Доклад по английскому языку на тему «АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып шет тілін оқыту»

«АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып шет тілін оқыту»Мақсат: Оқушылардың,студенттердің шығармашылық әлеуетін ,коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды және сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту үшін ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың шет тілін оқыту қолданудың тиімді жолдарын меңгеру.   Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мүндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орал гуманитарлық-техникалық колледж






БАЯНДАМА

Тақырыбы: «АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып шет тілін оқыту»



Дайындаған: Ф.Н.Макашева




Орал 2014


Ақпараттық коммуникациялық технология мүмкіндіктерін пайдаланып шет тілін оқыту.


Мақсат: Оқушылардың,студенттердің шығармашылық әлеуетін ,коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды және сараптамалық -зерттеу қызметі дағдыларын дамыту үшін ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың шет тілін оқыту қолданудың тиімді жолдарын меңгеру.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мүндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудің ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

1.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оның негізгі ұғымдары.Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті.Олай болса ,қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?

Қоғамды ақпараттандыру-экономиканың,ғылымның,мәдениеттің негізгі шарттарының бірі.Білім беруде жаңа әдістерді енгізудің бір бағыты-оны ақпараттандыру,яғни берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс,яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру,оларды сүйемелдеу және дамыту,нақты жүзеге асыру шаралары және оны қолдануына жол ашу.

Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинақтау,өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация-ақпараттық тасымалдап жеткізу әдістер мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құралдарын қамтитын жалпы ұғым.


Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат - шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту,оны еркін игеру.Шет тілі-қазіргі заманның талабына сай,қоғамның әлеуметтік-экономикалық,ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі.Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары.Тілді оқытуда интеративтік тәсіл,ойындар,екеуаралық пікірталастар,сонымен бірге ақпараттық технология,интернет,компьютер қолданылуда.

Оқытудың ақпараттық технологиясы -бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер,педагогикалық технологиялар,бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видеоқұралдар,компьютерлер,телекоммуникациялық желілер).

Шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызыметтерге тоқталып өтейік.

Мысалы:оқушылар,студенттер,мұғалімдер интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады,үйреніп жүрген тілінде электронды почта(@mail),телекоференция(usenet),бейне-конференция,анықтама каталогтар,жүйеде сөйлесу(chat),виртуалды қатынас клубтары - коференцияларға қатыса алады.Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға,радио бағдарламаларды тыңдауға,бейнероликтер көруге,яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар.Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу ,алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интеративтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу,сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б сол сияқты интернет артықшылық көздері пайдаланылады.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды,техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану,оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп ,осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады.Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.Интернет арқылы оқушы грамматикалық,лексикалық,фонетикалық жаттығулар,оқуға және грамматикаға арналған тесттер,IQ-тесттерімен жұмыс істей алады.Бұндай жұмыстарды (world wide web,alleng.ru,busuu.ru т.б)сайтынан аламыз.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:

  • Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

  • Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

  • Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға.

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау,анимация бейне-клиптер,слайд-шоу).

  • Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын,көзқарасы,өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын ,әр түрлі аудиторияға бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.

  • Білімді бақылау арқылы нәтеже алу,бағалау.

  • Ақпараттық технологияны шет ел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  • Сөзжұмбақ,кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдары өндеу.

  • Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазумен көркемдеп безендіруді уйретеді.

  • Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игерумен білім алуды кеңейту.

  • Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу.

Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді.Тілді ақпараттық -коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өзбетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық,шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады,оқушының оқу белсенділігі артады,сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.

Мысалы:ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел тілінде ән үйрету.

Ән үйрету арқылы оқушылардың төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптасады:

Шет тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда,оны мұқият таңдап алу қажет.Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор.Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін,сонымен бірге есептер жинағы ,анықтамалар,энциклопедиялар,карталар,атластар,оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары,практикумға ,курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.Оқу процесінде оқытудың ақпараттық -коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр.Атап айтсақ,оқушылардың өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып,шығармашылығын дамытуға,оқу қызметінің мәдениеті қалыптастыруға ,дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.

Сонымен,интеративтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табыладыАлдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар,мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.Біз бейбіт елде,мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз.Жалпы білім берудің мақсаты -терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген ,ақпаратты технологияны терең меңгерген ,жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты,жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты.Біз жаңа технологияға,жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз.Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады.Ғылыми білім беруде интеративті тақтаның мүмкіндігі мол.Интеративті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.Оқу процесінде,оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар

Құралдарды қолдану мұғалімнің жеке-тәжірибесіне ,шығармашылық ізденісіне байланысты.Интеративті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге,дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе интеративті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

А.Кушнирдің «Языку не нужно учить чему-то внешнему,Поэтому задача полноценного языкового образование в школе должна состоят прежде всего не в освоении каких-то внешних правил,а в организации интенсивного процесса жизни в языке» деген пікірі біздің көздеген мақсатымызды айқындап тұрғандай.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР «Білім туралы» заңы,2007ж.

  2. Қазақстан мектебі,№2,2009ж.

  3. Сыныптағы тәрбие,№2.2009ж.

  4. Қазақстан мектебі№2,2009.

  5. А.Кушнии.Язык и национальная безопасность.Народное образование,№2,2001ж.

© 2010-2022