Ағылшын тілі сабағында ойналаын қызықты ойындар

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар

Жарияланды 29-11-2014, 11:06 Категориясы: Ағылшын тілі

Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар

1. «Алфавит» ("Alphabet") ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

2. «Ойлан, тап» ("Think and find") ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

3. «30 секунд» ("30 second") ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

4. «Дұрыс жаз» ("Write right") ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim - son, well, ill, mother

5. «Ширату» ("Brainstorm") ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

6. «Шашу»("Strew") ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

7. «Менің заттарым» ("My things") ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.



© 2010-2022