Сабақтың жоспары Пән: Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың  жоспары Пән: Қазақ тілі Сынып:2 Сабақтың тақырыбы:  Мен атама көмектесемін. Сабақтың мақсаттары: Отбасылық көмекке шақыратын тақпақпен таныстыру, байланыстыра сөйлеу, жатқа айту дағдыларын арттыру. а) Білімділік:  тақпақ туралы айта алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту, барыс септігінің жалғауын қолдана алуын үйрету. ә)Дамытушылық: сабақ барысында  меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу. б)Тәрбиелі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Мен атама көмектесемін.

Сабақтың мақсаттары: Отбасылық көмекке шақыратын тақпақпен таныстыру, байланыстыра сөйлеу, жатқа айту дағдыларын арттыру.

а) Білімділік: тақпақ туралы айта алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту, барыс септігінің жалғауын қолдана алуын үйрету.

ә)Дамытушылық: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу.

б)Тәрбиелік: ата-әжесі, әке-шешесіне, аға-бауырларына көмектесуге,қамқор болу сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.

Оқыту нәтижесі:

1.Тақырып бойынша әңгімелеп, отбасы мүшелеріне көмектесетіні туралы айта алады.

2.Жаңа сөздерді қолдана отырып әңгімелей алады, тақпақ туралы мәтін құра й алады.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жаңа сөздер, сызба, суреттер

Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, ой қозғау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, Блум Таксономиясы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексперу кезеңі

Міндеттері: Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру

Кемшіліктері мен қателерді анықтау

Оқушылардың оқу мотивациясын қамтамасыз ету

Сабақ мақсатын анықтауда оқушымен бірлесе іс- әрекеттерді кірістіруді

қамтамасыз ету.

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

3. Топқа бөліну (геометриялық фигуралар арқылы)

4. Жаңа тақырып: Миға шабуыл. Сурет бойынша әңгімелеу

1. БІЛУ: -Суретте не бейнеленген?

-Сендер демалыс күнін қалай өткізесіңдер?

Атаңа, анаңа қалай көмектесесің?

2. ТҮСІНУ: Сөздік жұмысы

а/атама- дедушке көмектесемін-помогаю тақпақ - стихотворение

әжеме- бабушке кімге? - кому? бәріне - всем

ә)Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

3. ҚОЛДАНУ: 1-тапсырма. Толықтырып айт,жалғауларын дұрыс жалға.

4.ТАЛДАУ: 2-тапсырма. Барыс септігінің жалғауын дұрыс қолдану.

Ата- ға, әже - ге, ана - ға, бәрі - не, қарындасы - ма

5.ЖИНАҚТАУ: 4-тапсырма. Тақпақты оқу.

4-тапсырма. - Тақпақ қалай аталады?

- Тақпақ не туралы?

- Кімдерге көмек керек?

6. БАҒАЛАУ: Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасын анықтау.

5 -тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

5. Үй тапсырмасы

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру

Тақпақты жаттау. Сен кімге көмектесесің? сұрағына жауап беру.

6. Рефлексия кезеңі:

- Бүгінгі сабақта нені білдің?

- Не түсініксіз болды?

- Көңіл-күйің қандай?

© 2010-2022