Жемістер мен көкөністер

"Описание материала: 7 сынып Сабақ № 31 Тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдар. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстырып, білімдерін толықтыру. Сабақ барысында сөздік қорын молайту, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа лексикалық сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап. Сабақтың көрнекіліктері: презентация Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Әнұран айту. Үй тапсырмасын сұрау. II. М...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


(3 - сынып, орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау,
үйренген сөздерді , сөз тіркестерін қайталау, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеуге үйрету, есте сақтайын қабілеттерін дамыту, сауатты жазу, оқуға дағдыландыру, тілдерін жаттықтыру.
Тәрбиелік: Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қадірлеуге, бір- біріне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, таңғажайып сәт, сұрақ- жауап, венн- диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: « Жемістер, көкөністер» суреттері, алма ағашы, мандарин ағашы, компьютер
Пән аралық байланыс: математика, орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Отырыңдар!
- Бүгін сыныпта кім кезекші? ( кезекшіден аптаның күні мен ауа- райы, оқушылардың түгелдігін тексеру)
Оқушыларды қазақ тілі сабағына психологиялық дайындық жүргізу: оқушылардың көздерін жұмылдырып, ең қызықты, жағымды сәттерін естеріне түсіртіп, елестеткізу.
II.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1. Ұйымдастыру.
2. Нәтиже сабақ
3. Сабақты бекіту.
4. Сабақты қорыту.
5. Үй тапсырмасын беру
6. Бағалау
III.Нәтиже сабақ
- 1) Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыпты қайталай отырып, санамызға тереңірек түйсінеміз. Ендеше, мына сызба бойынша өткен тақырыптарға байланысты сөздерді бір әріптен кейін келесі әріпті оқи отырып табыңдар. (Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы)

Ж
Р К
С Е
Е Ө
І М
Т К
Н І
С Ө

2)Тілді жаттықтыру
- Енді біз сендермен тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер костап, аяқтаңдар.
Огурцы - қияр,
А граната - ...

Мороз - аяз,
А лук - ...

Жираф - керік,
А абрикос - ...

Один - жалғыз,
А арбуз - ...

Сад - бақ,
А тыква - ...

Зеркало - айна,
А яблоко - ...

Усы - мұрт,
А груша - ...

Кобыла - бие,
А вишня - ...

Земля - топырақ,
А капуста - ...

Фрукт - жеміс,
А овощ - ...

.- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын!
Сары түске жамылып,
Күн суытып келеді.
Мектепке де шақырып,
Қай мезгіл бізге келеді?
(КҮЗ)

3) - Балалар , қазір біз сендермен қызықты ойын ойнаймыз.
«Тапқыр достар » ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Үстелдің үстінде алма ағашы мен мандарин ағашы тұрады. Ағаштардың әр бұтақтарында гүлдер өседі. Сол гүлдердің артында тапсырмалар жазылған. Ең алдымен оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топ өз капитан командасын таңдайды. Капитандар кезекпен тапсырмаларды оқиды, топ оқушылары оны орындайды.Дұрыс жауап берген бала гүлдің орнына жеміс іледі. Кімнің ағашында жеміс көп болса, сол топ жеңеді.
Алма ағашының тапсырмалары:
1. Алма туралы тақпақ айту.
2. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыру: жүзім, өрік, қияр.
3. Мынау кім? ( мұғалім )
4. Қандай сөз артық: шабдалы, анар,алма, пияз, мандарин.
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: орамжап...рақ, қ...рбыз, алм...рт, өр...к.

Мандарин ағашының тапсырмалары:
1. Қазақша өлең айт.
2. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыру: қызанақ, орамжапырақ, мандарин.
3. Қандай сөз артық: анар, сарымсақ, картоп, бұрыш, сәбіз.
4. Мынау кім? (аспаз )
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: қыз...лша, өс...ді, алх...оры, шабд...лы.
- Менің сендерге деген тағы да бір ойын - сайысым бар. Шарты мынандай: компьютерде бейнеленген көкөністер мен жемістер берілген. Бірінші топ жемістерді, екінші топ көкөністерді ажыратып, қазақ тілінде тақтаға кезекпен шығып жазады.
IVМұғалім:
- Келесі кезек мәтінмен жұмыс.
4) « Бақта » мәтінімен жұмыс: а) оқу
ә) аудару
б) сұрақ- жауап

- Балалар,сергіту сәтін орындап, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.

VВенн- диаграммасы.
- Жемістер мен көкөністердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын білдіретін Венн- диаграммасын құрайық.
- «Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада алмалар мен алмұрттың суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды.

VI Сабақты бекіту.
- Балалар, бүгінгі сабақта қандай жаңа дүниелерді танып, қандай тағы да мағлұматтар білгілерің келеді? Соның бәрін осы «Ой толғаныс» (рефлексия) кестесіне толтырып жазайық.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

VIIСабақты корыту.
- Оқушылар, бүгін сабақ барысында көптеген сөздерді қайталап, білімімізді жетілдірдік. Ендеше, білім туралы мақал - мәтел айтайық. Балалар, мектептің кіре берісінде қандай білімге қатысты мақал жазылып тұр. Әрине, «Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» деген мақал. Олай болса, бүгінгі сабағымызды осы мағыналы мақалмен қорытайық.
VIIIБағалау
IXҮй тапсырмасын беру.
1. Келесі сабақта «Дүкен» ойынын ойнаймыз, сол үшін жемістер мен көкөністердің суретін үлестірмелі қағаз ретінде дайындап келіңдер.
2. «Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» мақалының мағынасын, мәнін үйден біліп келіңдер.

© 2010-2022