Сөйлемнің түрлері 8 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КСөйлемнің түрлері 8 сыныпүні:16.09.2014 8 -сынып

Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты : а)Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

б) ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

. Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сондьқтан сөйлеу айналасындағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып өскен шоқ шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы - қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады. (Ғ.Мүст.)

Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырда өскен ағаш туралы, бұйрат, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген.

Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастағанды. Тоқтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте ақ қақ қылып кетты ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай! (Г.С.)

Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен (интонация) бөлініп айтылып, тиянақты жеке-жеке ойды білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын екініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген.

Сөйлемнің түрлері 8 сыныпСөйлемнің түрлері 8 сынып Хабарлы бұйрықты

Сөйлемнің түрлері 8 сынып

Сөйлемнің түрлері 8 сыныпСөйлемнің түрлері 8 сынып

Лепті сұраулы

Жаттығумен жұмыс: 15 - жаттығу. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің айтылу мақсатына көңіл бөліңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздер жазып, синтаксистік, морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11- жаттығу.


© 2010-2022