Статья на тему Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті

Раздел Иностранные языки
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.
Танымдық бағыт бойынша:
• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)
•Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
• Сөз мәдениетін таныту;
• Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
• Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
• Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
• Тілдік сауаттылығын арттыру;
• Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
• Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
• Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу;
• Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Тіл - қоғамдық құбылыстың бір формасы.
Тіл қоғамдағы маңызды қатынас құралы болғандықтан, қауымның әрбір мүшесіне тікелей байланысты обьективті құбылыс.
Шет тілін үйрену процесінде коммуникативті бағыттағы негіз ұсынылды. Ол
шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық аппараттарды кеңінен қолдану, оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп, шет тілін оқытуда білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды жолдарын анықтау.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл немесе халықаралық тіл.

Ел Басының жетекшілігімен «тілдердің үш тұғырлығы» тұжырымдамасы қабылданған болатын.
Ағылшын тілі - БҰҰ -ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады.


Ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдануды қажет етеді.
Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау өте
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды.
60 жылдары пайда болған лингвист тәсілі бойынша «Silent way» (үнсіздік әдісі),
келесі тағы бір қызықты әдіс «Total-physical response» (физикалық сезіну) ойға шому («Sugesto pedia») деп аталатын әдістер қолдана бастады.
Ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық әдіс («Audio-lingual method»).
70 жылдары пайда болған тәсілдің бірі - коммуникативтік әдіс.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.
Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да манызды мәселе.
Ағылшын тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді қолдану.
Көрнекілік әдісі - сабақ сайын жүргізілетін әдіс.
Келесі әдіс - сұрақ-жауап әдісі. Бұл - балалардың тілін дамытып, сұрақ қойып жауап беруіне көмектеседі.
Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз - тілді жаңа озық технологиялардың элементтерін қолдана отырып меңгерту.
Рольдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекеті ескеріледі.

Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға болады.
Бұл технологияның ерекшелігі - сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге, қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар оқушының да қызығушылығы болады.
Ең алдымен, компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.
Сұрақ-жауап диалогы.
Оқушы сұраққа құрылған лексика-грамматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.

Қазіргі ақпараттық технология мен телекоммуникациялардың қарқынды дамуы фонетикалық дағдыларын меңгертуде мультимедия технологиясының көмегі зор. Кез келген білім алушының компьютерді пайдалануға мүмкіндігі болуы; сол арқылы өз бетінше тіл үйренумен айналысуы әбден мүмкін.

Тілді үйрету барысында ескеретін жайттар:
Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу;
Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталуы;
Тапсырманы білім алушының қабілетіне қарай беру;
Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу;
«Үйрену - қарапайымнан күрделіге дейін» ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Ағылшын тілінің базалық деңгейін білу үшін 3000 сөз қажет.
Күнделікті қарым-қатынас жасау үшін алдымен сөздер, сөз тіркестері қажет.
Ең жақсысы, үнемі жаңа сөз оқуды бастап және ауызекі сөйлеудегі сөздік қор.
Шамамен, дұрыс таңдалған 40 доминант сөз кез келген тілдің
200 сөз шамамен 80 %;
300 сөз 85 %;
400 сөз 90 %;
Ал 800-1000 сөз 95 % сөздің орнын толтыра алады.
Осылайша, дұрыс таңдалған сөздік қордың арқасында халықтар бір-бірін түсінісіп сөйлесе алады. Мәселен; күнделікті әңгіме барысында бір күнде 1000 сөз айтылса,
Оқу кезіндегі сөздік қор
Оқу кезіндегі дұрыс таңдалған әрі есте сақталған 80 аса
- 200 сөз 60%;
- 300 сөз 65%;
- 400 сөз - 70%;
- 800 сөз - шамамен 80%;
- 1500 - 2000 сөз - 90% жуық;
- 3000 - 4000 - 95%;
- ал 8000 сөз жазбаша мәтіндегі 99 пайыз сөздің
Мәселен, алдымызда 10 мың сөзден тұратын мәтін жатыр, оның
Сөздік қор: 400-ден 100 000 сөзге дейін
1. 400-500 сөз - тілді базалық деңгейде меңгеру үшін
2. 800-1000 сөз - бұл бір нәрсені
3. 1500 - 2000 сөз - бір күн бойы
4. 3000 - 4000 сөз - белгілі бір мамандық
5. 8000 сөз - ауызша, жазбаша еркін қарым-қатынас жасауға
6. 10 000 - 20 000 сөз - білікті мамандар қолданады.
Бір ескеретініміз, сөз қоры еркін қарым-қатынас жасауды толық қамтиды.
Бұл 95 - 100 %-дай ауызша, 90 %-дай жазбаша
Ағылшын тілін оқыту сатылары
- «Мини-деңгей» (оқуға бастау деңгейі): 800-1000 сөз. Сөздіктің көмегімен қолданатын, өздігінен сөйлей алмайтын дәреже.
- «Меди-деңгей» (оқудың негізгі деңгейі): 1500-2000 сөз. Оқуды бастаймыз, қарапайым сұрақ қойып, жауап алу деңгейі.
- «Салалық әдебиет оқу деңгейі»: 3000-4000 сөз. Бұл деңгейге сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя алатын дәрежесі, өздігінен шағын ситуациялар айта алуын жатқызамыз.
- «Көркем әдебиеттер оқу деңгейі»: 8000 сөз. Осы сөздер арқылы білім алушы еркін өз ойын жеткізе алады.
Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдарын, интернет ресурстарын қолдану, электронды оқулықтар, компьютерлік оқыту бағ/сы, аудио-видео, он-лайн режіміндегі тапсырмаларды орындауды қамтиды.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым қатынасына ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиялық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.

Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Мысалы: оқушылар, студенттер, оқытушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды почта(@mail), бейне-конференция, анықтама каталогтар, жүйеде сөйлесу(chat), виртуалды қатынас клубтары - конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радио бағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интеративтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б сол сияқты интернет артықшылық көздері пайдаланылады.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:

  • Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

  • Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

  • Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға.

  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі;

  • Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).

  • Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасы, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.

  • Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық -коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды («A visit to the doctor», "At the taxi", "Farmer" )
• хат жазуға үйретеді; ("Letters in the mail" тақырыбы бойынша электронды есептеу машинасының операторы тобына сабақ)
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Оқытушы сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу - жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу, мысалы:
- ІІ кезең:диалогті жаттау,
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру, мысалы тілдер күніне ұйымдастырылған

Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Сонымен,интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты -терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген , жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М., ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28.
2. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
3.Андреев В.И. Проблемы педагогического мониторинга качеств. образования //М., Известия Российской академии образования, 2001, №1, 86-90.
4.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
5. Дмитриева Е.И. Основная методическая проблема дистанционного обучения иностранным языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет //М., ИЯШ, 1998, №1, с. 27-32.
6. Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам специалиста-профессионала //М., Вестник высшей школы, 1999, №6, с. 63-67.
7. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка //М., ИЯШ 2000, №3, с. 34-37.



© 2010-2022