Сынып сагаты Жуз жасаган байтерек 7-сынып

Тақырыбы: Жүз жасаған бәйтерек.   Мақсаты: Оқушыларды жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірімен, өлеңдерімен таныстыру, оқушыларды алғыр ойға, шешендік өнерге баулу;   Көрнекіліктері: Жамбыл туралы сөздер, суреттер, Ж.Жабаевтың, М. Әуезовтың, А. Құнанбаевтың, Сүйінбайдың суреттері, және олардың шығармалары мен кітаптары;   Барысы:   1. Қ.Бұғыбаеваның Жамбыл туралы айтқан өлең жолдарымен бастаймын.   2. «Жүз жасаған бәйтерек» кітабының алғашқы тарауларына сүйене отырып, сынып оқушылары оның балалық ша...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Онды орта мектеп




Сынып сагаты Жуз жасаган байтерек 7-сынып





Сынып жетекшісі: Қабылқақова Ж.Б.



Тақырыбы: Жүз жасаған бәйтерек.

Мақсаты: Оқушыларды жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірімен, өлеңдерімен таныстыру, оқушыларды алғыр ойға, шешендік өнерге баулу;

Көрнекіліктері: Жамбыл туралы сөздер, суреттер, Ж.Жабаевтың, М. Әуезовтың, А. Құнанбаевтың, Сүйінбайдың суреттері, және олардың шығармалары мен кітаптары;

Барысы:

1. Қ.Бұғыбаеваның Жамбыл туралы айтқан өлең жолдарымен бастаймын.

2. «Жүз жасаған бәйтерек» кітабының алғашқы тарауларына сүйене отырып, сынып оқушылары оның балалық шағына, туған ортасына қызығады деген мақсатпен 13 жасындағы өмірін сөз етемін. Оның балалық шағын оқушыларға елестете отырып Жамбылдың ең алғашқы өлеңі дүмше молдаға арналғанын айтып өтемін.

Шып - шып етіп молданың

Қолындағы тобылғы

Қозғалтпайды жон арқам,

Талай дүре соғылды

Тарсылдатып танадай

Жыртар болды тонымды

Тілі ащы бала деп

Қайнатты әбден сорымды.


3.Сынып сағатының келесі бөлімі «Менің пірім Сүйінбай» деп аталады, Сүйінбай Аронұлының өмірбаянына шолу жасап, бала Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуын, оның қайталаған жауабын сахналық көрініс түрінде келтіремін. Оның жас кезінен ақ өтірікке, мақтаншақтыққа жаны қас екенін мына өлең жолдар арқылы айтып өтемін:

Жалған ақын кез болса,

Жасқанып жан бермедім.

Өтірікті сүймедім,

Дүние үшін күймедім

Алтынына біреудің,

Жолда жатса тимедім.


  1. Оқушыларды сергіту сәтінде «Кім мерген» ойынын ойнатамын. «Алатау» өлеңін бір оқушы жатқа айта тұрып, осы өлеңде айтылған сурет (аңдардың) тақтаға ілінеді. Оқушылар кішкене доп лақтырып, қайсысына тисе, артында жазылған сұрақтарға жауап береді. Сынып сағатын қорытындылау мақсатында ұлы ақынның Шашубаймен, Құлмамбетпен, Досмағамбетпен айтысқа түскен сәттерін баяндап, нақты деректер келтірдім.

Қорытынды:

Не білдік, не үйрендік?


© 2010-2022