Ағылшын тілі сабағында елтану бағытында оқушылардың танымын қалыптастыру

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі сабағында елтану

бағытында оқушылардың танымын қалыптастыру

«Мен бүгінгі үрпақтың үш тіл білуін қолдаймын .Мемлекеттік тіл мемлекет құрушы ұлттың тілі , ал орыс тілін білу ұлы байлық

Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз . Ал қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіріп , жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді».

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы , оның іс -әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім жолы қиын да қатерлі жол . Болашақ жастарды оқыту тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда .

Білім берудегі мақсат- тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек . Шетел тілін үйрету қиын да ,қызықты жұмыс . Қаэіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру ,оқушылардың ойлау ,есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру , жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады .Оқушылардың ағылшын тілін біліп қана қоймай , оның тарихын , ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді . Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты шетел тілінде сөйлеуді үйрету ,байланыста бола алумен ортақ тіл табысып , қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса , тәрбиелік мақсаты өзге адамдарды тыңдау , мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету .

Ел ертеңіне алаңдайтын болашақ тұтқасын ұстайтын саналы

да ,білімді ұрпағымыздың қалыптасуына тілдің әсері мол . Өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі сөз өнері , сөйлеу өнері екендігін оқушыға сездіре отырып , ағылшын тілі сабағында қазақ тілімен шетел тілін сабақтастыра отырып , оқушының өз тілін қастерлеуге , өзге тілді білуге , үйренуге деген талпынысын арттыру керек . Сонымен ойы терең , сөзі өткір , өзіндік пікір болжамы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде тіл үйренудің заман қажеттілігінен туындағаны анық .

Қазіргі кездегі мектептердің басты мақсаты ана тілі , орыс тілі , ағылшын тілдерін оқушыларға қатар үйрету болып отыр .

Мектеп оқушыларына реформа талаптарына сай жан жақты білім беру үшін оларды ғылымға ынталандырудың ,сол арқылы өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастырудың сан алуан жолдары бар . Осындай жалпы педагогикалық талаптарға жауап берерліктей жұмыс түрлерінің бірі ағылшын тілі сабағында оқушылардың елтану бағытында танымын қалыптастыру .

Жалпы шет тілін оқытуда біз алдымызға бірнеше мақсат қоямыз . Олар тілдің грамматикасын , лексикасын , фонетикасын үйрету , сонымен қатар шет елдің мәдениетімен , салт дәстүрімен , ұлттық ерекшелігімен таныстыру . Англияның көрнекті жерлерін , астанасын көрсету арқылы оқушылардың танымын кеңейтеміз . Жеті жұрттың тілін біл Өз тіліңді құрметте дегендей , еліміз Қазақстанның да көрнекті жерлерін , ұлттық ерекшелігін көрсетуге болады . Сабақ барысында оқушылардың елтану бағытында танымын қалыптастырудағы мақсат олардың сабақта алған білімдерін тереңдету , ой өрісін кеңейту , тілін оқып жатқан елдің саяси , мәдени өмірін , білім беру жүйесін , салт дәстүрін тереңірек таныстыруды көздейді . Оқушылардың ой өрісін , сөздік қорын байытып , басқа елдердің тілін , салт дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді . Елтану бағытындағы жұмыстың тәрбиелік мәні оқушылар өз бетімен ізденеді , білімдерін көтеруге талпынады , пәнге деген қызығушылығы артады , өз Отанын сүйе біледі , сол арқылы өзге елдерге , халықтарға құрметпен қарайды .

Қазіргі заман жан жақтылықты талап етеді , сондықтан өмірден өз жолын табуға , беделді кәсіпті игеруге , өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй , жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттігі туындап отыр .


© 2010-2022