Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет. Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,ақ қағаздар. Шаттық шеңбері: Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан  жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан. Әңгімелесу. - Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе? - Өзара сыйластыққа қалай жетуге  болады? - Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет.

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,ақ қағаздар.

Шаттық шеңбері:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу.

- Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

- Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

- Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Мәтінмен жұмыс.

Үш дос. М.Төрежанов.

-Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

-Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»

Сабақтан түйген ойлар ойын-жаттығу және рөлдік

орындаулар арқылы пысықталады.

Мұғалім тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттарды іледі. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.

Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі. Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмөктес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол. Мұғалім ойын-жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтиежелерін былайша қортындылау мүмкін.

  • Балалар,енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.

Жаңа ақпарат.

Адамдар бірін-бірі сыйлап,түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырм:.

«Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап ақыл хат жаз.

2-тапсырма:

«Менің тыңдар ақылым». Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.

Жүректен жүрекке.

Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке,ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге.

Бәрінде жақсы көремін,

Үнемі қөмек беремін.

Үлкенді сыйлау-кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

© 2010-2022