Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 1 « »________2011 жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Сабақтың

  1. білімділік мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарымен таныстыру, Тіл туралы Заңының тараулары мен баптарын оқытып, үйрету;

  2. дамытушылық мақсаты: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойларын жазу. «Мен-Ана тілім- Болашақ» тақырыбында өз пікірлерін орта салу пікір алмасу ұйымдастыру;

  3. тәрбиелік мақсаты: : Оқушылар Қазақстан Республикасы азамат ретінде тілге қатысты құжаттарды білу, оны сауатты пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

  2. Тіл саясаты туралы Заң қай жылы қабылданды?

  3. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?

2. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы хабарланып,мақсаты айқындалады.

Әдеби тіл дегеніміз- белгілі бір қалыпқа түскен, қарапйым сөйлеу тілінен жоғары тұрған, жалпыға бірдей міндеті әрі дұрыс қабылданған нормасы бар тіл.

Сөздердің жазылуында да, айтылуында да, грамматикасында да және терминдердің жұмсалуында да орнығып, қалыптасқан бірізділікті норма деп атайды.

Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді.

Қазақ халқының әдеби тілі-қазақ тілі.

1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

3.Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.

  2. Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халықтар тұрады?

  3. Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қай жерлерде тұрады? Олардың ана тілі қай тіл?

4. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1. Өлеңді оқып, жаттап алыңдар.

2. Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

5. Тіл дамыту

2-жаттығу.

Алдыңғы сыныптарда оқыған материалдарыңды еске түсіріп, ана-тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

6. Морфологиялық талдау. Төмендегі мақалдарды оқып, олардың мағыналарын анықта.

1.Абыройлы боламын десең, Өз жұмысыңның ұстасы бол. 2. Құт-құтты болса құт, Құтсыз болып келсе жұт. 3. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, араңды сайла. 4.Ақылды мың жасар, Ақымақ бір жасар.

Құт, жұт, Күн,Ай- дегендер қандай ұғымдардың атаулары екенін айт.

* Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Үлгі: Абыройлы- абырой+лы, дара, туынды,сын есім (зат есім+лы)

7. Сабақты қорыту.

8. Үйге тапсырма.

3-жаттығу.

1. Мәтінге ат қою. Тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін ашу.

2. Қазақ тілінің өте бай әрі көркем тіл екендігін мәтіннен аңғарып, пікірлерін жазбаша жазып келу.

3. «Баба тілі» өлеңін жаттау.









Сабақ №2

Пән: Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: 6-сыныпта алған білімдерімен сабақтастыра меңгерту;

2. Дамытушылық: қазақ тілі заңдылықтарының жасанды еместігін, тілдің өз табиғатынан туып отырғаныны жеткізе отырып, ана тілдің сұлулығын, байлығын, әуезділігін оқушы бойына сіңіру арқылы қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: адамгершілікке, сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: қозғау салу,сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы, сөз өнері жайында слайдтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты өткен материалдармен сабақтастыру.

Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады не сирек қолданылады.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер:

Диалектизмдер

Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер

Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздердің орысша атауларын қолдану

нормасы емес

нормасы

Шаттауық

Бойлай Рәуішті

Шібіш

Әммасы

жаңғақ

ылғи

тәрізді

балапан

барлығы

Көкмойын, шорт-морт,шурум-бурым, нені,нетіп,сілімтік,маскүнем,жезөкше,жексұрын,боғауыз сөздер және жаңағы сөзін бірнеше рет қайталап қолдану.

Строй (құрылыс), учебник (оқулық), состав (құрам), агитатор (үгітші), герой (кейіпкер, қаһарман, ер,батыр), план (жоспар)

4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің нормасына жататынын, жатпайтынын дәлелдеңдер.

Әдеби тілдің нормасына жататын сөздер

Әдеби тілдің нормасына жатпайтын сөздер


5-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олар әдеби тілдің лексикалық нормасына жата ма?

Үлгі: жаны жақсы- адамгершілігі мол, бауырмал, қайырымды, ақылды, еңбекқор.

Етегін баспа-

Жолын қу-

Бетін қақпа-

Белін бу-

Нанға тар-

Өмірдің-

Арқауы-

Ой қозғау.

-Екпін дегеніміз не? (сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы)

- Сөз екпіні дегеніміз не?

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтіру.

6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің ауыспалы мағынасын тура мағынасымен салыстырып көріңдер.

Қай мағынасы көбірек қолданылады? Сөз екпінін дұрыс қойып оқыңдар.

Алтын да күміс балық, күміс қазан, тайдай тулаған, алтындай сары сазандар, алтын бидай, ақ маржандай, найза мұртты.

Шығармашылық жұмыс.

«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау.

Сабықты қорытындылау.

  • Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  • Қандай сөздер әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды? Мысал келтір.

Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.

Бағалау.




Сабақ№ 4 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың

білімділік мақсаты: дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген түсінік беру; дамытушылық мақсаты: мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жеткізу, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айтқызып жаттықтыру;

тәрбиелік мақсаты: өз елін, өзі туып-өскен мекенін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: әңгімелесу

Әдісі: эвристикалық

Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, түрлері жайлы сызба слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Бұрынғы білімді жандандыру (актуалдандыру)

  1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.

  2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.

Проблемалық ситуация жасау:

Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.

Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.

Мәтіннің тұтастық бірліктері

Айырықша белгілері

  1. Сөйлем

  1. Мағына жағынан тиянақталған бірлік.

  2. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.

2.Күрделі синтаксистік тұтастық

  1. Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.

  2. Мәтіннің екінші (орта) сатысы.

  1. Күрделі синтаксистік бүтіндік

  1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.

  2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.

Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:

Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады?

Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.

Болжамдар:

  • Жеке сөздер мәтін бола аламайды.

  • Сөйлемнің мәтінге жататын себебі: ол тиянақты ойды білдіреді.

  • Абзац дегеніміз- бірнеше сөйлемнен тұратын күрделі тұтас ой.

  • Абзацтың сөйлемнен жоғары тұратын себебі де сонда: бірнеше сөйлемнің жиынтығынан құралады.

  • Болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушылар мысалы:

  • Қазақстан,Астана, Ақмола бұрынғы қала. (Бұл сөздер жеке тұрғанда белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді)

  • Қазақстанның астанасы-бұрынғы Ақмола қаласы. (Бұл сөйлем.қандай қала астана болғандығы жайлы хабарлап тұр)

  • Қазақстанның астанасы -бұрынғы Ақмола қаласы. Кейін атауы өзгертіліп, Астана деп аталды. Астана сөзі барлық тілдерге еркін аударыады. Мағынасы бәріне де түсінікті. (Бұл -абзац,4 сөйлемнен құралған, тұтас бір күрделі ойды білдіреді.)

Қарсылық:

-Жеке сөздер қандай жағдайда мәтін болады?

- Кез келген сөйлемдердің жиынтығы абзац құрай бере ме?

Мұғалім ойларын дәлелдеп шығуды тапсырды.

Қорытынды: Жеке сөздер мағыналық жағынан байланысып сөйлем болғанда, сөйтіп тиянақты бір ойды білдіргенде ғана мәтін бола алады. Сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысып, тұтас бір абзац құрайды. Бірнеше абзацтың жиынтығынан бүтін мәтін құралады.

ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Жаңа ұғымдар: сөйлем- мәтіннің төменгі сатысы;

Күрделі синтаксистік тұтастық- мәтіннің орта сатысы;

Күрделі синтаксистік бүтіндік- мәтіннің жоғары сатысы.

Мәтінге бір автордың, тіпті оқушының да жазған шығармасы, я шығарманың үзіндісі немесе музыкалық шығарманың жазылған сөздері, басылған мақаланың, ауызша жасалған баяндаманың тұтас мазмұны жататындығы әңгімеленеді.Бүтін мәтін( бүтін өлең, мақала, әңгіме т.б.) күрделі синтаксистік бүтіндік деп, мәтінді құрайтын абзацтар күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.

Шығармашылық тапсырма:

Марат Омаровтың орындауында «Астана» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.

ІҮ. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ән сөзінің мазмұнын жазып шығу оқушыларға тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс.

7-жаттығу.

  1. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар.

  2. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?

  3. Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.

8- жаттығу(ауызша)

  1. Мәтінде не жайында айтылған?

  2. Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?

9-жаттығу (ауызша)

1.Қай ғылымның саласына қатысты мәтін екеніні түсіндіріңдер.

2. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын қндай сөздер бар?

Сабақты қорытындылау.

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтін қалай жасалады?

  • Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?

Ү.Үйге тапсырма.

1. 10-11 жаттығу.

2. Ережені оқу.







Сабақ № 9 « »________2011 жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы түсінік беру, зат есімнің қасиеттерін ашу;

дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру;

тәрбиелік мақсаты: : өнер-білімге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар орындау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

10-11 жаттығулардың орындалысын жеке оқушылардан сұрап, тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Зат есімнің түрленуі

Ой қозғау

  • Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде, яғни зат есім нені білдіреді?

  • Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде?

  • Жалқы есімдер қалай жазылады?

  • Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың


Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.

Жалғау

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Көптік Тәуелдік Септік Жіктік

Жалғау:

  1. Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;

  2. Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.

Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Көптеледі Тәуелденеді Септеледі Жіктеледі

(тек адамға байланысты)

Мысалы: Мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол-бала


  • Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.

Мысалы: Мен асқар таумын, сен төбесің;

Сен темірсің, мен көмірмін, еріткелі келгенмін.

Көптік жалғау 6 түрлі: -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер


  1. Сөзге(зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қаз-дар, мектеп-тер т.б.

  1. Көптік жалғау өзі жалғанған сө заттың тек көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.

Мысалы: Үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті. Зейнептер есік алдында тұр (Зейнептің көптігі емес, Зейнептің қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде)

Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары.

36-жаттығу.

  1. Мәтінді түсініп оқып, Тоныкөк өздеріңе белгілі Орхон жазуының авторы екендігін біліп алыңдар.

  2. Зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажырытыңдар.

37-жаттығу.

Тапсырма:

  1. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.

  2. «Боз іңген» күйін тыңдау, алған әсерлерін жазбаша жазып шығу.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.

Үлгі:

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері-

Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, бұл кісілер саған кім болатынын және сол сөздер қай сөз табына жататынын айт.

Бұлар кімдер?

  1. Ағаларыңның жұбайлары саған кімдер?

  2. Әпкелеріңнің күйеуі ше?

  3. Шешеңнің туыстары ше?

  4. Әкеңнің балдыздары ше?

  5. Шешеңнің сіңілісінің баласы ше?

Сабақты қорытындылау.

- Зат есім қалай жасалады?

- Көптік жалғау нені білдіреді?

Үйге тапсырма.

  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.

  2. 38-жаттығу.

Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.

  1. Ережені оқу.




Сабақ № 10 « »________2011 жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту,

қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.

  2. 38-жаттығу.

Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар:

- Зат есім қалай жасалады?

- Көптік жалғау нені білдіреді?

- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері


  1. Жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар.

  1. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

  2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақ-тапсырмалар:

  • Жалғау дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз...........

А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша

В) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

С) түбір сөз

- Жұрнақ дегеніміз..............

А) түбір

В) сөздің мағынасын өзгертеді

С) сөз бен сөзді байланыстырады

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену.

Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екнін білдіреді.

Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.

Тәуелденудің түрлері

Жақ

Тәуелді заттың иесі

Тәуелдік жалғаулы сөздер

Жалғаулары

жекеше

көпше



Оңаша тәуелдену

І

ІІ

ІІІ

менің

сенің

сіздің

оның

ел-ім,бала-м

ел-ің, бала-ң

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-ім

ел-дер-ің

ел-дер-іңіз

ел-дер-і

-м,-ым,-ім

-ң,-ың,-ің

-ңыз,-ңіз

-ыңыз,-іңіз

-сы,-сі,-ы,-і



Ортақ тәуелдену

І

ІІ

ІІІ

біздің

(біздердің)

сендердің

сіздердің

олардың

ел-іміз,

бала-мыз

ел-ің,

бала-лар-ың

ел-іңіз, балаңыз

ел-і, бала-сы

ел-дер-іміз

ел-дер-ің

ел-дер-іңіз

ел-дер-і

-мыз,-міз

-ымыз,-іміз

-ың,-ің,-ң

-ыңыз,-іңіз

-ңыз,-ңіз

-сы,-сі,-ы,-і

Тапсырма: Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.

Үй, киім, бала, Отан, бөлме.

Жақ

үй

киім

бала

Отан

бөлме

Оңаша

І

ІІ

ІІІ

үйім

үйің

үйіңіз

үйі


Ортақ

І

ІІ

ІІІ

үйіміз

үйің

үйіңіз

үйі



39-жаттығу.

Тапсырма.

Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.

Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім.

Үлгі: қуанышым-қуанышымыз,...............

Әкеміз-әкем,................

Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

І деңгей тапсырмасы. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.

ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі мәтіннің мазмұныныа мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап.

«Жақыныңды жаттай сыйла-

жат жанынан түңілсін»

Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес. Бір анадан туса да, ағасы буырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын- үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды.

Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса.

Сабақты қорытындылау (оқушылармен бірге)

-тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.

- бір не бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіру оңаша тәуелдену;

- бір не бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру ортақ тәуелдену дейді.

Үйге тапсырма.

  1. 40-жаттығу.

  2. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.

  3. Ережені оқу.








Сабақ № 11 « »________2011 жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 40-жаттығу.

  2. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.

Ілік септігі - сөздердің бір - бірімен іліктестігін көрсетеді.

Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.

Барыс септігі - бару деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

Табыс септігі - табу деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

Жатыс септігі - орын, мекен дегенді білдіреді.

Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

Шығыс септігі - шығу деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

Көмектес септігі - жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары


Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? не?

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен

Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Септіктер

Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін

Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін

Атау септік

Ілік септік

-ның,-нің

-ның,-нің

Барыс септік

-а,-е

-на,-не

Табыс септік

-ды,-ді

Жатыс септік

-да,-де

-нда,-нде

Шығыс септік

-нан,-нен

-нан,-нен

Көмектес септік

-мен

-мен

Суретте көрсетілген ұлттық аспаптармен таныс болып, септеңдер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Мәтінмен жұмыс.

41-жаттығу.

Тапсырма.Өлең мәтінін рөлге бөліп оқу. Әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.

42-жаттығу

Тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.

«Септеу эстафетасы» ойыны.

Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.

Отан, баласы, әжесі, ата, ел.

47- жаттығу. Берілген көмекші сөздердің негізгі сөздермен тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.

Үлгі: Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы- көмекші есім, ол ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.)

46-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат аңталас,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

(Абай)

Сабақты қорытындылау.

  • Септік жалағулардың ерекшеліктері неде?

  • Зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғаумен тікелей байланыстылығын қалай дәлелдейміз?

  • Көмекші есімдердің мағыналық қызметі жағынан қандай ерекшеліктері бар?

Үйге тапсырма.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.

  2. Ережені оқу.

Сабақ № 12 « »________ жыл

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы білімдерін кеңейте отырып, лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктелетіндігін, бұрынғы түсініктерін тереңдету.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : оқушыларды тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдістері : баяндау, түсіндіру жолымен қозғау салу, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.

Тапсырма. Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Кімге кім ие? Неге не ие? Қайсысы қай жалғауда тұр?

  2. Нысананы (обьектіні) және мезгілді білдіретін барыс жалғаулы сөздері бар екі сөйлем ойлап айтыңдар.

  3. Салыстыру мәнін білдіретін қай септіктегі сөз?

  4. Істің бірлестігін және себебін білдіретін сөздері бар екі сөйлем тауып айтыңдар. Олар қай септіктегі сөздер болуы керек?

  5. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септіктікі?

  1. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.


  • Тапсырма. Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп, қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркіші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.

Үлгі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ

Мен заңгермін, зейнеткермін

Сен заңгерсің, зейнеткерсің

Сіз заңгерсіз, зейнеткерсіз

Ол заңгер, зейнеткер

Біз заңгерміз, зейнеткерміз

Сендер заңгерсіңдер, зейнеткерсіңдер

Сіздер заңгерсіздер, зейнеткерсіздер

Олар заңгер, зейнеткер

Зат есімнің жіктелуі.

  • Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.

  • Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.

Мысалы:

Шамдансам, жығар асаумын,

Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)


  1. Мәтінмен жұмыс.

49-жаттығу.

Төмендегі өлеңдерден жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып, жіктелу себебін түсіндіріңдер.

50-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге түсінік беру.

  2. Олар қай сөз табы және қай формада тұрғанын талдау.

  3. Қазақ халқы қолданған ыдыс-аяқтар неден және қалай жасалғанын мәтінге сүйене отырып әңгімелеу.

5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Зат есімнің жіктелуіне сөйлем құра. Оған синтаксистік талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! (Ж.Молдағалиев)

ІІІ деңгей тапсырмасы. Жіктік жалғаулы зат есмідер қатысқан жұмбақтарды жатқа жазыңдар.

6. Сабақты қорытындылау.

  • Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?

Тапсырма.Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

  2. Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

  3. Септік жалғауларын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

7. Үйге тапсырма.

  1. 50-жаттығу.

  2. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді қатыстыра отырып, «Сүйінші» атты мәтін құрастыру. Оған синтаксистік талдау жаса.

  3. Ережені оқу.

8. Бағалау.









Сабақ №13

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін еске түсірту, зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакатқа салынған суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Зат есімнің жіктелуі, оның жасалу жолдарын сұрау

  2. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, бүгін біз сендермен зат есім тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз - зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Бүгінгі біздің мақсатымыз - зат есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Бүгінгі тақырыбымыз да зат есімге байланысты болғандықтан, зат есімнен өткенді еске түсірейік. Зат есім бойынша білгендерін топтастыру

Жалпы зат есімнің сөйлемдегі қызметі дегенді кім қалай түсінеді екен өз ойымызды ортаға салайық.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ,оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты болғандықтан септікті еске түсірейік. Қазақ тілінде қанша септік бар, сұрақтарымен кім айтып шағады.Әр қатардан бір-бір оқушы шығып бір сөздғ септейді.

Сонымен, зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғауларына байланысты жұмсалады.

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (Кімім? Неңіз?)

Мысалы: Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.

Мысалы: Біз-бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала - артта қалған із, байлық - қолдағы мұз.

Зат есім ілік септігінде немесе түбір тұлғада тұрып анықтауыш болады.

Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. Дайрабай әрі әнші, күйші, ақын адам болған.

Зат есім табыс септігінде және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы: Тәрбие тілден басталады. Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан.

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік. Көлеңкеде атам отыр.

Балалар, оқулығымыздың 28-бетіндегі «Қосымша түсінік» дегенге қысқаша шолу жасайық. Оқушыларға оқытқызу.

ІV. Оқулықпен жұмыс

51-жаттығу. Зат есімнің қай септікте және қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

Парашютпен (немен?) - көмектес септігінде, толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Ұшақтан (неден?) - шығыс септігінде, толықтауыш.

Мұнарадан (қайдан) - шығыс септігінде, пысықтауыш.

Парашют (не?) - атау септігінде, бастауыш.

Ұшаққа (қайда?) - барыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақ (не?) - атау септігінде. Бастауыш.

Жерден (қайдан?) - шығыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақтың (ненің?) - ілік септігінде, анықтауыш.

Үшқыш (кім?) - атау септігінде, бастауыш.

Қолын (несін?) - табыс септігінде, толықтауыш.

Селоның (ненің?) - ілік септігінде, анықтауыш.

53-жаттығу. Әр қатардан үш оқушы шығып, сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазады.

І қатар - азамат, ІІ қатар - инженер, ІІІ қатар - оқушы

Шығармашылық тапсырма

Балалар, тақтадағы жаз, қыс, күз мезгілдерінің суреті бойынша І қатар жаз мезгіліне, ІІ қатар күз мезгіліне, ІІІ қатар қыс мезгіліне шағын мәтін құраңдар. Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын жазыңыздар.

Ү.Бекіту

Зат есімнен өткенді қорыту, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін әр балаға үлестірмелі парақшамен жұмыс беріледі.

VІ .Үй тапсырмасы

  1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін оқу

  2. 28-беттегі «Қосымша түсініктің» анықтамаларын жаттау

  3. 55-57 жаттығулар

VІІ. Бағалау.



Сабақ №14

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ. Дамытушылық. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік. Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 55-жаттығу. Өлең жолдарындағы зат есімдер қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғаныдығын анықтау. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, көшіріп жазу.

  2. 57-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне бірнеше қосымша қатар жалғанған сөздерді бөліп алып, ретін біліп алу.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

54-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқып, негізгі сөздер мен көмекші есімдерді анықтаңдар. Негізгі сөздер қай сөз табы екенін талдаңдар.

Ой қозғау.


  • Негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы қандай?

  • Көмекші сөздер сөйлемде не себепті сөйлем мүшесі бола аламйды?

  • Көмекші сөздер сөйлемде қалай қолданылады?

4.Шығармашылық тапсырма.

Ауыл тіршілігін кеңейтіп жазыңдар.

58-жаттығу. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімдердің есім түбірден жасалғанын бір бөлек, етістік түбірден жасалғанын бір бөлек жазып, оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.

Үлгі:

Есім түбірден жасалған зат есімдер

Етістік түбірден жасалған зат есімдер

Төбе-шік, тал-шық, іні-шек, ойын-шық, балмұз-дақ, бала-лық

Қондыр-ма, қапта-ма, түйін-шек, аялда-ма, Өндір-бай, өндір-іс, көрер-мен, оқыр-ман, суар-ма, бастыр-ма

5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Мәтіннен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді тап. Қалаған бір сөйлеміне морфологиялық талдау жаса.

-Мама, мына түріңде көзің мен мұрныңнан басқаның бәрі бөтен, бәрі бөтен.....Әжем түгіл мен әрең таныдым........Мама, сен қараңғы түндерде орман ішінде жүргенде неғып қорықпайсың?...... Түнде жиналысқа баратын болсаң, мені ерте жүретінің есіңде ме, мама! Қорықпайды деп әжемді айт....Ол түн ішінде қараңғы моншаға да жалғыз кіріп шыға алады,-деп, Лида ақырын ғана жымиып, шешесі алдында тұрғандай қолын соза беріп еді, әлсіз қолы сылқ етіп түсіп кетті. Өз шешесі әлдеқайда, алыс ормандарда жортуылда жүрсе, әжесі есіктен қарап жылап тұр еді.

- Иә, балапаным, шешеңді сағынатын уақытың да болды, құлыным,-деп наталья немересінің ыстық басына қолын салғанда, кемпір жүрегінде қызғаныш қытығы да бар еді.

ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі өлең шумағынан жай септеулерді тап, морфологиялық талдау жаса.

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

ІІІ деңгей тапсырмасы.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. Бұл шумақ қай өлеңнен алынған, авторы кім?

Бөкеннен ... аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды теңгермедім.

Көздері .......қара ақы бөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім.

ІҮ деңгей тапсырмасы.

Зат есімнің септелуіне «Сыбаға» атты тақырыпта мәтін құрастыр.

6.Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау.

1.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз.

А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз С) Отырып қалды Д) Қызметкер Е) Ілгері

2. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.

А) Әке - шеше В) Аспан әлемі С) Еңбекші халық Д) Қарағанды Е) Ата-ана

3. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Кітап оқыдық.

А) Бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

4. Дара зат есімді көрсетіңіз.

А) Тұрған В) оқу С) күшті Д) қиял Е) ата-ана

5. Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А) Нұра өзені В) Қазақстан Республикасы С) Ердің сыншысы - елі

Д) Тарбағатай өңірі Е) Ертіс маңы

6. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

А) Аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтарымыз Е) тіліміз

7. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзді табыңыз.

А) Дала гүлін терді В) Еріншектің ертеңі бітпес С) Қарағым, кітабыңыз сөреде тұр

Д) Гүл үйдің көркі Е) Перизат өлең айтты

8. Зат есімнің баяндауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.

А) Асығыс кетіп қалды В) Ақылды бала - арлы бала

С) Ақылды басшы болса, адаспассың Д) Бес жержегі бес - жиырма бес

Е) Жаз келді

9. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) есімдік Е) еліктеу

10. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қаламсыз В) басшы С) тарақ Д) еңбекші Е) жерлес

Үйге тапсырма.

59-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, әңгімелеу.

  2. Зат есімдерді табу, жасалу жолдарын түсіндіру.

  3. «Кішіпейілділік» тақырыбына ойтолғау.






Сабақ № 15 « »________ жыл

Пәні : қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ақынмен қоштасу»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы Арын Е., Аққұлова А., Махамбетова Г., «Білім» баспасы, 2007.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. Мәтінді оқу.

Нөсер құйып берд. Жол лайсаң. Алтай күзінің басталысы қатты. Тау басы аппақ, қар жауып қалған. Күн нөсері үнсіз, күркіремей жауады. Терек басында қарғалар қарқылдап жүр. Жылдың қай мезгілінде де мынау атамекенінен ешқайда ұзап кетпей, туған жердің үстіне қалбақтап жүрудің өзі де ғанибет-ау. Шағиман шалдың баран торысы-бұл. Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға бөктеріп тұрып:

  • Шырағым, бұл әрі- бері ұшыртып барып, болдырып қалатын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер танабын қуыратын шаруаның торысы. Мә, қамшы. Ал жолың болсын, балам! Артыңнан ай, алдыңнан Күн туғай!

  • Қош болыңыз,махмұт аға! -Бұл шәкірт бала Көксеген еді.

  • Қош , аяулы аға!- Бұл Нұрмаш еді.

(Оралхан Бөкей, 117 сөз)


ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.




Сабақ№ 16 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту; өз ойын жинақы, әдемі, көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру.

дамытушылық мақсаты: ойын арқылы оқушының ойын дамыту; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу; оқушының тіл байлығын жетілдіру.

тәрбиелік мақсаты: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу;елін қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ жері» тақырыбына слайдтар.

Сабақтың барысы.

І . Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл ұстарту

Қызығушылықты ояту.

ІҮ. «Сөзтізбек» ойыны.

Шарты: Сөзтізбектің әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталады әрі нақыл, мақал сөз болып келуі тиіс.

Мысалы:

Айтыста ақиық атану- ақындардың арманы.

Көшеде кемтар кісіні көрсең күлме.

Ү. Мәтінмен жұмыс.

60-жаттығу. Аңыз әңгімені оқып, шешендердің сөз қолданысына назар аударыңдар.

Көңіл сұрау- мағынасын ашу.

61-жаттығу. Өлең мәтінін мәнерлеп оқып, көптік жалғаулы сөздерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар да, олардың өлеңге қандай көркемдік әсер беріп тұрғанын айтыңдар.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс.

Зат есімдерді түрлендіре отырып «Қазақ жері» тақырыбына мәтін құраңдар.

Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Жазғы демалыс. Күзгі жиын-терін. Жасыл. Жапырақ. Ағаш. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Суретші. Өмір. Сурет. Дала. Малды ауыл. Ыстық. Ел. Тіршілік. Отан.

63-жаттығу. Мәтінді дауыстап оқып, құрамындағы сын есімдерге жасылу жолы мен мағыналық ерекшелігіне талдау жасау.

ҮІІ. Сабақты қорыту.

«Сұрақтарға мақалмен жауап бер» ойыны.

Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)

Қарғыстың ең жаманы не?

Қандай бала сүйкімді?

Тастың жеңілі бола ма?

Қандай кілт аспанда болады?

Неден не жаман?

Тауық түс көре ме?

Қар жана ма?

Кімге жан жуымайды?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

Өтірікші кімді алдайды?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Тәуелсіздік, тіл туралы шағын шығарма жазып келу.

ІХ. Бағалау.







Сабақ №17

Күні: _______________

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сын есімнің түрленуі. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:

. Білімділік: Сын есімнің түрлену ерекшелігін, сөйлемдегі орнын түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, флипчарттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру.

  2. Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің мағыналық түрлерін ата. Мысал келтір.

  3. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ

Заттың сапалық сыны ір кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады.

Мысалы:

Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.

Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.


Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай

Шырайдың жасалуы:

  1. Сапалық сын есімнен жасалады.

  2. Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі н/е күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.

Салыстырмалы шырай

Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.

Сапалық сын есімге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:


  1. -Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтыңрақ,-рек,- ырақ,- ірек;

  2. -лау,-леу,- дау,-деу,- тау,-теу;

Жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:

  1. -ғыл,-қыл,- ғылт,-қылт,-ғылтым,-қылтым.

Мысалы: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т.б.

  1. - шыл,-шіл,-шылтым,- шілтім.

Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім т.б.

  1. -ғыш,- ілдір. Мысалы: сарғыш, көгілдір т.б.

  2. -аң,-қай,- ша,-ше. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкшк, сұрша т.б.

64-жаттығу (шығармашылық тапсырма)

Тапсырма: мәтінді өзіндік диктант етіп жазып, құрамынан сапалық сын есімдерді тауып, ерекшелігін анықтау.

65-жаттығу.

Тапсырма: Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазу.

67-жаттығу.

Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.

Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.

Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.

Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.

69-жаттығу.

  1. Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.

  2. Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып көшіріп жазыңдар.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

  1. 70-жаттығу. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазып келу.

  2. Ережені оқу.

Сабақ№ 18 « »________2011 жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі, асырмалы шырай

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сын есімнің күшейтпелі,асырмалы шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту.

дамытушылық мақсаты: оқушылардың алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.

тәрбиелік мақсаты: сөздің мағынасына мән беруге, білімін кеңейтуге, имандылыққа, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өз ана тілін жете меңгеріп, өзге тілді үйретіп, қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, талдау.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығудың орындалу барысын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру.

  • Сын есемнің түрленуі дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІІ Жаңа сабақ.

Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы

Сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы

Сапалық негізгі сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.

Биік-біп-биік

Ұзын-ұп-ұзын

Үлкен - үп- үлкен

Жақын-жап-жақын

Тамаша - тап-тамаша

Жақсы - жап-жақсы

Кіші -кіп-кішкентай

Тым үлкен

Өте тамаша

Аса жақсы

Тым кіші

Нағыз жүйрік, шымқай қызыл, оразан зор

Аса терең

Өте күшті

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітеді: біп-биік, жап-жақсы) негізгі сын есемдеррмен дефис (-) арқылы жазылады.

Тек ақ,көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірге жазылады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма: Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасап, сөйлем құраңдар.

Біп-биік, жап-жақсы, қап-қатты, теп-терең, жап-жарық, сап-сары, көкпеңбек, қып-қызыл.

Ү. Кім көп біледі ? (ойын)

Тапсырма. Күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады. Олар қандай сөз табы болады?

Тап - (5 сөз)

Ап - (6 сөз)

Жап - (10 сөз)

72-жаттығу (ауызша)

Тапсырма: Сөйлемдерді оқып, құрамындағы күшейтпелі шырайды көрсетіңдер. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

73-жаттығу.

Тапсырма: Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Үлгі: өте ауыр жүк, ең тамаша ойын алаңы, тым әлсіз адам, тіпті қысқа жіп, сап-сапы жапырақтар, орасан зор күш, ап-аласа үй, әп-әдемі бала, кіп-кішкентай қыз.

Сабақты бекіту.

74-жаттығу.

Тапсырма: Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар.

Түп- түзу қайыңдар. Кеп-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ. Өте таза жер.

Сабақты қорытындылау

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не?

  • Күшейтпелі шырай қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Үйге тапсырма:

  1. 75 жаттығу.

Тапсырма: Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазып келу.

  1. 76-жаттығу.

Тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық ерекшелігіне, шырай түріне ажыратып жазу.

Бағалау.



Сабақ№ 19 « »_______2011 жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың

  1. білімділік мақсаты: Сын есімдердің жазылу ережелерімен, сөйлемдегі қызметімен таныстыру, практикада дұрыс пайдалана білуге дағдалындыру.

  2. дамытушылық мақсаты: шапшаңдыққа, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдаландыру.

  3. тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін-жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау..

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім қалай түрленеді. Мысал келтір.

  • Шырай дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Сын есімдердің емлесі


Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Күшейткіш буны арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады.

Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады.

Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы сын есімдер бөлек-бөлек жазылады.

Жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т.б.

Жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б.

Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.

Қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т.б.

Өте әдемі, тым жақсы, нағыз адам т.б.

Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі


Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер я тәуелдік, көптік, септік жалғауы жалғанса зат есімнің орнына жүреді.

Жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы болады.

Әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

Етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады.

Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал)

Шығыс септігі жалғауында тұрып, зат есімнің орнына заттанып қолданылған.

Сен бір артық көркемсің. (Жамбыл)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.(Абай)

Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан. (Жамбыл)

Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (Абай)

Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады.

Көркемсің (ІІ жақ) сөзі жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде сұр және (түсі) суық деген сын есімдер (қандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр.

Қалай құйындатқан? Желдей құйындатқан пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кімге болсын кез?) заттанып келіп толықтауыш қызметін атқарып тұр.

77-жаттығу (ауызша)

Тапсырма: Оқып шығып, сын есімдерді тауып, жазылу емлесін түсіндіріңдер.

78-жаттығу. Өздік жұмыс.

Тапсырма: Мәтінді көшіріп жазып, күрделі сын есімнің емлесін есте сақтааңдар.

80-жаттығу.

Тапсырма: Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, талдаңдар.

Үлгі: Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш.

Қандай айдың?- толық-сапалық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Айнала қандай?- тып-тыныш- күрделі сын есім, күшейтпелі шырай, баяндауыштың қызметін атқарып тұр.

Қай(қандай) айнала?- түнгі-қатыстық сын есім, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

81-жаттығу.

  1. Мақалдарды оқып, зат есімнің қазметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңдар.

  2. Қай септікте тұрғанын, қандай сөйлем мүшесі екнін айтыңдар.

«Сыңарын тап» ойыны

Мысалы: 1.Әдепті бала-арлы бала

(Әдепсіз бала-сорлы бала)

2.Батыл жігіт жол бастар,

...... ........... ............

3.Көз қорқақ, ................

4. Өнерсіз қыздан без,

..... ........ .............

83-жаттығу.

Туынды сын есімдердің жұрнағын дефис (-) арқылы бөліп жазып, олардың қай сөз табынан жасалғанын түсіндіріңдер. Сын есімдермен сөйлем құраңдар.

Сабақты қорытындылау.

  • Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

  • Сын есімнің негізгі қызметі не себепті анықтауыш делінген?

Үйге тапсырма.

1.87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.

3. Ережені оқу.







Сабақ №14

Күні: _______________

Сыныбы: _________

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауға арналған жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы білімдерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы тереңдету.

ІІ. Дамытушылық. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік. Адамгершілікке,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. 87-жаттығу.

2. Сын есімді қатыстыра отырып, жыл мезгілдеріне шағын шығарма жаз.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

І деңгей тапсырмасы. Қаттырақ, еріншектеу, көлеңкелеу, ақшылт сөздерін пайдаланып, салыстырмалы шырайға мысалдар құра.

ІІ деңгей тапсырмасы. Сөйлемдерді оқып, құрамынан сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып, мағыналарын анықта.

Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жылтырап күнмен шығылысады. Таза ауа, салқын Алатаудың қойнауынан, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқыды. Қалың орман, сазды батпақтарды күртік қар басқан. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Бұл кезде Абайдың де денесі іріленген, жауырынды, сүйекті боп қалған екен. (М.Әуезов).

ІІІ деңгей тапсырмасы.Сұрғылт, дымқыл деген сын есімдері бар Абайдың өлеңін жатқа жаз.

ІҮ деңгей тапсырмасы. Сызбадағы күшейтпелі шырайды қатыстыра отырып, досыңның портретін жаз.

Берілген сөз

Синонимдес сөз

Антонимдес сөз

Жап-жақсы

Үп-үлкен

Сеп-семіз

Шығармашылық жұмыс.

Мәтінді оқып, «Атамекен» деген ұғымды қалай түсінетініңді әңгімелеп бер. Атамекен

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жаұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл оысндай көріністі көз алдыңа келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.

Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар- бәрі көзіңе оттай басылады. Тіпті басқа жердің балаларымен қосыла қалсаң, арасына аздап өтірік қосып аулыңды мақтап жібересің. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде? Өйткені бұл сенің туған жерің, балалық бал өмірің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді.

Осылайша ойлап жатып, ұйықтап кетіппін.

Сабақты қорытындылау.

Блиц - турнир

Қай қатар бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру.

І қатар

1. боз (сын есім)

2. ерінбе (етістік)

3. оқулық (зат есім)

4. икемсіз (сын есім)

5. әсерлі (сын есім)

6. бүркіт (зат есім)

7. суретші (зат есім)

8. әдеміле (етістік)

9. көшеді (етістік)

10. тәтті (сын есім)

11. толқиды (етістік)

12. айнадай (сын есім)

13. байқадым (етістік)

14. сайрады (етістік)

15. мейірімді (сын есім)

16. ақылдас (етістік)

17. жүйрік (сын есім)

18. сенгіш (сын есім)

19. жүгіріп келемін (етістік)

20. айбатты (сын есім)

ІІ қатар

  1. оқушы (зат есім)

  2. ойнап жүр (етістік)

  3. бойшаң (сын есім)

  4. инабатты (сын есім)

  5. әндет (етістік)

  6. алғыр (сын есім)

  7. тазала (етістік)

  8. гүлдей (сын есім)

  9. жазушы (зат есім)

  10. ойлан (етістік)

  11. кең (сын есім)

  12. шақырды (етістік)

  13. сәнді (сын есім)

  14. таулы (сын есім)

  15. оқып жатыр (етістік)

  16. достас (етістік)

  17. дәмді (сын есім)

  18. балдай (сын есім)

  19. ойнағысы келеді (етістік)

  20. сарғыш (сын есім)


ІІІ қатар

  1. сыйлық (зат есім)

  2. еріді (етістік)

  3. үтікте (етістік)

  4. күйші (зат есім)

  5. көк (сын есім)

  6. қараңғы (сын есім)

  7. қызылша (зат есім)

  8. суытты (етістік)

  9. бұлттанды (етістік)

  10. бұлбұл (зат есім)

  11. аппақ (сын есім)

  12. ақылды (сын есім)

  13. әдеттен (етістік)

  14. білгіш (сын есім)

  15. жұлдыз (зат есім)

  16. талапты (сын есім)

  17. мұздай (сын есім)

  18. жылынды (етістік)

  19. шыдамсыз (сын есім)

  20. зәулім (сын есім)

Үйге тапсырма.

Осы мәтіннің желісімен өзің туып-өскен ортаң жөнінде әңгімелеп, суреттеп шағын мақала жаз.

Бағалау.




Сабақ№ 22 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сан есімнің түрленуін түсіндіру.

дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сан есім дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады.


  1. Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.


  1. Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді.

Домбырада он перне, екі ішек бар.

Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.


  • Есептік сан есімдер тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптелеі, септеледі, тәуелденед, жіктеледі.

  • Жинақтық сан есімдер көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдайды.

  • Бөлшектік сан есімдер әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді,, бірақ көптелмейді, тәелдік жалғауларын қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.

88- жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіру.

89-жаттығу.

Мәтіндерді оқып шығып, сан есімді мағыналық түріне қарай ажырату.

ІІІ бөлімдегі сан есімдерді цифрмен жазып, емлесін айту.

Сан есімдер сандық мөлшерін білдіпі тұр ма, әлде заттанып тұр ма ажырату.

10 шақты, 50-60-тай, 7-8, 1,3.,3,5., 7-еу, 100-100-ден, 5-5-тен, 23-ші, 1956, 2-топ, 1975 жыл, 10-15-тей, 12-де, 37-де, 100 шамалы, 60-қа таяу, 17-ден асты.

90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу, құрамына қарай талдау.

Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.

дара

күрделі

жеті

Он екі, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.

Жаңа материалды бекіту.

Қорытынды.

  • Сан есімдер нені білдіреді және сұрақтары қандай?

  • Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

  • Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 91-жаттығу. Оқып шығып, сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, емлесін түсініп, сөйлем құрау.

  2. 92-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөздерімен бірге жаттап келу.

Бағалау.

Сабақ№ 23 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сан есімнің сөйлемдегі қызметін түсіндіру.

дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сан есімнің түрленуі дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.


Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Атау септікте тұрып бастауыш болады.

Жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш болады.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіркендіктен, сөйлемде анықтауыш болады..

Септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал)

Атадан- алтау, анадан- төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)

Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.)

Кездесіп жетпіс үште іздегенім. (Жамбыл)

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады (мақал)

Алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып, бастауыш болып тұр.

Алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) (І жақ жіктік жалғауы түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде екі (неше?) деген сан есім «достың» деген сөзді, біреуінің (кімнің?) «ебі» дегенді анықтап тұр.

Жетпіс үште (қашан кездесіп?) пысықтауыш болып тұр.

Бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Біз үш түрлі ( қандай?) кедергіден өттік. Гектарынан 15 центнер (қанша?)бидай орылды. (анықтауыш)

93-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркесінін атаңдар.

Үлгі: Қанша үйлі жан?- жиырма- анықтауыш, есептік сан есім.

94-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдердің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын астын сызып көрсетіңдер.

95-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен сан есімдерді тауып, тұлғасына және мағынасына қарай талдаңдар.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

«Уақыт -таразы» деген тақырыпта сан есімдерді түрлендіре жұмсап, мақала жазып келу.

Бағалау.







Сабақ№ 24 « »________ жыл

Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Дала»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы М.С.Атабаева «Білім» баспасы, 2006

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. Мәтінді оқу.

Дала шіркін, кең пейіл, аңқылдаған мырза жігіттей бүкпесі жоқ, ашық-жарқын-ау! Айнала тып-тыныш, тосын дыбыс құлаққа шалынбайды. Далада не шу болсын. Ұшқан құстың шырылы, жазық төсін еркін аралаған ерке желдің сусылы, ақ селеу, көде, ақ шидің әлсіз сыбдыры шу болып па!

Ақ дала сұлқ түсіп, монтиып, бұйығып жатыр. Бірақ осының бәрі бір қарауға ғана. Шырқау биікте шаншылып қалықтап қыран жүр. Оның кең дүниені шолуы тегін емес. Даланың иесіз, тыныш жатуы алдамшы нәрсе. Тып-тыныш мүлгіп жатқан алуан өмірде, алып дүниеде қаптаған тіршілік бар. Қыранның қалықтауы тегін болмағаны ғой.

Дала сыртынан тыныш көрінгенімен, жайбарақат жатқан дүние жоқ. Қыран көзінен дала төсінде қыбырлаған қалт кетпейді. Әне, биіктен төмен қарай тастай құлдырап, шүйіле жөнелді. Ендеше даланың тыныш жатқаны бекер болды ғой. (Б.Тілегенов, 121 сөз.)


ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

  1. Мәтіннен алған әсерлеріңді жазып ой толға.

  2. Өз елестетулерің бойынша даланың суретін салу.




ІІ тоқсан

Сабақ№ 1 Күні:_______________

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі. Жіктеу есімдігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - есімдіктердің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және оқушыларға жіктеу есімдіктерінің ерекшеліктерін байқату.

Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік - оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, ой қозғау, мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі.

ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.

ΙΙΙ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Ой қозғау.

-Есімдіктер дегеніміз не?

Есімдіктер-есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

Заттық ұғымдағы (субстантивті)

Көптеліп, септеліп, тәуелденіп, жіктеліп қолданыла береді

Заттың белгісі (атрибутивтік)

Мен, сен, кім? не?

Бұл, сол, қай?

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.


септіктер

мен

сен

ол

біз

сіз

А

І

Б

Т

Ж

Ш

К

мен

мен-ің

ма-ған

мен-і

мен-де

ме-нен

мені-мен

сен

сенің

саған

сені

сенде

сенен

сенімен

ол

оның

оған

оны

онда

одан

онымен

біз

біздің бізге

бізді

бізде

бізден

бізбен

сіз

сіздің

сізге

сізді

сізде

сізден

сізбен






Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі


Жақ

Ммн,біз

сен,сіз, сендер,сіздер

ол, олар

І


ІІ





ІІІ

мен-мін

біз-біз



сен-сің

сіз-сіз

сендер-сіңдер

сіздер-сіздер







ол

олар



Мәтінмен жұмыс.

97-жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерді табыңдар. Олар есімдіктердің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер.


  • Тапсырма. Ақынның кімді құрметтеңдер деп тұрғанын әңгімелеңдер.

98-жаттығу.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, Баубек Бұлқышев жайында естеріңе түсіріңдер.

  2. Батыр жазушы нені өсиет етті?

  3. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, қандай тұлғада келгендігін талдаңдар.

Өздік жұмысы.

Мәтінді оқып, Мағжан ақынның ақындық қасиетін өзіңе үлгі ет, ұлы адамдардың ізгі істері- үлкен тәрбие деп түсін.

Мағжан- алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың.

Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқандай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріксіз бір сезім туғыады. (Ж.Аймауытов)

  • Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қай сөз табына жататынын айтып беріңдер.

  • Есімдіктерді табыңдар.


Сабақты қорытындылау.

-Есімдік дегеніміз не?

- Есімдіктің басқа сөз таптарынан ерекшелігі неде?

- Жіктеу есімдігі септелгенде қандай ерекшелік байқалады?

- Жіктеу есімдігі тәуелдене ме?

Үйге тапсырма.

1.97-жаттығу.

Мәтінді оқып, мазмұнын сұрақ-жауап әдісімен әңгімелеңдер.

Мәтінге байланысты сұрақтар дайындап келу.

Мәтіндегі жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеңдер.












































Сабақ№ 2 Күні:_______________

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Сілтеу есімдіктерінің түрленуі ( тәуелдену үлгісі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Сілтеу есімдіктерінің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және оқушыларға сілтеу есімдіктерінің тәуелденуін, септелуін ұғындыру, ерекшеліктерін байқату.

Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік - оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Жіктеу есімдігін ата.

  2. Жіктеу есімдіктерінің септелуін ата.

ΙΙΙ. Жаңа сабақ.

Сабағымыздың мақсаты сілтеу есімдіктерінің тәуелденуі мен септелуін ажыратып, түсініп, оның ерекшеліктерін байқау және осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімше тәуелденеді және септеледі.

Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Септелгенде олардың мынандай рекшеліктері байқалады:

  1. Бұл, ол, сол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі;

а) ілік, табыс, жатыс септіктерінде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады.

ә) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н дыбысына айналады.

б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында ы дәнекері пайда болады.


  1. Барыс септік жалғауы - ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады;

3. Осы, бұл, ол, сол сілтеу есімдіктері табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып, бастауыш болғанда сызықша қойылады.

Мысалы:

1)Бұлар - станцияның маңдай алды құрылысшылары.

2) Бұл - аңыраған ана Наталья.







Сілтеу есімдігінің тәуелдену үлгісі


Тәуелдену

Жақ

Бұл

Сол

Ол


Оңаша

І менің

ІІ сенің сіздің ІІІ оның

бұным бұның

бұныңыз

бұнысы

соным

соның

соныңыз сонысы

оным

оның оныңыз

онысы



Ортақ

І біздің

ІІ сендердің

сіздердің

ІІІ олардың

бұнымыз

бұларың

бұларымыз бұлары

сонымыз соларың

соларымыз

солары

онымыз

оларың

оларымыз олары


Септелу үлгісі


Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес

бұл

бұның

бұған

бұны

бұнда

бұдан

бұнымен

сол

соның

соған

соны

сонда

содан

сонымен

ол

оның

оған

оны

онда

одан

онымен


  1. 100 - жаттығу (ауызша талдау)

Мәтінді оқып, жіктеу, сілтеу есімдіктерін табу және олар қандай тұлғада тұрғанын көрсету.

  1. 101 - жаттығу жазбаша.

ΙV. Бекіту.

Үлестірмелі парақшалар.

  1. Сол, бұл, ана сілтеу есімдіктеріне сөйлем құра.

  2. Мен мұнда бұрын болмаппын. Бұл ғажап екен. Менің жүрегімде бір үлкен сезім қалды.

Мына сөйлемдердің ішінен сілтеу және жіктеу есімдіктерін тап.

  1. Мен сіздерді көргенім қандай тамаша. Бұған өзім де сенер - сенбестей болып аң - таң қарап қалыппын.

  2. Мына сөйлемдердің ішінен жіктеу есімдігін тап.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. 102 - жаттығу.

2. Сілтеу есімдігіне байланысты 5 сөйлем құрау.

3. Ережені оқу.

VΙ. Бағалау. Үй тапсырмасын айтып, сұраққа жауап берген, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ№ 4 « »________2011 жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру;

дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: смын тұрғысынан ойлаутехнологиясының стратегилары ,сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, кестелер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

102-жаттығу. Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз.

Мысалы: Сен кімнің баласысың?

103-жаттығу. Нешінші, қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, мағыналық, тұлғалық жағынан салыстырыңыздар.

Жіктеу І нешіншімін, қайсымын

ІІ нешіншісің, қайсысысың

нешінсіз, қайсысыз

ІІІ нешінші, қайсысы

Тәуелдеу І нешіншім, қайсысым

ІІ нешіншің, қайсысың

нешіншіңіз, қайсысыңыз

ІІІ нешіншісі, қайсысы

Жаңа сабақ. Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

Өздік есімдігінің септелу үлгісі (оқулықта берілген)

Өздік есемдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелуі (оқулықта берілген)

Өзім есімдігін септеп, біреуіне сөйлем құра.

Атау септік өзім

Ілік септік өзімнің

Барыс септік өзіме

Табыс септік өзімді

Жатыс септік өзімде

Шығыс септік өзімнен

Көмектес септік өзіммен

Өзің есімдігін жіктеп, біреуіне сөйлем құра.

І. Өзіңмін, өзіңбіз

ІІ. Өзіңсің , өздеріңсіңдер

Өзіңсіз, өздеріңсіздер

ІІІ. Өзің

Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.

Өзім- тәңірі табынамын ........(өзіме)

Сөзім-құран, бағынамын.......! (сөзіме)

Бұзушы да, түзуші де.......(өзіммен)

Енді, ескілік, келдің өлер..........! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев

Керекті сөздер: сөзіме, өзіме, өзіммін, кезіңе

Тапсырма: өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын анықта.

Өзім- түбірі өз,- ім тәуелдік ж.І жағы

Өзіме- түбірі өз,-ім тәуелдік ж.І жағы, е барыс септігі

Өзіммен- түбірі өз,-ім тәуелдік ж. І жағы, -мін жіктік ж. І жағы.

Мақал-мәтелдерді сөйлем мүшесіне талда.

  1. Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.

  2. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

Тәуелсіз Қазақстан

Отант деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз- әр адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны- Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсан біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы- барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес.

Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

«Қазақстан тарихынан»

Тапсырма: есімдіктердің түрлерін анықтап теріп жазу.

Жаңа материалды бекіту.

Логикалық диктант

  1. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? (өз)

  2. Өзісіздер есімдігі қандай тұлғада тұр? (түбірі өз, -і- тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы, -сіз- жік.ж. ІІ жағы (сыпайы түрі), -дер-көп.жалғау)

  3. Өзіңмен қай септікте тұр? (қөмектес)

  4. «Өз үйім-өлең төсегім» деген мақалда өздік есімдігі қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (анықтауыш)

  5. Өздік есімдігі бар бір мақал жаз.

Қорытынды. Кластер стратегиясы.

Үйге тапсырма

  1. Эссе жазу «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» (есімдіктерді, әсіресе өздік есімдіктерін қолдану)

  2. Тест құрастыру.

Бағалау.





Сабақ№ 7 « »________ жыл

Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қызғалдақ»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы М.С.Атабаева «Білім» баспасы, 2006

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. Мәтінді оқу.

Қаратау өңірінің гүл-гүл жайнап, құлпыратын шағы-сәуір, мамыр. Бұл кезде осы өңірдегі дүниелік қайта туып, қайта жасарғандай, тегіс балауса тартады. Таудың жота-жота, бел-белі, қолдың саласындай қара күрең беткейлері ал қызыл түрікмен кілеміндей жайнайды. Жан-жағыңа көз салып назар тіксең, бір ғана қызғалдақтың өзінен көз тұнады. Жауқазын бүршігінен жаңа ғана ашылған дала қызғалдақтары көңілдің хошы, көздің нұры секілді, жүректі қытықтайды. Қызғалдақ! Қызғалдақ! Бұл-таудың көктемгі көркі.

Бүкіл күніскей бетті алып жатқан ақ,көк, сары, көгілдір, шұп-шұбар, қара ала қанат көбелектерге ұқсаған тау гүлдерінің түрі көп-ақ. Міне, бүгін гүл теруге шыққан бір топ қыз-келіншек Хатағының қауқиған қара төбесіне өрмелеп бара жатты. Бұлар ерте тұрған. Күн шықпай-ақ тау беткейіне жеткен. Таңертеңгі таза ауамен дем алған көңілді топ тау төсіне өрмелеп, ұзай түсті.

(С.Бақбергенов, 120 сөз)

Тапсырма: Сын есімдерді, есімдіктерді теріп жазу.


ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Есімдіктерді қатыстырып «Менің сүйікті достарым» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.





Сабақ№ 10 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Осы шақ. Нақ осы шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Осы шақтың, нақ осы шақтың мағынасын ұғындыру;

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

ІҮ. Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру. Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

Етістіктің қолдану аясы да, мағынасы да кең сөз табы екені ескеріледі.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

Осы шақ болатын етістіктердің

мағыналық белгілері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Сөйлеп тұрған кездегі Әрдайым болып тұрған кездегі

іс-әрекетті білдіреді дағдылы іс-әрекетті көрсетеді

Түрлері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл СабақтыңСабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ

Осы шақтың түрлері

Жасалу жолдары

Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

«отыр, тұр, жүр, жатыр» етістіктері арқылы жасалады.

Көсемшенің -а,-е,-й жұрнағынан кейін жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады.

Көріп отыр, жанып тұр, ойнап жүр, көмектесіп жатыр

Айтады, сөйлейді, келеді

Мұғалімдер үйінде не болып жатқаны анық көрінеді.

Ахметов сөйлеп тұр.

Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сөйлейді.

Ахметовтің сол жағында Оспанов үстелге жабысып алып, сүйкетіп жазып жатыр. /Б.Соқпақбаев/

Сабақтың маңызды белгілері мен ерекшелігін ажырату.


Нақ осы шақ

Қалып етестіктерінің жіктелу үлгісі


Жақ

отыр

тұр

жүр

жатыр

Жекеше

І

ІІ

ІІІ

отырмын

отырсың

отырсыз

отыр

тұрмын

тұрсың

тұрсыз

тұр

жүрмін

жүрсің

жүрсіз

жүр

жатырмын

жатырсың

жатырсыз

жатыр

Көпше

І

ІІ

ІІІ

отырмыз

отырсыңдар

отырсыздар

отыр

тұрмыз

тұрсыңдар

тұрсыздар

тұр

жүрміз

жүрсіңдер

жүрсіздер

жүр

жатырмыз

жатырсыңдар

жатырсыздар

жатыр

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі

Жақ

жекеше

көпше

І

ІІ


ІІІ

оқып отырмын

оқып отырсың

оқып отырсыз

оқып отыр

оқып отырмыз

оқып отырсыңдар

оқып отырсыздыр

оқып отыр


Оқулықпен жұмыс.

126-жаттығу. Оқып шығып, нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Үлгі: опырайып тұр- негізгі етістік пен тұр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалған.

Тапсырма: Тақырыптың неліктен «Ер ана» атанғанын әңгімелеңдер.

Шығармашылық жұмыс.

127-жаттығуды диктант ретінде жаздыру.

Тапсырма: Нақ осы шақтың күрделі түрлерінің астын сызып, қалай жасалып тұрғанына көңіл бөліңдер.

128-жаттығу. Әңгімеге тақырып қойыңдар. Оқиғаның нақ осы шақта болып жатқанын қандай етістіктер дәлелдейді.

Сабақты бекіту.

Жазып отыр , айтып жатыр етістіктерін жіктеу.

Қорытынды.

  • Етістіктің шақтары дегеніміз не?

  • Осы шақтың мағыналық түрлерін ата.

  • Осы шақтың түрлері.

Үйге тапсырма.

  1. 129- жаттығу. Нақ осы шақтың (отыр, тұр, жүр) жалаң түрі мен оқып отыр, желбіреп тұр, ұшып жүр деген күрделі түрлерін қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыру.

  2. Ережені оқу.

Бағалау.










Сабақ№ 11 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Осы шақтың, ауыспалы осы шақтың мағынасын ұғындыру;

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

Етістіктің қолдану аясы да, мағынасы да кең сөз табы екені ескеріледі.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әректтің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.

Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемшенің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады:

  1. Бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын береді.

  2. Енді бірде алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді.

Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі

  • жақ

    жекеше

    көпше

    І

    ІІ


    ІІІ

    айтамын,келемін, сөйлеймін

    айтасың, келесің, сөйлейсің

    айтасыз, келесіз, сөйлейсіз

    айтады, келеді, сөйлейді

    айтамыз, келеміз, сөйлейміз

    айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер

    айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер

    айтады, келеді, сөйлейді

Оқулықпен жұмыс.

130-жаттығу. Көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Тапсырма: Өздеріңмен бірге оқитын оқушылардың достығы туралы не айтар едіңдер?

131-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, нақ осы шақ етістікті бір бөлек, ауыспалы осы шақ етістікті бір бөлек жазыңдар.

132-жаттығу.

Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, автордың айтпақ ойларын таратып түсіндіріңдер. Мәтіндегі ауыспалы осы шақты білдіретін етістіктерді тауып құрамына қарай талдаңдар.

Етістік (талдау)

  1. Құрамына қарай : бір, екі, үш құрамды

  2. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды

  3. Құрылысына қарай: дара, күрделі

  4. Лексикалық мағынасы

  5. Грамматикалық мағыналары

  6. Сұрағы

  7. Мағыналық топтары

  1. Салт,сабақты

  2. Шақтары

Қорытынды.

  • Ауыспалы осы шақ қалай жасалады?

  • Мысал келтір.

Үйге тапсырма.

  1. 133-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты тауып, оны нақ осы шаққа айналдырып жазыңдар.

  2. Табиғаттан алған әсерлеріңді суреттеп шағын шығарма жазу.

  3. Ережені оқу.

Бағалау.







Сабақ№ 12 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Келер шақтың түрлері. Болжалды келер шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 133-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты тауып, оны нақ осы шаққа айналдырып жазыңдар.

  2. Табиғаттан алған әсерлеріңді суреттеп шағын шығарма жазу.


  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

  1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?

  2. Осы шақтың түрлерін ата.

  3. Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақтың ерекшелігі неде?

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Іс- қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді.

Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.

Етістік- (-ар,-ер,-р)+ жіктік жалғауы

Етістік- (мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+ (-шы,-ші)+ жіктік жалғауы

Етістік+ (-а,-е,-й)+ жіктік жалғауы

Ертең сабаққа бар-ар-мын.

Ертең сабаққа бар-мақ-шымын.

Ертең сабаққа бар-а-мын.

Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

ІІІ

бар-ар-мын, кел-ме-с-пін

бар-ар-сың, кел-ме-с-сің

бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз

бар-ар-, кел-ме-с-

бар-ар-мыз, кел-ме-с-піз

бар-ар-сыңдар, кел-ме-с-сіңдер

бар-ар-сыздар, кел-ме-с-сіздер

бар-ар-, кел-ме-с-

Ескерту. Болжалды келер шақ-с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әректтің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады:

Бар-ма-с-пын, кел-ме-с-пін.

Кейде І жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып , -н түрінде ғана жұмсалады.

Мысалы, бар-ма-с-пын- бар-ман, сөйле+ме+с+пін-сөйле+мен болып та қолданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.

Жаңа материалды меңгерту.

136-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Үлгі: жетер- есімшенің-ер жұрнағы арқылы жасалған.

137-жаттығу. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.

138-жаттығу. Келер, жазар, көрінбес, оқыр деген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.

жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

ІІІ

Келермін,жазармын, көрінбеспін, оқырмын

Келерсің, жазарсың, көрінерсің, оқырсың

Келерсіз, жазарсыз,көрінерсіз, оқырсыз

Келер, жазар, көрінбес,оқыр

Келерміз,жазармыз,көрінбеспіз,оқырмыз

Келерсіңдер,жазарсыңдар,көрінбессіңдер,оқырсыңдар

Келерсіздер, жазарсыздар,көрінбессіздер, оқырсыздар

Келер,жазар,көрінбес,оқыр

Сабақты қорытындылау.

  • Келер шақтың түрлері

  • Келер шақ дегеніміз не?

  • Болжалды келер шақ қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 139-жаттығу. Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінен етістіктің шақтарына 2-3 мысал жазып келу.

  3. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ 13 « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақсатты келер шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Мақсатты келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 139-жаттығу. Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінен етістіктің шақтарына 2-3 мысал жазып келу.

  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Болжалды келер шақ қалай жасалады? Мысал келтір.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Жасалуы:

Етістіктің түбіріне -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы арқылы жасалады.

Етістіктің -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағынан соң -шы,-ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы арқылы жасалады.

-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек және -шы,-ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы мақсатты келер шақтың болымсыз түрі жасалады.

Мен ауылға бар+мақ+пын.

Сен ерте кет+пек+сің

Мен ауылға бар+мақ+шы+мын. Сен ерте кет+пек+ші+сің.

Кемекші емеспін, бармақ емес-сің.



Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

ІІІ

бармақпын, бармақшымын

бармақсың, бармақшысың

бармақсыз, бармақшысыз

бармақ-, бармақшы-

бармақпыз, бармақшымыз

бармақсыңыдар, бармақшысыңдар

бармақсыздар, бармақшысыздар

бармақ-, бармақшы-

140-жаттығу. Оқып шығып, мақсатты келер шақты тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Морфологиялық талдау (келер шақ тұлғасындағы етістіктерге)

Үйренбек- бек жұрнағы арқылы жасалған, түбірі-үйрен, салт етістік.

Саумақ- мақ жұрнағы арқылы жасалған, түбірі- сау, салт етістік.

141-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңмен мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді тауып, жағымды не жағымсыз мағынада айтылғанын айырыңдар.

Шығармашалық тапсырма.

Ақынның айтпақ ойын өз сөздеріңмен жазып шығыңдар.

Сабақты бекіту.

Айтпақпын, келмекшімін етістіктерін жіктеу.

Сабақты қорытындылау.

-Мақсатты келер шақ қалай жасалады?

Болжалды келер шақ пен мақсатты келер шақтың айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма:

  1. 142-жаттығу. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.

  2. Ережені оқу.

Бағалау.





Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы келер шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Ауыспалы келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 142-жаттығу. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құрап жазу.


  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Мақсатты келер шақ қалай жасалады? Мысал келтір.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің -а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады.

Сөйлемдегі мағынасы арқылы ажыратылады.

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақ

Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде түнделетіп.

Ол ертең барады. Ауылға мен кешке келемін.

Осы шақ

Келер шақ

Ол мектепте оқиды.

Бұл жерде ағаш өседі.

Мен ылғи ерте тұрамын.

Ол өлең жазады.

Ол сабағын кешке оқиды.

Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.

Мен ертең ерте тұрамын.

Өлеңді ол есейгенде жазады.

Ескерту. Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта І жақ жіктік жалғауы (мын,-мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады.

Мысалы:

Айт+а+мын- айт+а+м,

Кел+е+мін- кел+е+м ( көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән)

Оқулықпен жұмыс.

143-жаттығу. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдырып жазыңдар.

144-жаттығу. Көшіріп жазып, келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар, келер шақтың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Сабақты бекіту.

145-жаттығу. Баяндаймын, баяндамақпын, баяндармын деген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Жақ

жекеше

көпше

І

ІІ


ІІІ

Баяндаймын, баяндамақпын, баяндармын

Баяндайсың, баяндамақсың, баяндарсың

Баяндайсыз, баяндамақсыз, баяндарсыз

Баяндайды, баяндамақ, баяндар

Баяндаймыз, баяндамақпыз, баяндармыз

Баяндайсыңдар,баяндамақсыңдар,

баяндарсыңдар

Баяндайсыздар, баяндамақсыздар, баяндарсыздар

Баяндайды, баяндамақ, баяндар

Сабақты қорытындылау.

  • Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ қалай ажыратылады?

  • Ауыспалы келер шақ қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 146-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын толық жазып келу.

  2. Сөйлемдерді аяқтап тұрған етістіктердің осы шақ немесе келер шақ екенін анықтаңдар.

  3. Ережені оқу.

Бағалау.




Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақтың түрлері. Жедел өткен шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 146-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын толық жазып келу.

  2. Сөйлемдерді аяқтап тұрған етістіктердің осы шақ немесе келер шақ екенін анықтаңдар.


  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Келер шақтың түрлерін ата.

- Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ қалай ажыратылады?

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.

Мысалы: Ол оқуды бітірді.(бітіру) Мен бұл кітапты оқыдым.(оқу) Ол кезде сен оннан асқансың. (асу) Шалдың бір баласы болыпты.(болу)

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың

Жедел өткен шақ- қимылдың ,іс-әркеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді.

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды,-ді,ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.

Мысалы: асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.

Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекше

көпше

І

ІІ


ІІІ

Келдім, айттым, алмадым

Келдің, айттың, алмадың

Келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз

Келді-,айтты-, алмады-

Келдік, айттық, алмадық

Келдіңдер, айттыңдар, алмадыңдар

Келдіңіздер, айттыңыздар, алмадыңыздар

Келді-, айтты-,алмады-




жақ

жекеше

көпше

І

ІІ


ІІІ

-ң (анайы түрі)

-ңыз,-ңіз (сыпайы түрі)

(жалғауы жоқ)

-қ,,-к

ңдар,-ңдер (анайы түрі)

ңыздар,-ңіздер(сыпайы түрі)

(жалғауы жоқ)


Оқулықпен жұмыс.

148-жаттығу.

Тапсырма.

  1. Оқып шығып, қазақ елі түрлі ұлттардың Отаны бола білгендігін түсініңдер.

  2. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Сабақты бекіту.

149-жаттығу.Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар. Ойна. Жүгір. Жарыс. Сөйле.

Үлгі : бар-бардым, бардың, бардыңыз, барды.

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым.

Одан да шықты жаңғырық. (Абай)

150-жаттығу.

1.Мәтінді оқу.

2. Жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазу.

3. Морфологиялық талдау жасау.

Қорытындылау.

  • Өткен шақтың түрлері.

  • Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Үйге тапсырма.

  1. 151-жаттығу.

А) Потанинге мінездеме беру.

Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.

2. Ережені оқу.

Бағалау.

Сабақ№ « »________ жыл












Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ.

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Бұрынғы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 151-жаттығу.

А) Потанинге мінездеме беру.

Ә) Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді тауып жазу.


  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Өткен шақтың түрлерін ата.

- Жедел өткен шақ қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.

Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің.Ол ауылға барыпты.

Жасалуы:

-ып,-іп,-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.

-ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.

ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшеге немесе ып,-іп,-п тұлғалы көсемшеге де (еді) көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады.

Мен бар-ып-пын, сен кел-іп-сің, ол айт-ып-ты.

Мен бар-ған-мын, сен ке-ген-сің, ол айт-қан.

Оқыған едім, оқыған едік, білген екенсің,

Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгілері

жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

ІІІ

айтыппын, келіппін

айтыпсың,келіпсің

айтыпсыз, келіпсіз

айтыпты, келіпті

айтыппыз, келіппіз

айтыпсыңдар, келіпсіңдер

айтыпсыздар, келіпсіздер

айтыпты, келіпті

І

ІІ

ІІІ

айтқанмын, келгенмін

айтқансың, келгенсің

айтқансыз,келгенсіз

айтқан-,келген-

айтқанбыз, келгенбіз

айтқансыңдар, келгенсіңдер

айтқансыздар, келгенсіздер

айтқан-, келген-


Оқулықпен жұмыс.

152-жаттығу. Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Тапсырма. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, қайта жазып шығыңдар.

153-жаттығу. -ған,-ген,-қан,-кен формалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін тауып, оларды теріп жазыңдар. Жедел өткен шақпен салыстырыңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.

154-жаттығу.(ауызша)

Мәтінді оқып, Әлихан Бөкейхан жөнінде білетіндеріңді ортаға салыңдар.

  • Әлихан Бөкейхан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  • Ә.Бөкейхан қандай тұлға?

  • Мәтіннен оқығандарыңнан басқа Әлихан Бөкейхан туралы не білесіңдер?

Сабақты қорытындылау.

  • Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?

  • Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма.

1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.

2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.

2. Ережені оқу.

Бағалау.














Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы өткен шақ

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Ауыспалы өткен шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.

дамытушылық мақсаты: етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту;

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.154-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызу.

2. Өткен шақ түрлеріне қатысты етістігі бар 5 мақал-мәтел жазып келу.


  • Тақырыптық байланыс болуын ескеріп, өткенді еске түсіру.

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдар еске түсіріледі.

- Етістіктің шақтары дегеніміз не?

- Бұрынғы өткен шақ қалай жасалады?

- Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығы неде?

Ү.Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Жіктеліп келіп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі)жұмсалады.

Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің?

Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі


жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

ІІІ

Көретінмін, қарайтынмын, баратын едім

Көретінсің,қарайтынсың,баратын едің

Көретінсіз, қарайтынсыз, баратын едіңіз

Көретін-,қарайтын-, баратын еді-

Көретінбіз, қарайтынбыз, баратын едік

Көретінсіңдер, қарайтынсыңдар, баратын едіңдер

Көретінсіздер, қарайтынсыздар, баратын едіңіздер

Көретін-, қарайтын-, баратын еді-

Материалды меңгерту тапсырмалары.

155- жаттығу. Оқып шығып, ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Үлгі:


Түбірі

жұрнағы арқылы жасалған

І. Тұр

Оқы

Қайт

Көрін-бе

ІІ.Соқ

Ал

Қара

-атын

-итын

-атын

-йтін

-атын

Атын

-йтын


156-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді шақ түрлеріне қарай талдаңдар.

157-жаттығу. (топқа бөлу)

І топ Осы шақ

ІІ топ Келер шақ

ІІІ топ Өткен шақ

Барлық шаққа (жарыс ойыны)

Ойын бастаушы тақтаға бірнеше етістіктер жазып (жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы), оларды барлық шаққа жарыса жіктеуді тапсырады.ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, екі топтан екі бала кезекпен шығып, тақтадағы алғашқы етістікті жекеше, көпше түрде жарыса жіктейді. 1-бала жекше түрін айтқанда, 2-бала іле-шала көпше түрін айтуы керек. Әр етістікті жіктеуге екі баладан шығып, ойынды жалғастыра береді. Берілген етістіктің барлығын жаңылмай дұрыс жіктеп шыққан топ жеңіске жетеді.

Сабақты қорытындылау.

  • Ауыспалы өткен шақ қалай жасалады?

  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма.

  1. 157-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы өткен шақ етістіктердің түрлері мен жасалу жолын айтыңдар.

  2. Көркем әдебиеттен етістіктің шақтарына мысалдар жазып келу. (шығарманың тақырыбын, авторын жазу)

  3. Ережені оқу.

Бағалау.


Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың

білімділік мақсаты: етістік шақтары туралы алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарын жинақтау.

дамытушылық мақсаты: шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің іс жүзінде қолданылу жолдарын үйрету.

тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ақылды болуға, ата-ананы сыйлауға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Әдісі: оқу құралдарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс істеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтағы слайдтар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 157-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы өткен шақ етістіктердің түрлері мен жасалу жолын айтыңдар.

  2. Көркем әдебиеттен етістіктің шақтарына мысалдар жазып келу (шығарманың тақырыбын, авторын жазу)

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ой қозғау.

  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер? Шақтың қандай түрлері бар?

Топпен жұмыс.

І топ осы шақ туралы баяндама жасайды.

ІІ топ келер шақты сипаттайды.

ІІІ топ өткен шақ туралы баяндама жасайды.

Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Өздік жұмыс.

158-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, шақтық мағынаны білдіретін етістіктерді теріп жазып, оны қасында отырған оқушы тексереді.

  2. Е көмекші етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап айтыңдар.

159-жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді шақтық мағынасына, тұлғасына қарай бөліп жазыңдар.

Үлгі:

Жеткізер-келер шақ, негізі етістік

Өсер- келер шақ,негізгі етістік

Жасаған- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік

Көрген- бұрынғы өткен шақ, негізі етістік

Сүйрер- келер шақ, негзі етістік

Бар- осы шақ, негзгі етістік

Мекендейтін- ауыспалы өткен шақ, туынды етістік

Көрдім- осы шақ, негізгі етістік

Тереңдейтін- ауыспалы өткен шақ, туынды етістік

Жүреді-осы шақ, негізгі етістік

Көреді- осы шақ, негізгі етістік

Түсінген- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік

Туған- бұрынғы өткен шақ, негізгі етістік

Өздік жұмысы..

Тапсырма: Етістік шақтарына арналған бірнеше сөйлем болады. Сол сөйлемдерден оқушылар үндемей отырып, ішінен етістіктерді теріп жазады және етістіктердің қай шақты білдіретінін айтады.

1. Өнер- білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.(өткен шақ) (Ы.Алтынсарин)

2.Нұрлан хат жазып отыр.(осы шақ)

3. Оқушы кітап оқып тұр. (нақ осы шақ)

4. Атасының ана жылғы айтқан сөзі, ата бейнесі Жұмақанның көз алдына елестейді.

( ауыспалы осы шақ)

5.Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізер. (болжалды келер шақ)

6.Демалыста оқушылар қалаға баратын.(өткен шақ)

7.Асан домбыра тартты, мен өлең айттым. (жедел өткен шақ)

8.Ол ауылға бүгін баратын еді. (ауыспалы өткен шақ)

9. Ол мектепке ерте баратын. (келер шақ)

Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.

  1. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрінде тұрған көрсетіңіз.

А. Көрдік

Ә. Көріп тұр

Б.Көріппін.

В.Көрмедік.

  1. Етістіктің болжалды келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

А. Келеді

Ә. Келермін

Б.Келмейді

В. Келіп кетті

3. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А. Қадірледі

Ә. Қадірлейтін+

Б. Қадірлейді

В. Қадірлепті

4. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.

А. Сырласатын

Ә. Демалып жатыр

Б. Пісірді

В.Ызаландырмақ+

5.Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.

А. Баяндалған

Ә.Баяндалды

Б.Баяндама

В.Баяндар

6. Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А.Тасуда

Ә.Тасылды

Б.Тасушы

В.Тасымас

7.Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.

А. Жеткізер

Ә.Жеткізген

Б.Жеткізді +

В. Жеткізеді

8. Қалып етістігін табыңыз.

А. Жүр +

Ә. Ет

Б. Де

В. Кел

9. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

А. Айтып тұрды

Ә.Алып жүрген

Б. Оқымай жүр +

В. Бара жатыр еді

10. Ауыспалы келер шақты табыңыз.

А. Кешке әкем жұмыстан келеді.+

Ә. Ол жылда көлге барады.

Б. Қыста көп қар жауды.

В. Мен көп алма жедім.

Үйге тапсырма.

  1. 162-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар.

  2. Етістіктің қай шақты білдіріп тұрғанын көрсетіп, шақ түрлеріне талдау жасап, қалай жасалғанын ажырату.

Бағалау.

Пысықтау сабағына жақсы қатысқан, тест жұмысынан көп ұпай жинаған,жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап,бағалау.








Сабақ№ 19 « »________ жыл

Пәні : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қысқы таң»

Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет: Диктанттар жинағы М.С.Атабаева «Білім» баспасы, 2006

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. Мәтінді оқу.

Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі.

Түні бойы қылаулаған болу керек. Кеше ғана айнадай қып сыпырып, күреп тастаған есік алданда жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты боп, шұлықтан асар-аспас қылау қар көлпілдеп жатыр. Сатай торы дөнен тұрған қораға барғанша, үлпек қар табанына шодырайып жабысып қалды.

Бұл кезде таң әбден атқан. Тұман сәл сейілгендей болды, бірақ сол бқлыңғыр қалпы. Аспан мен жердің еш айырмашылығ жоқ, біртегіс ақ бұлыңғыр. Ұшқындаған ақ қырау таусылар емес, құйылып тұр. Қырау басқан торы дөненнің жал-құйрығы апақ. Сатайдың бойы тоңазып, кірпіктері қайта-қайта айқасып, жабысып қап келеді. Ол бойын жылытпақ боп, торы дөненді тебініп, шаба жөнелді.

(С.Мұратбеков, 120 сөз)


ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма.

«Қысқы таң» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.



Сабақ№ « »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзіндік пікір білдіру деңгейін, шығармашылық қабілетін дамыту, еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттау,ойын жазбаша түрде жүйелі баяндауын қалыптастыру; ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдісі:: шығарма жазу, ауызша мазмұндама.

Көрнекіліктер: Мәтіндер, слайдтар

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кееңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

1.Шығармашылық жұмыс (ауызша мазмұндама)

«Атасы мен Жұмахан»

Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне бастап әкеліп, қолымен ағаштың бұтағын сипап, аз үнсіз отырды. Сонан бір кезде атасы әлденені күбірлеп айтқандай болды. Жұмахан ата сөзіне құлақ тосып, сөзін ұқпақ болды. Атасы аппақ сақалын қолымен тарамдай отырып:

  • Сақалым ағаш күрек борға малған,-деп жұмулы көзін ашып, айналаға қарады. Бірақ еш нәрсені болжай алмағандай, қайтадан ыңылдап:-Кәрілік немді қойдың қорламаған,-деп ағашқа сүйенді.

  • -Жұмахан күніне бір мезгіл келіп қасында еркелеп отырмаса, атасы іздейтін. Жұмахан қасына келгенде, Жәкең басынан сипап еркелетіп отыратын. Кейде: «Бүгіл, бұрау құсаған қыңырым, қандай адам болар екенсің. Әкең құсаған дарылдаған бақырауық боламысың, әлде шешең құсаған таңғы тауықтай шақырауық боламысың»,- дейтін.

Жәкеңнің қадағалап айтса естіп қалатын құлағына Жұмахан: «тәте, мен өзіңе тартам»,-дейтін. «Жарайсың, Жұмаханым, жарайсың, тек жақсы бол.Заманың жақсы. Оқы, адам бол»,-дейтін Жамбыл ақын.

«Әдемі сөйлеу» минуты.

Шарты:

  1. Бір оқушы жаттығу мәтінін 2 рет мәнерлеп оқиды, ал қалған оқушылар мұқият тыңдап отырады да, толық мазмұнын ауызша баяндайды.

  2. Әрқайсысы өз аталары мен әжелері туралы әңгіме айтуларына да болады.

  3. Оқушы сөйлеп тұрған кезде, оның етістік шақтарын қалай пайдаланып тұрғанын аңғарту.

2.Шығарма жазу.

«Мектептес достар» немесе «Кім болам?» деген тақырыптардың бірін таңдап, етістіктің шақ түрлерін қатыстырып, шағын шығарма жазу.

3.Конспект жазу. Етістіктің шақтарын пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланып , ойларын жинақтап, еске түсіру конспектісін жазу.

4. Қорытындылау.

5. Үйге тапсырма. Етістіктің шақтық мағынаны білдіретін етістіктерді пайдалана отырып, оқулықтың ең соңында күнделік жазып үйренуге арналған жаттығумен танысып, келесі сабаққа дейін 2-3 күнге арнап күнделік жазып келу.








© 2010-2022