Тақырыбы: Біздің қалалар 3 сынып

Саяхатсабағы                                          Джукеева Н.С №125 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сынып: 3 Тақырыбы: Біздің қалалар Сабақтың  мақсаттары:  1.Білімділік: өтілген модуль бойынша тақырыптарды қайталау, меңгергенін сараптау,оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету,тапсырмаларды түрлендіру арқылы септік жалғауларын тәжірибелік жолмен меңгерту 2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдысын дұрыс қалыптастыру,талдау,жинақ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Саяхат сабағы

Джукеева Н.С №125 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі

пәнінің мұғалімі

Сынып: 3

Тақырыбы: Біздің қалалар

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: өтілген модуль бойынша тақырыптарды қайталау, меңгергенін сараптау,оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету,тапсырмаларды түрлендіру арқылы септік жалғауларын тәжірибелік жолмен меңгерту

2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу дағдысын дұрыс қалыптастыру,талдау,жинақтау арқылы іске асыру, ізденімпаздық қасиетін дамыту.

3. Тәрбиелік: тапсырмаларды ұқыпты орындауын талап ету,тілге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: кестемен жұмыс, талдау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,суреттер,күйтабақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Міндеттері:

Сабақта ынтымақтастық жағдайын қалыптастыру

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың назарын сабаққа аударуды ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Балалар,Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Сен қай қалада тұрасың?

III. Негізгі бөлім:

Балалар бүгін сіздер үшін ерекше сабақ,сендердің ата-аналарың, мұғалімдер қонаққа келіп отыр,сондықтан сабаққа белсенділікпен қатысуларың керек.Бүгінгі сабақта «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша саяхатқа шығамыз.Жол бойы бірнеше бекеттер кездеседі.Ол бекеттерден өту үшін берілген тапсырмаларды орындап,білімдерімізді көрсету керекпіз.Барлықтарыңы сәттілік тілеймен! Іске сәт!

IV. «Шымкент қаласы» бекеті

Cұрағы: Шымкент қаласы туралы не білесіңдер?

Мен Оңтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Біздің облысымыз үлкен.

Облыс орталығы -Шымкент қаласы.Шымкент- үлкен,әдемі қала. Қалада зауыттар,фабрикалар, түрлі фирмалар жұмыс істейді. Мен қалада тұрамын. Біздің қалада университеттер,институттар,мектептер,дүкендер,ауруханалар бар.Маған менің қалам өте ұнайды.

«Шымкент» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

V . «Театр» бекеті

Сұрақтары: а) Алматы қаласындағы театрлар туралы әңгімелеп беру.

б) «Театр» сөзін септеу.

Сергіту сәті.

VI. «Цирк» бекеті. Қос тілде сөйлейік

Клоун - сайқымазақ понравился - ұнады

Юрта - киіз үй обезьяна - маймыл

Интересно - қызықты медведь - аю

Зрители - көрермендер

Оқулықпен жұмыс.2-тапсырма.Суреттердің орнына сөздерді жазып,септік жалғауларын анықтау.

VII. «Алматы» қаласы бекеті.

Сұрақтары: а) Алматы қаласы туралы әңгімелеп айту.

б) Қысқы олимпиадада қандай спорт түрлерімен жарыстар өтті?

в) Қазақстан қандай жүлделерге ие болды?

VIII. «Ән» бекеті

Бұл бекетте оқушылар қазақша ән,өлең айтады.

IX. Оқушыларды бағалау кезеңі.

X. Рефлексия

  • Бүгін сабақта не білдің?

  • Нені түсінбедің?

  • Саған сабақ ұнады ма?



© 2010-2022