Доклад: «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат №1»



«Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері»

(Педкеңес аясында)









Орындаған: қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы





Петропавл қаласы

2014-2015 оқу жылы

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану - ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының зияткерлік, іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль - сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Өзімнің жеті жылдай педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, сана елегінен жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, сын тұрғыдан ойлау модулінің менің оқушыларыма тиімділігін анықтадым. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау - оқушыларымның алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына сенімім кәміл. Барлық заманда ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп, сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр.

Сын тұрғысынан ойлау - ойлау мен пікірлесуді дамытатын сала. Оқушыны мұғаліммен, достарымен, құрбыларымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге

баулитын стратегия.

Модульдің басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау мен пікірталасу қабілеттілігін дамыту, балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде сын тұрғысынан ойлау, ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Мектеп қабырғасында «Қазақ тілі пәнін оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету» атты әдістемелік мәселемен айналысамын. Әдістемелік мәселе төңірегінде іздене отырып, табылған ақпарат пен мәліметтерді беретін сабақтарымда тиімді қолдана білуге тырысамын. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрды. Оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етіп, жүзеге асыруды көздеймін. Осы кезеңге тап болатын «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Болжау» сияқты тәсілдерден басталады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші бағдары - оқушының белсенділігін арттыру,өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, парталасымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушыларым бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырды.

Сондай әдіс-тәсілдердің бірі - диалогты оқыту болып табылады. Бұл әдіс-тәсілдің түрін өз тәжірибемде жиі қолдануға тырысамын. Дәлірек айтсам, 2 сынып оқушыларымен диалогтың қарапайым түрін, яғни сұрақ, сұрақтарға жауап беру деңгейінде өткіземін. Мысалы, 2 «б» сыныбында «Менің досым» атты сабағы барысында оқушылар бір-бірімен өз достары жайлы шағын диалог жүргізе білді.

Қазақ тілі апталығы аясында 4 «а» сыныбында «Қазақ тілі сабағында» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақ жоспары сыни тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде құрылған. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс арқылы диалог құра білуге дағдыланды.

Оқушылар мәтінге сүйене отырып диалог құрды. Әр топ білім деңгейіне сай диалог құрды. Мәселен, білімі жоғары оқушылар тобына сұрақтары бар, жауаптары жоқ үлгісіндегі диалогты толықтыру тапсырмасы берілді. Білім деңгейі орта оқушыларға жауаптары бар, сұрақтарын толықтыру қажетті үлгідегі диалогты орындау тапсырылды. Білімі нашар оқушылар сұрақтары мен жауаптарында тастап кеткен сөздерді орнына қою тапсырмасы берілді. Барлық топтар алға қойылған тапсырмаларды жақсы орындады. Дегенмен, тапсырма орындау барысында кемшіліктер де болды. І топ оқушылары диалог құру барысында кей сөздердің аудармасын білмегендіктен, сұрақтар мен жауаптар кезінде қателіктер жіберді. Алайда мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, өз қателіктерін дұрыс жауапқа өзгерте білді. Бұған дәлел ретінде бейне материалдарға сүйенуге болады.

Міне, осындай әр түрлі әдіс-тәсілдерге сүйене отырып, жұмыс жасайтын болсам, менің оқушыларым үлкен өмірде өз мамандығының қас шебері болып, нарық бәсекелестігіне дайын бола алатын тұлға болуына сенімдімін. Тек тер төгу арқылы білім шыңына өрлей аламыз. Сондықтан менің әлі де алатын белестерім мен бағындыратын шыңдарым алда екеніне сенімдімін. Сөз соңын Конфуцийдің мына пікірімен аяқтағым келеді:

«Бір жыл алдына-ала ойлаған ел - нан өсіреді,

Он жыл алдына-ала ойлаған ел - бау өсіреді,

Жүз жыл алдына-ала ойлаған ел - жас ұрпақ өсіреді».



© 2010-2022