М. Макатаевтын поэмасы

Урок на тему «М.Макатаев «Аккулар уйыктаганда» Посвящен для учащихся восьмых классов. На уроке учащиеся знакомятся с жизнью и творчеством великого казахского поэта Мукагали Макатаева, с отрывком из его поэмы «Аккулар уйыктаганда», в переводе на русский язык означает «Когда спят лебеди».На уроке я применила элементы приемов критического мышления: «Что я знал, что узнаю, что хочу знать», «Вызов мышления», «Письмо к образу». В конце урока предложила учащимся тестовые задания на повторение и закрепл...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Мақсаты: 1.Мұқағали туралы білімдерін тереңдету, поэманың мазмұнын сын тұрғысынан ойлай отырып, толық меңгеру.

2. Оқушылардың өз ойын дұрыс тұжырымдап, анық жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Мейірілімдікке, табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, автор туралы атақты адамдардың сөздері, аққудың суреті, аққу туралы нақыл сөздер, т.б.

Сабақтың әдісі: БҮҮ, тест, сұрақ-жауап, т.б.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту «Ой шақыру» әдісі.

  1. Мұқағалидың азан шақырып қоған аты кім?

  2. Ақынның қандай поэмалары бар?

  3. Неге халық аққуды атпа дейді?

  4. Аққудың қасиеті неде?

  5. Аққу ненің символы болып есептеледі?

  6. Құс төресі туралы қандай мақалдар білеміз?

ІІІ. Мағынаны ажырату. «Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді» әдісі.

Біленім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

Аққудың киелі құс екенін, оны атуға болмайтынын білемін

Аққуды атса, сыңарының да өз еркімен өмірден қоштасатындағы, аса қажет деген жағдайда ғана (өте сирек, лажсыз) аққуды атарда, мерген ырымын жасап, денесінен қан шығару керек екен.

Аққу өз сертіне осыншалық берік екендігін зерттегім келеді.

IV. Ой-толғаныс

«Кейіпкерлерге » әдісі.

Құс төресі, аққу! Армысың?! Сыңарыңнан айырылып , қанатың қайырылып, адамзатқа деен ашу-ызаң кеудеңді кернеп, ғашығыңның өлімі жаныңды азаптап жатыр ма? Киелі аққу, кешіре гөр байғұс ананың қателігін, ол бұл қадаға амалсыздан барып отыр , әйтпесе қолына қару ұстайтын жан ба еді? Жалғыз жарық нұры , өмірінің гүлі, нәрі, сәні, мәні болған сәбиі өлім аузында жатқанда ана жүрегі неге болса да дайын еді. Ана жүрегі тәуіптің сөзінің рас-өтірігін саралап жатпай , сәбиі үшін нені табуға болса да барды. Бұл іс сендерге әдейі жасалған қатыстық емес, ананың баласына деген шексіз махаббатының бір көрінісі ғана. Әрине, түсінемін, саған қазір өте ауыр, бірақ кешіре гөрші, бебақ ананың ағаттығын.

Мұқағалиға арналған тест сұрақтары.

  1. Мұқағалиді алғаш оқытқан мұғалім

а) Нұрмолда ә) Аймақан б) Әубәкір в) Жүсіп

2. Қарасазда ақынмен бірге өскен,қарасуды бала кезде бір кешкен Мұқағалидің өкшебасар інісі, "Жалын " баспасынан жарық көрен "Хантәңірі қайдасың?" атты поэмасының иесі.

а) Еркін Ібітанов ә) Хасан Жүсіпов

б) Амандық Әбіжанов в) Зейнолла Ахметов

3. М.Мақатаевтың "Жалын" баспасынан 1994 жылы шыққан жыр кітабы.

а) Жырлайды жүрек ә) Өмір-дастан

б) Жылап қайттым өмірдің базарынан в) Қощ,махаббат

4. Қазақ жырының аспанындағы жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз- деп жылы лебіз білдірген екен ақын.

а) Қадір Мырза Әлі ә) Әбділда Тәжібаев

б) Тұманбай Молдағалиев в) Сәбит Мұқанов

5. Мұқағалидің 1970 жылғы «Жалынның» бірінші санын жалындатып, толғаумен ашқан өлеңі.

а) Кезімде қадірімді сезбес мынау

ә) Жеткіз жұртқа бүгінін өткендерін

б) Жиылып ой қазағы, қыр қазағы

в) Гүлденесің

6. «Моцарт және Мұқағали» атты сыр - эссенің авторы.

а) Асқар Алмахатұлы ә) Әмірхан Абдуллин

б) Нәбиден Әбуталиев в) Әнуар Жапаров

7. Нөкіс қаласында тұратын ғалым «Мұқағали мұрасы - сөз маржаны» атты ғылыми еңбектің авторы.

а) Асқар Алтай ә) Күленбай Хамидуллаев

б) Сәуірбай Халимулдин в) Мейрам Серғазин

8. Қазіргі поэзиямызда жарқырай көзге түсіп жүрген талантты ақын қыз, мәжіліс депутаты Мұқағали Мақатаев туралы жыр - цикл поэмасының авторы.

а) Фариза Оңғарсынова ә) Ақұштап Бақтыгереев

б) Алтыншаш Жағанова в) Күләш Ахметова

9. Мұқағалидің жеңістің 30жылдығына арнап әжесіне жазған өлеңі.

а) Анашым ә) Шеше, сен бақыттысың

б) Арулар в) Сөнбейді, әже, шырағың.

10. Тұңғыш «Тұлпар» сыйлығының лауреаты атағы Мұқағали Мақатаевтың қай кітабына берілді?

а) Жырлайды жүрек ә) Қош, махаббат

б) Өмір- дастан в) Жылап қайттым өмірдің базарынан

11. Мұқағалидің қай жылғы, қай сыныптарда орыс тілінен сабақ беретін мұғалім болып қызмет істеді?

а) 1-4 1952 ә) 5-7 1949

б) 8-9 1954 в) 9-11 1951

12. Мұқағалидің 1722 жолдан тұратын, ақпан айының 5-нен 15-не дейін 10 күнде жазған поэмасын ата?

а) Мавр ә) Бала шақтан - болашаққа

б) Аққулар ұйықтағанда в) Алтай - Атырау

Сабақты қорытындылау:

  1. Мұқағали қандай ақын? Қандай поэмаларын білесің?

  2. Мұқағали шығармаларының өзіндік ерекшкліктері қандай?

  3. Ақын туралы атақты адамдардың қандай сөздерін білесіңдер?

  4. Аққудың бойындағы қасиеті қандай?

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма: поэмадан үзінді жаттау.



© 2010-2022