Әдебиет «Бір сәтті кез» (17-тарау)

Жәми Жанаргүл Оразқызы                                                                                              Атырау қаласы                                                                                                                            №19 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті                                                            пәнінің мұғалімі                                                                                                                                С...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жәми Жанаргүл Оразқызы Атырау қаласы №19 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Бір сәтті кез» (17-тарау). Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хикаят бойынша оқушылардың ойын тиянақтау,өз көзқарастарын жүйелі талдауға үйрету. Дамытушылық:Оқушыны ойын қорыта білуге,өз бетімен ізденуге бағыттау. Тәрбиелілік:Оқушыларды ұстамдылыққа,сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Іздену,жинақтау Сабақтың әдісі:жүйелеу,қайталау Көрнекілігі:Үлестірмелі қағаздар,тест сұрақтары Сабақтың жүру барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу,сабаққа әзірлігін бақылау.) ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: а)Белсенді кейіпкерлер: Тасадағы кейіпкерлер: Қожаберген Жанар Жантас Анфиса Михайловна Шешесі Сүттібайдың қожасы Жақанов Әжесі Сәйбек қарт Оспановә)Мазмұнын оқулық пен көркем фильмдегі сюжеттерді салыстыра жеткізу (1-2оқушы) б)Үлестірмемен жұмыс. 1-үлестірме:Мәтіннен Қожаның сөздерін тауып оқып бер. 2-үлестірме:Мәтіннен С.Майқанованың сөздерін тауып,оқы. 3-үлестірме:Жантастың сөздерін тауып оқы. 4-үлестірме:Мынау кім?-Біреуді біреуге атастырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңда әнші. 5-үлестірме:Мәтіннен әжесі мен анасының сөзін тауып,оқып бер. 6-үлестірме:Мынау кім?-Мен оқулық емес,қант аламын.Сіздің не шаруаңыз бар,қоя беріңіз. 7-үлестірме:Мынау кім?-Біз екуміз таныс шығармыз деймін.Отыр. Сонымен,балалар,біз өткен сабақта « Менің атым Қожа»хикаятының екі бөлімімен таныстық.Автордың өмірі мен шығармашылығы-ән туралы деректермен ой бөлістік.Шығарманың тілі қарапайым,оқиға желісі жинақы шығарманың қаһарманы-Қожа.Хикаяны оқи беруден жалықпаймыз.Барлық оқиға желісі Қожаның атынан баяндалады.Ендеше,бүгін біз ары қарай «Менің атым Қожа»хикаятының 17,23 тарауларын оқып танысамыз. Дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді,тақырыпты жазып қойыңдар. Балалар,сендер алдын ала оқып келген боларсыңдар,олай болса осы тараулармен жұмысымызды ары қарай жүргізейік. Жаңа сабақ: «Бір сәтті кез»(17-тарау) «Ағаттықтың азабы»(23-тарау) а)Топпен жұмыс жүргізу: І топ:1-бөлімде қазақтың қандай салт-дәстүрлері жайлы айтылған?(өз ойларын айту) ІІ топ:Кесте жасап толтыр.Қожаның осындай сотқар болуына себеп нәрселер: ІІІ топ: Кесте толтыр:Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер. ІY топ: Қожаның қай сәті бейнеленген:өз пікіріңді қосып,әңгімелеп жаз.(мінездеме бер) «Төбемнен шатыр етіп,жай түскендей болды:Не істелінеді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім.Маңдайымнан бұрқ етіп,суық терім шығып кетті:Ох,шіркін-ай!» ә) Ой толғау жазу: (Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтыр»(10минут) б)Тест сұрақтарымен жұмыс: 1.Шығарманың тақырыбы не? а)Соғыстан бүлінген елді қалпына келтіру ә)Ауылдағы ауыр еңбек тақырыбы б)Соғыстан кейінгі кеңес оқушыларының өмірі 2.Қожаның жалған аты қандай? а)Қара Қожа ә)Қара Көже б)Сары Көже 3.Қожаның сыныптасы кім? а)Дәулет ә)Сұлтан б)Жантас 4.Қазақтың ат қою салты қай тарауда? а) Ітарау ә) ІY тарау б) ХХІІІ тарау 5.Қожаға қарсы болып жүретін сыныптастары кім? а)Темір ә)Жанар б)Жантас Қорытынды:Сонымен бұгінгі сабақтан біз қандай әсер алдық? Қожа мен Жантасқа салыстырмалы түрде мінездеме беріп көріңдерші. Шығарманың тақырыбы не? 5.Үйге тапсырма:Әңгімені толық оқып,мазмұнын түсіну. Тәлім-тәрбие,жақсы мен жаман қасиеттер туралы мақалдар жазып келу. Бағалау.



© 2010-2022