Технологиялық карта. Тақырыбы: Ойыншықтар

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тақырыбы: Ойыншықтар


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Ағылшын тілі

Тақырыбы:

Toys

Мақсаты:

Балаларға ойыншықтардың атауын үйрету, дыбыстық қабылдауды дамыту, сөздік қорын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Микки маус ойыншығы, қуыршақ, доп, машина ойыншықтары, жұмсақ үлкен аю ойыншығы

Кезеңі

Мұғалімнің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең



Мұғалім Микки маустың ойыншығын шығарып.

Hello!

Микки маус: How are you?

Мики маустың алдыңда ойыншықтар тұрады.

What is it ? Мынау не?- мұғалім сұрайды.

This is my lovely toys.

мұғалім: Балалар Микки маустың ең жақсы көретін ойыншықтары екен. Олар Toys деп аталады.

Мұғалім қораптағы ойыншықтарды бір-бірден ағылшынша атап балаларға көрсетеді. Repeat please. (Әр сөзді 3-4 рет қайталатады)

-It' a doll

-It's a ball

-It's a car

Дұрыс!Good

Hello!

-Ок!

-Өздері көргендерін атайды.

Балалар мұғаліммен бірге қайталайды.

Фонетикалық жаттығу

Round, round, round ball

Like all, the round ball!(қолына допты алып айта отырып балалардың біреуіне домалатып жібереді)

Балалар фонетикалық жаттығуды орындайды. Допты қайтара домалатады, мұғалім айтқандарды қайтарады.

Ұйымдастыру

кезеңі

Дидактикалық ойын « What is missing?»

Балалар, ойыншықтардың сендермен ойнағысы келіп тұр. Ойнамыз ба?

(Жоғалған ойыншықты тауып атауларын сұрайды)

-It's a doll, it's a car and what?Не жоғалды?

-That's right! Very good!

-It's a ball, it's a doll, and what? Very good!

Ал, енді олар сендермен жасырынбақ ойнамақшы.Сlose your eyes (көзін жұмып көрсетеді).

Балалар көздерін жұмып отырғанда ойыншықтарды бөлменің әр жеріне орналастырып қояды.

Open your eyes (көздерін ашуды сұрайды)

Олар көздерін ашқанда:

-Балалар біздің ойыншықтар жан-жаққа шашылып, тығылып қалды. Сендер оларды іздеп табыңдар. Кім бірінші табады, сол ойыншықтың атын дауыстап атасын.


Аталмай қалған ойыншықтың атауын ағылшынша тауып атайды.

Көздерін жұмады.

Көздерін ашады.

Ойыншықтарды іздеп тауып, ағылшынша атауларын атайды

Сергіту сәті

Мұғалім сергіту сәтін әнмен өткізеді(қолына жұмсақ аюды ұстап тұрады)

Teddy bear, teddy bear, turn around

Teddy bear, teddy bear, Touch the ground

Teddy bear, teddy bear, Touch your nose

Teddy bear, teddy bear, point to your toast

Балалар сергіту сәтін орындайды. Қимылдарды келтіріп көрсетеді.

Рефлексивтік түзетушілік

Ал енді қолдарыңдағы ойыншықтарды қайтадан қорапқа салып қояйық. Егер ойыншықтарды орнына қоймасақ, оларды жоғалтып алармыз. Тек қорапқа салғанда олардың атын атап отырайық.

- Very good!

- Балалар бүгін біз не істедік?

- Қонаққа кім келді?

- Қандай ойын ойнадық?

- Сендерге ұнады ма?

- Енді, Микки мауспен қоштасайық.

Микки маус: Good bye, children!

Балалар қорапқа қолдарындағы ойыншықтарының атын атап отырып салады: It's a doll, It's a ball, It's a car

Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.

- Good bye!

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Ойыншықтардың атауын ана тілінде біледі.

Нені игереді:

ағылшын тілінде ойыншықтардың атауын: а doll, а ball, а car, teddy bear үйренуі қажет.

Нені біледі:

амандаса және қоштаса біледі


© 2010-2022