Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

Cабақтың тақырыбы:Киелі сандар   1- слайд    Сабақтың мақсаты: 1.      Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу,  оқушылардың сан ес сан есім туралы алған  білімдерін тиянақтау. 2.      Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату. 3.      Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге,  халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.   Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер   Сабақтың түрі: Дәстүрлі  сабақ   Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру.   Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. II.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді пысықтау     2- слайд
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы:Киелі сандар 1- слайд

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, оқушылардың сан ес сан есім туралы алған білімдерін тиянақтау.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді пысықтау 2- слайд

Сөйлемдерден сан есімнің түрлерін анықтау. Ережелерін еске түсіру.

1. 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келді. /реттік/

2. Жолдастарымның кеткеніне екі-үш күн болды. /болжалдық/

3. Біз екеу едік. / жинақтық/

4. Бір қатарға он-оннан тізеле қалды. /топтау/

5. Екі жастың қуанышы тойланды. /есептік/

6. Бір жарым шақырым жаяу жүрдік. /бөлшектік/

Оқушылар бірін-бірі тексереді

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

III.Жаңа сабақ.

1.Ой шақыру.

М: - Балалар , киелі сандар дегенді қалай түсінесіндер?

О: - қадым замаңдардан бері жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі кейбір сандарда сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі- қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да үш, жеті, тоғыз, он үш қырық т.б. сандарды қастерлеп бір қатар таны-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін осы сандармен атап, ата заңдарына, салт-дәәәстүріне арқау етіп келеді.

3- слайд « Ой шақыру»

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»


3 саны туралы

О:- Жалпы түркі халықтарында , соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып саналады. Қазақ ұғымында осы күні бастған істің бәрі де сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді.

4- слайд

Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

Үш сан есімін талдау / үш - неше?, сан есім, дара, есептік/

5 -слайд

Үш санына байланысты фразеологизмдердің сәйкесін тауып, мағынасын ашу. Жазбаша, сәйкесін бағдар сызықпен көрсету.

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

3-слайдқа оралу Жеті

О: - Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жүлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, әлемнің жеті кереметі сөздері пайда болған. 17-ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Нурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді


6 -слайд

Жеті ата Бұқл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамнаң ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.т әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. « жеті атасын білмеген жетесіз» деген аталы сөз бар.

Өткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы - туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1Бала 2Әке 3Ата 4 Үлкен ата 5Баба 6Түп ата 7Тек ата

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар».

Жеті атаға кімдер жатады? Дәптерге жазу

7,8 -слайд

Жеті жарғыны оқу, түсінігін айту

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

М:- Жеті жарғы заңы неге тәрбиелейді, неге тыйым салады?

9,10,11 - слайд

Қазақстанның жеті кереметі

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

9- слайдқа оралу. Тайқазанға тоқталу

12- слайд

Терме диктант «Тайқазан»

Тайқазанды сегіз жүз біріншы жылы Әмір Темір жасап, Қожа Ахмет Йассауидың мазарына сыйлаған.

Тайқазанның салмағы екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі - екі жүз қырық екі сантиметр.

Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар. Олардың арасында он екі үлкен шүмектері де бар.

(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)

Тапсырма: Сан есімдерді теріп, дара, күрделі екндігін анықтау, қасындағы оқушы тексереді, интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын көрсету.

3- слайдқа оралу. 40-саны

О: - Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны-40. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ырым бар. Өлген адамның қырқын беру дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты «Қырықтың бірі - қыдыр» деп қарсы алу т.б. сенімдер, ұғымдар «қырық » сөзімен байланысты

13- слайд

Тапсырма : суреттерде қандай салт-дәстүрлер көрсетілген?

/тұсау кесу, қырқынан шығару, бесікке салу, бет ашар/

М:- Қай салт-дәстүрдің атауында сан есім бар? Неліктен оны солай атайды?

Оқушылар мағынасын ашады.

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»

14-слайд

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»


Сөзден сөз өрбіту.

Тапсырма: «Қырқынан шығару » деген атаудан басқа сөздер шығару.

Ық, қан, нан, нарық, ар, ару, у, шық, қаш, қар, ақ, шаш, нышан, қыр, ау, қақ.

IV.Сабақты қорытындылау.

М:- Балалар, бүгін сабақта нені білдіңдер? Не туралы айттық?

О.- Қасиетті сандар туралы білім алдық, Қазақстанның 7 кереметі туралы айттық, жеті атаны білдік,

М:- Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.

2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

4. Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

5.Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

6. Бірінші байлық- денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық- он саулық.

7. Елуінде ер- дана,

Елуінде ел- жаңа.

V Үйге тапсырма: 15-слайд

Қазақ тілі 10 кл «Киелі сандар»


VI. Бағалау.











№53 орта мектеп







Ашық сабақ

Тақырып: Киелі сандар

/ қазақ тілі 10 класс/



Өткізген : қазақ тілі және әдебиет

пәнінің мұғалімі Г. Умарова


2014ж



қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол - этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата - тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз - ел тұл, ерсіз - жер тұл»). 7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты -жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт - қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы - сөнбес оты, серігі
Алмас кездік - жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы - амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.
2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.
3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық.
5. Ақ жаулық.
6. Тұз (Ол - Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).
7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От - Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол - аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.
Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты - тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты - «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.
Жетіқарақшы. Ол - аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары - Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.

Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жарғы. Ол - Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:
1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық - бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан. Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән - жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:
а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ.
Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:
1. Египет пирамидасы.
2. Вавилонның аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
7. Александрия маягі.
Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:
1. Рим колизейі.
2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.
3. Қытайдың ұлы қорғаны.
4. Англиядағы алып тас қорған.
5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.
6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.
7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.
Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру.
«Жеті саны - бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.

Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ.
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап - сылдырмақ.

Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған.

Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.

Жетіген - Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген - жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, "Жетігеннің жеті күйін" шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 - 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

Ғылыми Жобаның қорытындысы
Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің
7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар Қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.

Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса - дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...
Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!



© 2010-2022