Конспект урока Отбасы мүшелері

Раздел Иностранные языки
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.

Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу. Сөйлемді дұрыс байланыстыруға,диалог және жаңа сөздерді үйрету арқылы олардың сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Отбасында ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу. Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап , диалог оқыту.

Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

Көрнекілігі: сөйлем құрау, сөздер, тақта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Осы тақырып бойынша білімдеріңді молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету.

III Үй жұмысын тексеру:

Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру:

- Мақалды талдау

- Мәтінмен жұмыс.

- Оқулықпен жұмыс

- Тірек сызбадағы сөздер

V Сабақты түсіндіру:

Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.

Ендеше мына мақалаға назар аударайық:

Әке- асқар тау,

Ана-бұлақ,

Бала-құрақ.

Мәтінді өзара оқып шығады, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріп жазу. Оны жазып болған оқушылар аударады.

Мәтінге сұрақ қойып өздері жауап береді.

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері деңгейлікті орындау керек.Орындап болған оқушы жауабын оқиды, айтады, кейбірі тақтаға жазып көрсетеді.

Тақтадағы тірек сызбада мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, дұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс дұрыс еместігін анықтау

Екінші тақтаға сөздерді топ-тобымен бөліп жазу.

Кісі есімдерімен адамға қатысты сөздер бөлек теріліп жазылады. Заттық мағналық сөздер. Іс әректті білдіретін сөздер.

Мына сөздерді : Мақпал, Бақытгүл, жағдай, жақсы, біз, Жәнібек,келеді, ата, кеше, ауыл, олар, қуаныш, жұмыс, үй, апа, амандасайын, күтеміз, сәлеметсізбе, ол, барамыз.

VI Сергіту сәті:

Анашым

Шет жүрсем сағынарым,

Жабықсам- шағынарым.

Анашым- бір өзіңсің

Табынарым.

VII Сабақты қорытындылау :

Деңгейлік тапсырмаларын сұрау:

Тақтаға жазып көрсету:

Зат есім+зат есім

Сын есім+ зат есім

Зат есім + етістік

Есімдік +зат есім

VIII Үйге тапсырма:

Отбасына байланысты 5 мақал-мәтел жазып келу.

ІХ Бағалау.





© 2010-2022