Ересектерге қазақ тілін оқытудың А1 – қарапайы деңгейіне арналған жұмыс бағдарламасы

Бағдарлама қазақстандық топтастыруда қабылданған бес деңгейлік оқытуды (қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1, ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1) көздейді.        Бағдарламаның негізгі мақсаттары: Тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып , әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгей...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Риддер қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК



«Келісемін» «Бекітемін»

Риддер қаласының «Мәдениет «Тілдерді оқыту

және тілдерді дамыту бөлімі» ММ орталығы» КМҚК

басшысы директоры

________ Г.С. Сейтказына ________М.Қаржаубаева

«___» _________ 2015 жыл «___» _________ 2015 жыл




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Ересектерге

қазақ тілін

оқыту


А1 - ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ


120 сағат






Риддер - 2015

Ересектерге қазақ тілін оқытудың

А1 - қарапайы деңгейіне арналған

жұмыс бағдарламасына

АЛҒЫ СӨЗ


ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы аумағында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың типтік бағдарламасын ұсынды. Ол 2012 жылғы 27-қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бағдарлама негізін ғылымилық, жүйелілік, функционалдылық, концентрлік, минимумдылық, бірізділік сияқты лингвистикалық, дидактикалық ұстанымдар құрайды.

Бағдарлама қазақстандық топтастыруда қабылданған бес деңгейлік оқытуды (қарапайым деңгей - А1, базалық деңгей - А2, орта деңгей - В1, ортадан жоғары деңгей - В2, жоғары деңгей - С1) көздейді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары: Тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып , әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін меңгеру.

Міндеттері: Өз бетінше білім алу қабілетін дамыту; когнитивтік, зерттеу біліктілігін қалыптастыру; ақпараттық мәдениетін дамыту; ой-өрісін кеңейту және тіл үйренушінің жалпы мәдениетін көтеру.

А1-қарапайым деңгейге арналған оқу бағдарламасы жоғарыда атап кеткен типтік бағдарламаның және мемлекеттік стандарттың негізінде жасалған.

Курс мақсаты: тіл үйренушіге күнделікті қатысым жағдаяттарында қарапайым коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін меңгерту.

Міндеттері: Болған оқиға мен іс туралы хабарлай білуге, сұрақ қоюға; заттың бар жоғын, неден, қалай жасалғаны, сапасы жайлы, оқиға болған жері мен себебін сипаттауға; тілек айтуға, ұсыныс, шақыру, келіспеушілік білдіру, қарсылық білдіру формаларын қолдана алуға үйрету; затқа, іске, оқиғаға, тұлғаға өз көзқарасын білдіре алуға, байланысты грамматикалық конструкцияларды құра алу, құра алу дағдыларын қалыптастыру.

Курс ұзақтығы: 120 сағат.

Күтілетін нәтиже: курс соңында тіл үйренуші қатысым барысында тұрмыспен, мәдени-әлеуметтік саламен байланысты шағын сөйлем, диалогтар құрастырып, ауызекі сөйлеу тілінде сұхбаттаса алуы қажет.

Бағдарламаны құрастырушы: Риддер қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК әдіскері Садыкова Құралай Кәукенқызы.

Өзіндік жұмыс түрлері: ізденіп оқу; арнаулы коммуникативтік жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі; тесттік тапсырмалар.

Білімді бақылау: 1-4 межелік бақылаулар - тіл үйренушілердің білімін бағалауға бағытталған сынақ түрі.

1-2 рейтинг - оқытушының жұмыс нәтижесін және тіл үйренушілердің білім сапасын бағалауға бағытталған сынақ түрі.

Оқытудың оқу-әдістемелік, дидактикалық-көрнекілік тұрғыдан қамтамасыз етілуі:


  1. Е. Романенко. «Грамматика казахского языка для русскоязычных» Алматы. 2010.

  2. С.И. Акласова, Б.К. Ағажаева, Д. Сағиева. Қарапайым деңгейге арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені. Өскемен. 2008.

  3. З.С. Кузекова. Қарапайым деңгейге арналған «Қазақша сөйлейміз» жаттығулар жинағы. Астана. 2010.

  4. «Учимся говорить по казахский» сайты.

  5. «Қазақша сөйлейміз» аудио курс. Өскемен. 2008.

  6. А.Ж. Төрениязова, Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова. «Орысша-қазақша тілашар» Астана. 2011.

  7. Қазақ тілін меңгерудің тақырыптық-лексикалық минимумы. Астана. 2011.

  8. Г.Қ. Досумбетова, З.С. Ерназарова, З.С. Кузекова, А.О. Тымболова, «Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш» Астана. 2012.

  9. Г.Қ. Досумбетова, А.Қ. Балабекова, А.Т. Бозбаева-Хунг, Ә.Ж. Хазимова,

Б.О. Салыхова. «Қазақ тілі» Қарапайым деңгей. Оқулық. Астана. 2012.

  1. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін. Астана. 2011.

Ересектерге қазақ тілін оқытудың

А1 - қарапайы деңгейіне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ.


Модуль

Сабақ саны

Лексикалық тақырып


Грамматикалық тақырып


Сағат саны

Кіріспе

1

Мотивациялық дәріс

2

2

Деңгейді анықтаудың кешенді тесті

2

1. Танысу


1

Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.

Қазақ әліпбиі. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

2

2

Алғыс айту. Кешірім сұрау.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.

2

3

Өтініш білдіру. (Диктант)

Көптік жалғау. Жалғаулардың орын тәртібі.

2

2. Ауа-райы, уақыт

1

Уақыт кезеңдері.

Сан есім.

2

2

Ауа райы.

Сын есім.

2

3

Өзі жайлы.

Т+4 Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері.

2

3. Мен және менің отбасым

1

Отбасым. Отбасы мүшелері қандай адамдар?

Т+2 Ілік септік. Сын есім.

2

2

Баспана.

Есімдік түрлері.

2

3

Материалдық жағдай.

Т+3 Барыс септік. Ауыспалы келер шақ.

2


1

І межелік бақылау

2

4. Адам, адамның дене құрылысы

1

Адам. Ұлт. Нәсіл.

Тұйық етістік. Етістік түбірі.

2

2

Адамның дене мүшесі.

Нақ осы шақтың күрделі формасы.

2

3

Континент халықтарын сипаттау.

Өткен шақ.

2

5. Адамның мінез-құлқы


1

Сезім .

Т+3 Табыс септік.

2

2

Мінез.

Сын есім. Оның сөйлемдегі орны.

2

3

Өзгелерді таныстыру.

Заттың сапалық қасиеті.

2

6. Менің достарым

1

Достар, таныстар.

Сөз тіркесі.

2

2

Көршілер.

Жай сөйлем түрлері.

2

3

Мінездеме беру.

Т+3 Жатыс септік.

2


1


ІІ межелік бақылау

2

7. Менің үйім

1

Баспананы суреттеу.

Т+3 Шығыс септік.

2

2

Бөлмені, құрылысты сипаттау.

Көмекші сөздер.

2

3

Өз танысыңның үйін суреттеу.

Шылау. Оны пайдалану тәртібі.

2

8. Дастарқан

1

Тамақ .

Көмектес септік.

2

2

Тағамдар мен сусындар.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Нешеден нешеге дейін тамақ дайындадық?

2

3

Тағам дайындау.

Жіктелмейтін сөйлемдер.

2

4

Аралық емтиханға дайындық


2

5

Аралық емтиханға дайындық


2

6

І РЕЙТИИНГ

(Аралық сынақ)

2

9. Табиғат, өсімдіктер мен жануарлар

1

Қоршаған орта.

Антонимдер .

2

2

Шығыс Қазақстанның көрікті жерлері.

Етістіктің жіктелу түрінен сөйлем құрау.

2

3

Құрлықтар мен елдер.

Қайталанатын іс-әрекеттің мезгілі.

2

10. Менің жұмысым

1

Менің жұмысым мен мамандығым.

Бұйрықты сөйлем.

2

2

Біздің ұжым. Құттықтау.

Мақсат мағыналы предикат.

2

3

Жұмыс аптасын жоспарлау.

Үстеудің негізгі мағыналық топтары.

2

11. Сауда орындарында

1

Сауда орындарында.

Ойлау мағыналы предикаттың күрделі түрі.

2

2

Шеберханада.

Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі.

2

3

Киімдерді сипаттау.

Сын есім шырайлары.

2




ІІІ межелік бақылау


2

12. Денсаулық

1

Дәрігерде.

Тура объектінің берілуі.

-ып, -іп, -п ауырады.

2

2

Ауруханада. Ауру белгілері.

Жанама объектінің берілуі.

2

3



Дәрілік шөптің емдік қасиеті.

Сылау, қыздыру, дем алу, керек / қажет.

2

13.Әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мекемелер

1

Поштада, банкте төлем жасау.

Жіктелмейтін сөйлем.

2

2

Қонақүйде. Жатақханада.

Құрмалас сөйлемдер.

2

3

Жөндеу орындарында.

Ыңғайлас, салалас, құрмалас сөйлемдер.

2

14. Менің қалам

1

Кассадан билет алу.

Нешеден нешеге дейін?

2

2

Қаламыз .

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер.

2

3

«Менің қалам» тақырыбында әңгіме жазу.

Хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлем құру.

2


ІV межелік бақылау


2

15. Спорт

1

Салауатты өмір салты.

Кеңістіктік қатынастың берілуі.

2

2

Туризм.

Іс-әрекет мезгілінің жай сөйлемде берілуі.

2

3

Демалысым .

Іс-әрекет мезгілінің жай сөйлемде берілуі.

2

16. Білім

1

Оқу пәндері сабақта.

Жай сөйлемді күрделендіру.

2

2

Оқу залында.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем .

2

3

Жұмыста.

Кеңістіктік қатынастың берілуі.

2

4

Қорытынды сынаққа дайындық


2

5

Қорытынды сынаққа дайындық


2


6

ІІ РЕЙТИИНГ

(Қорытынды сынақ)

2

ЖИЫНЫ:

120 сағат


© 2010-2022