Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли Кәрі қыран

Оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттері: 1. Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу. «Кәрі қыран» өлеңін оқыту, идеясын таныту, символ туралы ұғым беру. 2. Әдеби шығарманы көркем сезіммен қабылдау, мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу, шәкірттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тақырыбы бір-бірімен үндес шығармалардың оқиғаларын салыстыра пайымдай алуға дағдылану. 3. Оқушылардың рухани дүниесін байыту, елжанды азаматтың өмірінен үлгі алу. Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қадыр Мырз...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттері:
1. Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу. «Кәрі қыран» өлеңін оқыту, идеясын таныту, символ туралы ұғым беру.
2. Әдеби шығарманы көркем сезіммен қабылдау, мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу, шәкірттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тақырыбы бір-бірімен үндес шығармалардың оқиғаларын салыстыра пайымдай алуға дағдылану.
3. Оқушылардың рухани дүниесін байыту, елжанды азаматтың өмірінен үлгі алу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:
Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер, қыран суреті, электронды оқулық.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Негізгі әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой қозғау, сөздік, іздену, салыстыру, талдау, пікірлесу.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің әрекеті
Шеңбер құрып тұру, оқушыларды «Лашын», «Бүркіт», «Қаршыға» сөздері арқылы үш топқа бөлу. Тренинг оқушылар шеңбер құрып тұру, ортаға «Сиқырлы қобдишаны» қою, ішінен адамгершілік қасиеттерге байланысты сөздер жазылады. Әр оқушы қағазды алып оқып келесі оқушыға береді. Соңында оқушылар қолдарындағы сөздерін оқып шығады.
I кезең: Ой шақыру.
Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады. (10минут)

Қадыр Ғинаятұлы -ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты аулында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған. Атап айтсақ, «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық», туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен», асыл әжелерімізге арналған «Әже туралы ән», т.б.

Қадыр Ғинаятұлы - В.Гюго, Г.Гейне, М. Лермонтов, С.Есенин, Р. Ғамзатов, А. Ахметова, О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы. Қадыр Ғинаятұлы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-інде көз жұмды.

Қадыр Мырза Әли өмірі туралы бейнебаян.

Бүгін тілін қастерлеген, халқын құрметтеген, қазақ деп белі қайысқан көрнекті әдебиет өкілі балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақовтың құрдасы Қадыр Мырза Әлінің өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.

ІІ кезең: Мағынаны тану .

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (15 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды.

Қадыр Мырза Әлидің « Кәрі қыран » өлеңіне тоқталсақ., қыран деген сөзді кім қалай түсінеді, тақтаға әр оқушы өз ойын жазу.

Қыран сөзіне өз ойларын жазу. Бір сөзбен айтқанда қыран құс деп түсінеміз.

Қыран құстар туралы түсінік бере кету.

Бүркіт-жыртқыш құстар отрядына жататын үлкен құс Тоғайлы, таулы жерді мекендейді, ұясын биік жерлерге салады. Біздің елімізде жеті түрі мекендейді.Олардың арасындағы ғажабы-қыран бүркіт. Ол- қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс.


Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.
Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи
Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай
Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай
3 топқа тапсырмалар беру.

1-топқа: Мәнерлеп оқып, мәтінді талдау, идеясын ашу.
1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
2. Қарт қыран қандай халге душар болды?
3. Неге намыстанды?
4. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?
2-топқа: Өлеңді композициялық құрылымына талдау.
Кіріспе, шығарманың экспозициясы: Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт.
Байланыс: Кәрі қыранның халі.
Дамуы: Шау бүркіттің ойы.
Шарықтау шегі: Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт.
Шешімі: «Қандай бақыт -қыранша өмір сүрген!»

3-топқа: Өлеңге поэтикалық талдау. Көркемдегіш құралдарды таптыру.
Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.
Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б.
Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр.
Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір.
Сөздік жұмысы
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр (қарғыс)- біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету - дүниеден безу.

1-топқа тапсырма беру.
Қыранға байланысты қандай мақал-мәтел, өлең шумағын білесіздер ?

-Қыран қазасы қияда -Құс патшасы-бүркіт, аң патшасы- арыстан -Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды. -Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі қыран емес. 1 оқушы Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін жатқа оқиды. 2-топқа тапсырма беру. Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасатады.

4 3 4

Қанатынан// қаңтардың// қары бүркіп// а 11

4 3 4

Қашатұғын// көргенде // бәрі де үркіп// а 11

4 3 4

Қырағы көз// бүгінде// қарауытып// б 11

4 3 4

Қалғып отыр //қияда// кәрі бүркіт// а 11

11 буынды, 3 бунақты, а а б а - қара өлең ұйқасы , 1 шумақта 4 тармақ

3-топқа тапсырма Қыран - қасиетті құс, текті құс. Өз ойларынды ортаға салыңдар.

Қыранның еркіндік пен ерліктің символы.
Мысалы, гүл-жастықтың символы, ақ көгершін-бейбітшіліктің символы, аққу-адалдық, махаббаттың символы, ал, қыран-еркіндіктің, ерліктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыранның бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуын айқындайды. ІІ кезең: Ой толғаныс. 1-топқа: Венн диаграммасы 2-топқа: «Қыран жетпеген жерге қиял жетер» демекші, қыран құс туралы шағын эссе жаздыру. 3-топқа:Синквейн әдісі (бес жол өлең) 1. Зат есім (1сөз) 2. Сын есім (2сөзден) 3. Етістік (3сөзден) 4. Сөйлем (4сөзден тұрады) 5. Синоним (1сөзден тұрады)

Өлең баллада түрінде жазылған.

Бағалау: Топ басшылары оқушыларды бағалайды.

Кері байланыс: Өз тілектерін жазу.












3.Қырандар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
1. М. Шаханов «Отырар» өлеңінде алты ай бойы Отырарды құтқарам деп арпалысқан Қайыр атты ханды қыранға теңейді.
2. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан үзіндісінде Ахметтің лашынының құс алу тәсілдерін оқып білдік.
3. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тастан қашқан түз тағысын сегіз найзалы қыранның құтқармауы сөз болады.














\Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли Кәрі қыран





Мұғалім: Саркулова А.Ж.

Сынып: 7 «А»


2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022