Доклад Модульдік оқыту технологиясы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бала дамуының ең шарықтау шегі -

бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

Л.С. Выготский

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл техноологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды.

I-репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды.

II-алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III-ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV-шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармалар, шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

  • Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;

  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы

  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;

  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;

  • Оқушы белсенділігінің оянуы;

  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;

  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;

  • Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:

  • Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;

  • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;

  • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;

  • Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;

  • Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;

  • Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;

  • Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.

Жұмысымдағы негізгі бағытым: Қазақ тілі және кәсіптік қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану, ал мақсатым: оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту.

Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы-оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы математика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.

Жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, ол игеруге тиімді, оқытушы мен білім алушының арасында қарым-қатынас орнатуға икемді болуы тиіс. Қазіргі әрбір ізденімпаз оқытушының міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Соңғы кезде уақыт талабына сай өз тәжірибемде мен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

Өзімнің тәжірибеме келсем, мен орыс тілінде білім алатын топтардағы қазақ және кәсіптік қазақ тілінде деңгейлеп оқыту технологияның элементтерін жиі қолданамын.

Осы технология бойынша сабағымда мына бағытта жұмыс жасаймын:

- ұжыммен жұмыс;

- топпен жұмыс;

- жеке оқушымен жұмыс;

- дарынды оқушы дайындау.

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария.

Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтың бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал-саймандарды пайдаланған.

Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге тқзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады.

Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді.

сағанақ - жердь

қанат - решетка

қиғаш - по диагонали

шеңбер - круг

I деңгей

  1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

II деңгей

  1. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Сильный ветер, дождливые дни; большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок, шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер.

III деңгей

Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

IV деңгей Режиссер А.Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С.Сейфуллин)

Оқушылар 1-ші көріністі көреді.

  1. Сөз тіркестерін есіңізге сақтап қалыңыз.

қоңақ сыйлау шаңырақ сыйлау

шаштың ағын сыйлау ақсақалды сыйлау

қарияларды сыйлау ата-ананы сыйлау

амандасу сәлемдесу

  1. Шаңырақ сыйлау көзқарасы тұрғысынан қонақтың іс-әрекетіне мінездеме беріңіз.

Охарактеризуйте поведение гостя с точки зрения шаңырақ сыйлау.

ТІЛ ДАМЫТУ

А.Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С.Сейфуллин) "Погоня в степи"

Төртінші көрініс (четвертый фрагмент)

I деңгей

Берілген етістіктердің болымсыз түрін құрыңыз.

Образуйте отрицательные формы данных глаголов по образцу

жасыру - жасырмау үндеу - __________

сату - __________ асырау - __________

қорғау - __________ әурелеу - __________

санау - __________ айту - __________

I деңгей

Сын есімдерді есте сақтаңыз. Запомните прилагательные.

  1. қайырымды - милостивый, любезный, добрый

әділетті - справедливый, правдивый

әділ - справедливый, честный

әділлет - справедливость, честность

Оқыңыз, аударыңыз. Прочитайте и переведите:

  1. қайырымды жігіт әділетті жігіт

қайырымды екенсің әділетті екенсін

қайырымдысың әділеттісің

К кому относятся эти характеристики?

II деңгей

Әр етістікпен сөйлем құрыңыз.

Составьте с каждым глаголом предложение

(Они являются важными для понимания данного фрагмента)

жасыру - спрятать,укрывать, скрывать

үндеу - призывать, подавать голос

сату - продавать

қорғау - защищать

асырау - кормить, воспитывать

айту - говорить, сказать

әурелеу - мучить

ату - стрелять

атау - называть

III деңгей

  1. Өткен көріністерді еске түсіріп Хамиттің істеріне сипаттама беріңіз.

Хамит кім еді?

Ол немен айналысты?

Ол Круминнен қандай тапсырма алды?

Ол қайда кетті?

Ол кіммен кездесті?

Саттардың сөзі Хамитке қалай әсер етті?

Ол қандай шешім қабылдады?

III деңгей

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Әңгімеге кімдер қатысты?

  2. Қария не айтты? Оның бейнелі түрде айтылған қысқаша сөздерін түсіндіріңіз.

  3. Саттар не туралы айтты?

  4. Хамит Саттардың сөзін қалай қабылдады?

  5. Қызыл әскер кімді жақтады? Неге?

  6. Хамит Иванды қалай атайды?

  7. Хамит қандай шешім қабылдады?

  8. Диалогты көру, тыңдау, сұраққа жауап беру, рольде ойнау.

  1. Сөйлемді орыс тілне аударыңыз. «Құдығымызға тас лақтырғандар» деген сөзді түсіндіріңіз.

Переведите предложение.

Объясните смысл этой фразы «Құдығымызға тас лақтырғандар».

Шал Құдығымызға тас лақтырғандардың қайсысын санап жүрміз, бізсіз-ақ тауып алмайсың ба, білсең?!

ШІЛДЕХАНА

«Бала тойлары» тақырыбында «Шілдехана» мәтінімен жұмыс жасаймыз.

I деңгей

Оқушылар шілдехана тойы туралы мәтінді оқиды, слайд арқылы сұрақтарға жауап береді.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.

Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады, күй тартады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша коңіл көтереді. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылады. Қыз - келіншектер мен бозбалалар айтысады, жеңгендері тоғызын алады. Осылайша жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді

Шілдеханаға тек қана жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендері қатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрістені жын - шайтан, перілдердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

II деңгей. Оқушылар берілген сөздердің қосымшаларын ажыратады.

Үлгі: Халқының - халық - түбір, зат есім

-ы - тәуелдік жалғау, III жақ

-ның - ілік септігі

Халқының, жастары, шілдеханаға, анасын, ойындар, үлкендері, салқынынан, перілердің, сенімі, нәрестені.

III деңгей

  1. Диалогты рольге бөліп сурет бойынша ойнаңыз.

  2. Көріністің мазмұнын үш-төрт сөйлеммен айтып беріңіз.

IV-шығармашылық деңгей.

Шілдехана тойында айтылатын әндер туралы мәлімет дайындаңыз.

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Жыл мезгілдірі тақырыбына берілген деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.

Мұзды, мінезді, мәдениетті, таудай биік, сүттей аппақ, сусыз дала, үйдей үкен, баласыз үй, күзгі жауын, жазғы ыстық, қысқы суық, көктемгі жылылық.

ІІ деңгей

Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний, весенний.

ІІI деңгей

Көрсеткен сөздермен сөйлемдер құраңыз (7 сөйлемнен кем болмау қажет).

Мұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.

IV деңгей

«Менің жақсы көретін жыл мезгілім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

Шығармашыл мұғалім педагогикалық әдебі жоғары, өз білімін тұрақты көтеріп отыратын, сабағында инновациялық технологияларды қолданатын тұлға болуы тиіс ден ойлаймын. Өз жұмысымда мен дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту технологияларды жиі пайдаланамын. Осы жұмыстың нәтижесінде бірнеше оқу-әдістемелік құрал дайындадым, ашық сабақтар өткізіп, семинарларға қатысып жүрмін.

Қорытындылай келе, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындау барысында шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілеті мол оқушы дайындау - әрбір ұстаздың міндеті.



№ 1 мектеп-лицейі

Баяндама

« Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі»









Дайындаған: Кәрібаева Г.Т.











Қостанай қаласы

2015-2016 о/ж

© 2010-2022