Арнайы курс Морфология 5 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арнайы курс 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: МОРФОЛОГИЯ. (Сөз таптары)

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, пікірлесу, әңгімелеу, көрнекілікпен жұмыс

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың формасы: сыныптағы сабақ

Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар, флипчарттар, ойындар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

Психологиялық дайындық.

Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік.

Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Көктем» тақырыбына өлең құрастыру.

(Сөз таптарын табу, сұрақ қою)

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті.

Сызба бойынша жұмыс.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

  • Ұқсастығы мен өзгешеліктерін ата.

ЕРЕЖЕ.

  • Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

  • Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

  • Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

  • Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?

ІV. Жаңа сабақты меңгерту

1. «Жасырынған сөзді тап» ойыны

к

ө

к

т

е

м

а) Аппақ болып гүл тұрар, в) Ұшып жүрген гүл көрдім,

Жылына бір құлпырар. (Жеміс ағашы) Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

ә) Жатты да жатты, г) Күн күледі,

Жылғаға тартты. (Қардың еруі) Жер түледі. (Көктем)

б) Ақ сиыр тұрып кетті, д) Қырға кілем жайылды. (Қызғалдақ)

Қара сиыр жатып қалды. (Қыс пен көктемнің ауысуы)

«Көрікті көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрау.

Зат есімді табу, сұрақ қою, зат есімнің астын сызу.

V. Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындау сәті.

2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақалды толықтыру, етістікті табу, сұрақ қою.

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң - менмендікке бастама.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Қарт кісіні қадірле,

Өзің де қарт боларсың.

Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

Ана туралы өлеңдер оқу.

VІ. Сергіту сәті.

Сергіту жаттығуларын жасау

3. «Орнын тап» ойыны. Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрау, сын есімдерді табу, сұрақ қою.

а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.

ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.

б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.

в) Бар, Айжанның, добы, ала.

4. Ойлан, тап. Математикалық жұмбақтар шешу, сан есімді табу, сұрақ қою.

а) Бір топ бала тоғаннан, б) Алпыс ала қарға,

Жиырма бес балық ұстадық, Қырық қара қарға.

Бөліскенде оларды, Ұшады, қонады.

Тиді әркімге бес балық. (5 бала) Барлығын қоссаң, қанша болады? (100 қарға)

ә) Бес бұтақты шыршада, в) 13 түйе, 5 жылқы,

Бұтақ сайын алты алма. 7 сиыр, 5 ешкі.

Біреуін берсе Айдарға, 2 қоян, 3 түлкі,

Болды сонда қанша алма? (шыршада алма өспейді) Таба алмасаң бұл күлкі! (35)

5. Санамақтар айту.

VІІ. Қорытынды.

1. Логикалық тапсырмалар.

  • Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  • Қоянға (көк), түлкіге (сары), аюға (қызыл) үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  • Отбасында төрт бала бар. Қыздар қанша болса, ұлдар сонша. Отбасында қанша ұл, қанша қыз бала бар?

  • Екі сыныпта 50 орындық бар. Бір сыныптан 10 орындықты алып кеткенде, екі сыныптағы орындықтар саны бірдей болды. Бастапқыда әр сыныпта неше орындықтан болған?

  • Әжесі немерелеріне 10 сырға және 2 машина алды. Әжейдің неше немересі бар? Нешеуі ұл , нешеуі қыз ?

2. Өтілген материал бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізу.

VІІІ. Бағалау.

Оқушыларды мадақтау

ІХ. Үй тапсырмасы.

Өтірік өлең құрастыру





© 2010-2022