Табиғат лирикасы. «Желсіз түнде жарық ай»

Абайдың табиғат туралы жазған шығармаларына түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, тілдік талдау жұмыстарын жүргізу.  Ұлы ақынның шығармаларының тілдік- тақырыптық ерекшеліктерін түрлі тірек сызбалар арқылы дәдеддей отырып, терең мағлұматтар беру.    Пікір айту, ой түю, сөз саптау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту. Дүниетанымдарын кеңейтіп, әдебиетке деген сүйіспеншілік қабілеттері мен қабылдау белсенділіктерін арттыру.  Есте сақтау қабілеттері мен ой өрелерін кеңейту, түсініктерін саралау. Байқампаздығын, ойлау шеберлігін, шығармшылық қабілеттерін шыңдау. Өзара бірлесіп жұмыс жасауға, өз ойларын айта білуге үйрету. Өз беттерімен іздене білуге, үнемі дәлелді жауаптар мен тыңғылықты тұжырымдар келтіруге, талантты да білімді болуға, әдемілікке сүйсіне алуға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық-экологиялық тәрбие бере отырып, табиғат көріністерін сөзбен айшықты жеткізуге бағыттау.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Рубежин ауылы

Рубежин орта жалпы білім беретін мектебі

Тасимова Әлима Өтегенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Табиғат лирикасы. «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:

Абайдың табиғат туралы жазған шығармаларына түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, тілдік талдау жұмыстарын жүргізу.

Есте сақтау қабілеттері мен ой өрелерін кеңейту, дүниетанымдарын арттыру.

Өзара бірлесіп жұмыс жасауға, өз ойларын айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, ән орындау, тілдік талдау, сұрақтар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, саз сабағы, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Абайға арналған буклеттер, табиғат суреттері, кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу.

Сынып тазалығын шолу.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Өтілген материалдарды шолу.

-Өлеңді ермек үшін жаза ма?

-Өлеңнің мазмұны не туралы?

-Жастарға қандай үгі береді?

ІІ. Негізгі бөлім.

Күтілетін нәтиже

-Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелейді.

-Бірлесе жұмыс жасайды.

-Түнгі табиғат көрінісін әдемі де мағыналы етіп көрсетеді.

«ББҮ» әдісі

Кесте таратылады. Кестенің І бөлігіне осы тақырыпқа сай не білетіндері, ІІ бөлігіне танымдsқ мақсатта не білетіндері, ІІІ бөлігі өлеңмен танысып, талданып болған соң толтырылады.

Жаңа сабақ

Абайдың таиғат туралы әндеріне қатысты толық мағлұматтар беріледі. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б.

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

-Өлеңге тілдік талдау жасау.

-Өлең мазмұны негізінде сурет салу.

Өзіндік жұмыстар

-Әннің мазмұнын қағаз бетіне түсіру.

-Табиғат сұлулығын беретін шумақтарды табу.

-Өлеңді құрылысына талдау.

Жеке жұмыс «Кейіпкерге хат»

Оқушылар ақын Абайға арнап, өз ойларын хатқа түсіреді. Жақсы оймен өрілген хат көпшілікке оқуға ұсынылады.

ІҮ. Білімді бекіту.

«ББҮ» әдісінің ІІІ бөлігі толтырылады.

Ү. Үйге тапсырма

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жаттау.

© 2010-2022