«What does your father do?» Сабақ

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «What does your father do?»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Present Simple шағын үш жақта қолдана отырып, «What does your father (mother, aunt, uncle) do?» деген сұрақ арқылы кімнің не істейтінін сұрап білуді және «Is she a student?» деген сияқты сұрақ арқылы біреудің қызметін анықтауды үйрету. Мамандыққа байланысты қолданылатын a doctor, an engineer, a dentist, a teacher, a house wife, a driver, a worker, a lawyer, a bank manager, a secretary деген сөздерді енгізу.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, білім алуға сапалы көзқараста болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және ойлау қабілетін дамыта отырып, қоғамдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

1.Суреттер пайдалана отырып, түсіндіру.

2.Сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін білу.

3.Жұптық жұмыс және жазу жұмысын жүргізу.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, тақта

ағылшын тілінің 1000 сөзі

деңгейлік тапсырмалар


Сабақтың барысы


1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа даярлау.

2.Тілді жаттықтыру.

Happy birthday to you!

Happy birthday to you!

Happy birthday dear Asel!

Happy birthday to you!

Happy birthday to you!

3.Жаңа сабақ.

«What does your father do?»

Сенің әкең не істейді? Сөз тіркесін оқушыларға бірнеше рет қайталату. Кәсіби мамандыққа байланысты қолданылатын сөздерді енгізу. Әр түрлі мамандық иелерінің суретін көрсетіп тұрып: «This is a teacher», «This is a doctor» деп түсіндіремін. Кейбір мамандық иелерін ажырату мүмкін емес, сондықтан оларды аударма арқылы түсіндіру керек.


4.Жаңа сөздерді дыбыстау.

Оқушыларды бұл сөздерді хормен және жеке-жеке айтып үйренеді.

«What does Omar's father do?» деген сұрақты енгізу. Бұл сұрақты да жоғарыдағы суреттердің көмегімен «What does she (he) do?»

«He is a doctor» деп түсіндіруге болады.

5. Дыбыстау

6.Хормен және жеке-жеке айтқызып үйрету. «What does Omar's father do?» деп әр оқушыдан сұрап, олардан «is a student» деген жауап аламын.

7.Жұптық жұмыс.

2, 3 -жаттығулар бойынша жұптасып сөйлесу. Сол үлгіні пайдалана отырып, өз әке-шешелері, туыстары жайында жұптасып сөйлесу.

«Is he (she) a student?» деген сұрақты енгізу. Оны түсіндірудің жолы алдыңғыдай.

8.Дыбыстау. Жұптық жұмыс.

6-жаттығу бойынша жұптасып сөйлесу. Осы үлгі бойынша 3-жаттығудағы адамдар жөнінде жұптасып сөйлесу.

9.Жазу жұмысы.

Әр оқушы өзінің әке-шешесі, туыстары туралы жазады.

10.Үйге тапсырма:

Жұмыс кітабындағы 1,2,3,4,5 - жаттығуларды орындау.







© 2010-2022