Конспект урока на тему Әсемпаз болма әрнеге

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев (1845-1904) «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Жалпы мақсаты

Ақынның өлеңін түсіну, мазмұны мен мағынасын анықтау, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқуға баулу.

Күтілетін нәтиже

-ақын өмірі мен шығармаларын еске түсіреді;

-Абай ақын жайында қосымша мәлімет жинайды;

-шығармаларын сүйсініп оқуға дағдыланады.

Сілтеме

Оқулық: 6 сынып. Әдебиет. Оқулық авторлары: : К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал

Қолданылған әдістер мен тәсілдер

Топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің стратегиялары: эссе, өрмекшінің торы

АКТ

Ресурстар

Оқулық, стикерлер, маркерлер,ұялы телефон, компьютер, презентациялар, А3 форматтары

Сабақтың реті

1.Ұйымдастрыу. 3 топқа бөлу ( Абай ақынның өлең жолдары арқылы бөлу. ). 1 мин

2.Сабақ барысы. Блум таксономиясы бойынша 39 мин

3.Үй тапсырмасы 5 мин

4.Үйге тапсырма 1 мин.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

уақыты

мұғалімнің әрекеті

оқушының әрекеті

модульдер

Топқа бөліну

1 мин

3 топқа бөлу. (Абай ақынның өлең жолдары арқылы оқушылар топқа бөлінді)

І топ: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»

ІІ топ: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»

ІІІ топ: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ».

Үй тапсырмасы

4 мин

Тапсырма № 1

Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі

топпен жұмыс жүргізіледі.

СТО «Өрмекшінің торы»

Білу

5 мин

Жаңа тақырыпты меңгеру.

1. «Қазақтың бас ақыны Абай» тақырыбында презентациядан көрсетілім.

2.Ашық сұрақтар қойылады.

-Абай ақын туралы не білеміз?

-Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Ақын көбінесе не туралы жазады?

3. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі.

топпен жұмыс

АКТ

диалогтық оқыту

Түсіну

5 мин

Жаңа тақырыпты түсіну.

Тапсырма №2

Оқулықпен жұмыс.

1.Өлең не туралы?

2. Ақынның айтайын деген ойын анықтаңыз.

3.Түсініксіз сөздерді теріп жазыңыз.

1.Жеке жұмыс жүргізіледі;

2.Топта өлең мазмұнын талқылайды;

3.Ойларын ортаға салады.

диалогтық оқыту

Қолдану

15 мин

Тапсырма №3

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»

Постер қорғау.

(Оқушылар жұмыс жасап жатқанда ақынның әнін қосып қою.)

Постер жасау.

І топ: Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге шақыра отырып,оларды қандай адамгершілік, асыл мінездерге үндейді?

ІІ топ:Өлеңдегі «пайда, мақтан,мінін ұрлап,жасыру» тәрізді сөздердің мән-мағынасына көңіл бөліңдер, олардың синонимдерін атаңдар.

ІІІ топ: Осы өлеңнен ақынның нақылға, қанатты сөздерге айналып кеткен өлең жолдарын табыңдар.

топтық жұмыс, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

АКТ(ұялы телефон)

Талдау

Жинақтау

10 мин


Тапсырма № 4

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.

Үздік шыққан эссені жестпен бағалау.

жеке, топпен жұмыс.

СТО : эссе;

ОүБ

Бағалау

Рефлексия

4 мин

Мұғалім оқушылардың өзара бағалауларын бақылайды, қорытады.

«Бір сурет, бес сөз»

Оқушылар өз -өздерін бағалайды.

Сабақтан алған әсерін А4 форматына сурет салып және бес сөз жазу арқылы көрсетеді.

ОүБ

Үй тапсырмасы

1 мин

Ақын туралы деректер тауып оқу; «Әсемпаз болма әрнеге » өлеңін жаттау

Күнделіктеріне жазып алады.





© 2010-2022