Разработка урока казахского языка

11 сыныпқа арналған сабақ жоспары.Математикалық бағыттағы сынып. Жаңа сабақ. Тақырыбы:Қазақ халқының ғарышкерлері туралы. Мақсаты қазақтың тұңғыш ғарышкерлері туралы мәлімет беру.Олардың ерлік істерін үлгі ету, оқушыларды отаншылдыққа, елін , халқын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ.Сабақта мәлімет бере отырып қазақша тілдерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру,ойын еркін жеткізуге машықтандыру,грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып, сауаттылыққа үйрету, грамматикалық дағдыларын қа...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 11

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов.

Өлеңі «Өзім туралы»

Сабақтың мақсаты:

Қасым Аманжоловтың өмірі мен еңбектерін таныстыру, өлеңіне талдау жасау, шығарма идеясының сабақтастығын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты:

ақын өмірін, өлеңдегі негізгі идеяны таныта отырып, елжандыққа, елін құрметтеуге баулу, асқақ арманмен ерік жігердің бірлігінен туатын өзіне деген сенімді қалыптастыруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

- поэзиялық шығарманы қара сөзбен баяндау дағдыларын дамыту.

Мәтіннен көркем сөз тіркестерін теріп алып, оларды қатыстырып сөйлем, шағын мәтін құруға үйрету.

Әдіс - тәсіл: баяндау, түсінік беру, талдау, жазу, салыстыру.

Көрнекілік:

Ақынның портіреті, үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I - Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, ауа - райын белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II - Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ - жауап арқылы Мұхтар Әуезовтың өмірбаянымен, Абай жолы романына шолу жасау.

III -Сабақтың жаңа тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

IV -Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Жаңа меңгерілетін сөздер қатарымен таныстыру

ержүрек- храбрый

жан дүние- внутренный мир

мәңгілік өлмес- ангел

таңырқау- презрение

борыш- долг

қоршау- окружение

өшпенділік- ненависть

жаралы жауынгер- раненый солдат

көркем жинақтау- художественное обобщение

замандас- современник

өмірдің мәні- смысл жизни

тізе бүгу- сдаваться

таңдайды- выбирает

артық санайды- предпочитает

V. - Ақынның өмірбаянымен, өлеңімен таныстыру

Қасым Аманжолов-қазақ әдебиетінің аса көрнекті ақыны. Оның поэзиясында азаматтық сарын үлкен орын алады. Ақынның адам жан дүниесін ашуға ұмтылған нәзік лирикасы сыр мен сезімнің тоғысынан жаралған сұлу жырлары.

Шығармашылық өмір жолы.

Қасым Рахымжанұлы Аманжолов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қызыл ауылында 1911 жылы дүниеге келген. Әкесінен 5 жасында жетім қалған Қасым 1923 жылы Семейдегі интернатқа қабылданады. 1927 жылы Семейдегі мал дәрігерлік техникумға түседі. Онда үш жыл оқиды.

1938 жылы Қасым «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағын шығарады. Сол жылы майда Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына арналған мерекеде «Жамбыл тойында» атты поэмасынан үзінділер оқып, зиялы қауымнан жоғары баға алады.

Ал келесі танысатындарың Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы»:

« Өзім туралы»

1.Мәнерлеп оқып шығу.

2.Аудару.

3.Әр шумағына талдау жасау.

4.Өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жазу.

5.Сұрақ - жауап арқылы жалпы сабақты қорытындылап шығу.

1.Өлеңді жекелеген шумақтар бойынша бөліп оқып, әр шумақтағы ойды қара сөзбен жазғызу.

2. Өлең адамның рухани жан дүниесін терең ашады. Ол-жеке тағдыр мәселесін көркем жинақтау деңгейіне көтерген философиялық лирика.

3. Осылайша ақын өзінің адами, шығармашылық өмір жолын шолады. Жақсы мен жаманын ой таразысынан өткізеді.

Мәтінді қорытындылау сұрақтары:

  1. Майданнан оралған жаралы жауынгердің өмірге деген құштарлық сезімдері қай өлеңде сипатталған?

  2. «Ақын өлімі туралы аңыз» дастанындағы ерліктің көзі не деп ойлайсыңдар?

YI.Үй жұмысы

YII.Бағалу


© 2010-2022