Ашықхат жазамын 5 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы. «Ашықхат жазамын»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ашық хаттар, олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беру. Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне

тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды ашықхат жазуға

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой- қиялын, шығармашылық қасиеттерін дамыту, сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту. Жазғызу арқылы сауаттылықтарын тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақта, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу;

- Оқушыларды түгендеу;

- Оларды сабаққа бейімдеу;

2. Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

3. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

4. Жаңа сөздер.

Ашықхат - открытка

жазамын - пишу

Мейрам -праздник

Тілек - желание

5. Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құру.

  1. Мен досыма хат жазамын.

  2. Менің досым Астана қаласында тұрады.

  3. Досымның жазған хаттарын сақтап қоямын.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып аудару.

Ерте кезден адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашық хаттар (открыткалар) арқылы құттықтау дәстүрі болған. Ашық хаттар әр алуан мереке, мейрамдарға атап айтқанда: наурыз, жаңа жыл, туған күн, 8- наурызға арналып жасалынады. Ізгі тілектер жазылған әдемі ашық хатты жанында жүрген досың сыйласа, қуанасын.
Құттықтау ашық хаттар әдетте сурет пен мәтіннен тұрады. Сурет пен мәтін мазмұны жағынан ашық хат арқылы құттықтайтын мерекеге сәйкес келіп бір-бірімен түсі, стилі бойынша үйлесімді болуы шарт.
Алғашқы ашық хаттар 1765 жылы Жапонияда пайда болған. Жапондар бір-бірін алғашқы қардың түсуімен құттықтаған.

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Ең алғашқы ашық хат қай елде пайда болды?

  • Ашық хатты ерте кезде не үшін пайдаланған?

  • Құттықтау ашық хаттар нелерден тұрады?

  • Ашық хаттар жасау үшін қандай нұсқаулықтарды ескеру шарт.

6. Тақтамен жұмыс

3-тапсырма. «Ашықхат» сөзін септеу және тәуелдеу.

7. Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

8. Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

9. Үй тапсырмасы.

Ашықхат жасап келу. Тақырыбы: жаңа жыл.

© 2010-2022