнің 3-бөліміне сатылай кешенді талдау жаса.

Поэзияны сатылай кешенді талдау.

Бауырым қанша сүйгенмен...

1.Авторы. Әбу Насыр әл-Фараби

2.Тақырыбы - бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл әдеби шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз - белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.

3. Жанр түрі - поэзия(өлең), ол дегеніміз - белгілі бір өлшеммен, ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі

4. Идеясы - адамгершілік қасиеттерді адам бойына дарыту.

5. 3 шумақ. Шумақ - бұл аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. 12 тармақ. Тармақ - бұл өлеңнің әр жолы.

7. 2 бунақ. Бунақ- бұл белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. 7-8 буын. Буын- сөздегі дауысты дыбыстардың санына қарай анықталады.

9.Аралас ұйқас. Ұйқас - бұл соңғы сөздері бір-бірімен үндес, дыбыстары да бірегей жақын.

10. Әдеби теориялық ұғымдар.

а) Эпитет - бұл ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану.

Ұлы мұрат.

11. Түсіндірмелі сөздік.

Жүректің оты молында - жастық шағында.

12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:

Өмірдің мәні және адамгершілік қасиеттерге, отансүйгіштікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу..

Сабақты қорытындылау: Әбу Насыр әл-Фараби сияқты ғұламалардың мол мұрасы ұлтымыздың асыл қазынасына айналып отыр. Еліміздің ел болып қалыптасып дамуына, қазіргі жетіп отырған жетістіктерімізге олардың сіңірген еңбегі көп. Ендеше сендер де осындай адамдардан үлгі алып, еліміздің жақсы азаматтары болып өсулеріңе тілектеспін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1) өлеңнен үзінді жаттау.

2) өлеңнің 2-ші бөліміне сатылай кешенді талдау жасау.

3) Әл-Фарабиге хат жазып келу.





© 2010-2022