Призентация по казахскому языку на тему День языков Казахстана

Тақырыбы:«Тіл – менің мәңгі тақырыбым»Мақсаты:1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; 3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру; (бұл сыныптан тыс іс-шара 7-9 сыныптар арасында ұйымдастырылады.Әр сыныптан 3 оқушыдан қатыстырылады.)-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… Алтын күннен бағасыз ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:«Тіл - менің мәңгі тақырыбым»

Ұйымдастырушы: Раисова Нұргүл Сүннатқызы,Шаймергенова Күнсұлу Сұрағанқызы «№9 орта мектеп» КММ

Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(бұл сыныптан тыс іс-шара 7-9 сыныптар арасында ұйымдастырылады.Әр сыныптан 3 оқушыдан қатыстырылады.)

-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! -деп , Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 7-9 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл - менің мәңгі тақырыбым» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Райхан Жәнібекқызы апайларың мен Меруерт Еслямбекқызы апайларың. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп отырады.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілеуге, музыкалық композициясымен --------7 сынып оқушысы келіп отыр.

Призентация по казахскому языку на тему День языков Казахстана

- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.

-Бүгінгі біздің сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:

1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2. «Жеті жұрттың тілін біл»
3.Сөйлем құрау.
4. Ойтолғау.

І бөлім. Сұрақ -жауап:
- Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір - бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек.

Қ . Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

А. Қазақ әдебиеті
1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата
(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия)

З. Қазақстан тарихы
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))

А. География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 - Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түрікменстан)
3. Қазақстанда қанша облыс бар (14)

Қ. Халық ауыз әдебиеті
1. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

2. Еңбек туралы мақал - мәтел айт.
3. Ертегіні айт.

Т. Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

І. Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. Бәйтеректің ұзындығы неше метр?

3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

Л. "Полиглот" жұмбақ жасыру
(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1) Асқар тауда,
қара орман. (шаш - волосы -hair хеия )
2) Қимылдаса қос шебер,
Қыруар -қыруар іс өнер (қол - рука - hand ханд)
3) Жүзіне салсаң көзіңді,
Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror мирро

І. Музыка.

1. Қобыздың атасы кім? (Қорқыт)

2. «Адай» күйінің авторы.
3.Гимннің музыкасын жазған кім?

Көңілдеріңіз көтеріңкі отырсын деп, бізге өз өнерін тамашалауға 11 «»А» сынып оқушысы Тарабыкина Анастасия келді.Ортаға шақырамыз!

Призентация по казахскому языку на тему День языков Казахстана

ІІ бөлім.. «Жеті жұрттың тілін біл»
«Ақыл-ой,алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»деген екен Ғ.Мүсірепов.Тіл-ұлттың жаны,халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет.Қазақтан шыққан өткір ойлы,жан-жақты ғұлама ғалым, тарихшы,әдебиетші,саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген. Біздің дарынды жастарымыз да, үш тілді еркін меңгерген.ІІ бөлімнің шарты:Мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған, сол сөзді тауып,орыс тіліне,ағылшын тіліне аударасыздар.Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1.Мектеп кеме, білім ………..(теңіз,море,sea)
2.Өнер алды қызыл-.......(тіл,язык,

3.Адам көркі шүберек,ағаш көркі………….(жапырақ,лист,foliage)
4. Жүз теңгең болғанша-жүз ......болсы. (дос,друг,
5.Көп сөз күміс, аз сөз ......(алтын, золото,...)

6.Не ексең,соны -......(орарсың,пожнешь,....

7.Қыз өссе елдің көркі, ……….өссе жердің көркі.(гүл,цветок,flower)
8.Ерлік білекте емес-(жүректе,в сердце,

9.Жеті рет өлше, бір рет-(кес, отрежь,

10. Көз қорқақ-қол (батыр, герой,.....

Призентация по казахскому языку на тему День языков Казахстана

ІІІ бөлім. Сөйлем құрау:

Берілген сөздер: Бейбітшілік. Күз. Мектеп.Тіл.Көп ұлтты. Мемлекет. Орман. Білім.Әдебиет.

ІV.бөлім. Ойтолғау. (оқушылар мына тақырыптың кез-келгенін таңдап алуына болады)
Тақырыптар:

Мейірімді ана.
Достық.

Менің елім - Қазақстан.
Кітап - білім бұлағы.
Тіл - асыл қазына.
Әр топ шығармаларын жазып болғанша көрермендерге «Қызықты граматикадан» сұрақтар қойып шешкіземін.

1.Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар? (4)

2.-ау,-еу сан есімнің қай түрінің жұрнағы.

3.Қазақтағы үш арсыз не? - ұйқы, тамақ, күлкі
4. Өткен шақтың жұрнағын ата.

5. Болымсыз етістіктің жұрнағын ата.

6. Дәстүр сөзіне синоним. (салт)
7.Табыс септігінің жұрнақтарын ата.

8.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

9. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

10.Ақмешіт қаласының қазіргі атауы - Қызылорда
11.Көкек яғни, сәуір айы жылдың нешінші айы - екінші ай
12.ҚР. тіл туралы заңы қашан қабылданды?

13.Қазақтағы үш қонақ - 1.арнайы қонақ, 2. Құдайы қонақ, 3.Қыдырма қонақ
14. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

15. «Сұлу» сөзінің синонимі - ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
16. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..
17. 30 тамыз қандай мереке? - Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні
18.ҚР қай жылы тәуелсіздік алды?

-Осы сайыс жеңімпазы «Тіл білгірі» атағына лайық деп, __________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету - біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі - сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.



© 2010-2022