Батырлар жырын оқыту арқылы адамгершілікті дамыту

Бұл дидактикалық материалды орыс мектебінде қазақ әдебиетін оқытуда пайдалануға болады. Бұл материалда батырлар жырын оқытудағы оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалай дамытуға болатыны туралы айтылады. Қазақ әдебиетін оқытуда әдіскер ұстаз Қ.О Бітібаеваның әдістемесі негізінде құрылған әдістемелік көмек ретінде берілген материал. Бұнда жаңаша оқытудың әдіс- тәсілдері де қарастырылған. Оқушыларды топқа бөлу арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері де қарастырылған.батырлар жырын оқытудағы ең тиімді...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батырлар жырын оқыту арқылы адамгершілікті дамыту

Тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабағында батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту».



Көшерова Бақытгүл Мұратбекқызы



Шығыс Қазақстан Облысы. Риддер қаласы. «Экономикалық мектеп- лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

















Қазақ әдебиеті сабағында батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет деген- адамгершілікке сүйіспеншілік деген сөз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет- азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады»- деген сөздері әдебиеттің ізгілік пен адамгершіліктің жолындағы асыл құрал екенін айшықтай түскендей. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халқымыздың рухани байлығы саналатын- әдебиетті жан- жақты игерту, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Мектепте оқылатын қай пәнді алсақ та, ол білім мен тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Соның ішінде әдебиет пәнінің ауқымы, мүмкіндігі, маңызы да ерекше болып келеді. Әдебиет пәні-тұлғаны жан-жақты танудың пәні, оқушыны жан- жақты дамытудың, терең ойлантудың пәні. Оқушылар әдебиет сабағында сезімге беріледі. Әдебиет - ұлттық танымның қайнар көзі.

Мен қазақ тілі маманы ретінде тәжірибемде кездесіп жататын кейбір тұстарға тоқталып өткім келеді. Ұстаз- өз білімін жетілдіріп, толықтыра отырып қана оқушыға білім бере алады. Қазіргі заманғы ұстаз -уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты меңгерген білікті ұстаздар. Олардың алдындағы үлкен мақсат- оқушы бойына өзінің бойындағысын сіңіру. Сондықтан да, мен де өз мамандығымның шырқау биігіне жету үшін үнемі ізденуді қажет етемін. Әдебиетті оқыту жолдарының қыр - сырымен танысамын. Менің тәжірибемде 9-11 сынып оқушыларына үлкен көлемді шығармаларды қалай оқыту керек? -деген қиыншылықтар көп кездесетін. Бұл сұрағыма жауапты ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Қазақ әдебиеті тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы еңбегі» -нен алдым. Менің еңбек ететін ортам -орыс тілді мектепте мемлекеттік тілді үйрету. Қазақ тілі немесе әдебиет сабағын берерде мен қатты қиналамын. Өйткені мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Мен ертең өресі биік тұлға даярлағым келеді. Менің шәкірттерім қазақ тілінің құндылықтарын еліміз бен жеріміздің әдеби, мәдени құндылықтарын терең білген шәкірт болуы тиіс. Сондықтан да мен қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың санасына ұлттық қадір қасиетті, салт-сана, әдет-ғұрыпты мейлінше сіңіруге тырысамын.

Қазіргі заман -жаңалықтың заманы. Сондықтан оқушы бойына білімді қажетінше сіңіру үшін жаттанды әдістерден тыс, жаңа оқыту әдістерін түрлендіріп оқытуға тырысамын. Өзім ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасын меңгеріп келгеннен кейін, мен өз тәжірибеме көптеген өзгерістерді енгізуді қолға алдым. Соларға тоқтала кетсем: Оқушылардың бойына отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында, мемлекеттік тілді үйретуде өз жұмысымда үнемі мыналарды басшылыққа аламын: оқушының күнделікті ауызша, жазбаша тілдік қорларын дамытып отыру, нақыл сөздерді қолдану, мақал-мәтелдерді үйрету, антоним, омоним, синоним сөздерді қолдана білу т.б/ , сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыстары.

Мен оқушылармен жұмыс жасауда шағын топтармен жұмыс жасауды қолға алдым. Бұл әдіс оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар бірі- бірімен қатынас жасау арқылы өз пікірлерін, көзқарастарын айтып үйренеді. Өзінің айтқанын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен кеңесе отырып, ортақ шешімге келеді, бірлесіп талқылайды. Мысалы: 9 сыныпта «Қамбар батыр» жыры берілген. 1-2 сағат аясында бұл шығарманы толық оқушы бойына сіңіру мүмкін емес. Сондықтан да Қанипа Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін басшылыққа алып, кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы алғашқы әдеби -теориялық ұғым бердім. Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, халықтың тарихы туралы мәліметтер алды. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет бердім. Өзім жырды оқып беріп, жырдың оқылу мәнерімен таныстырдым. Жырды оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқыттым. Эпизодтардан сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндаттым. Аннотация жаздырттым. Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың толық мазмұнын сұрадым. Ал жетінші сыныптарда «Батырлар жырын» оқытуда топтағы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оларға «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасадық. Түсініксіз сөздерді синонимдермен алмастырдық. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде кубизм әдісін пайдалану арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: «Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтадық. Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы мен оқушыларға қажетті білім бере алдым деп ойлаймын. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадым. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен мұғалім ретінде Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзіме қажет нәрселерді алдым деп ойлаймын. Енді оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын, көркем туындыны т.б қалай жеткізу керек екендігін білемін.

Адам баласының бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін орнықтыру өте ерте заманнан адамзаттың мұрат- мақсаты болған. Осы орайда халық фольклорындағы адамгершілікке негізделген шығармалар зор маңызға ие. Бұл ретте ғалым Ә.Нысанбаев атап көрсеткендей: «...қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиеті жоғары бағаланған. Кез- келген батырлық жырларды немесе халықтың мақал- мәтелдерін сүзіп шығыңыз. Бәрінде де негізгі рөл тұлғаға беріліп, жігіттің батырлығы, дарқандығы адамгершілігі, жомарттығы т. б асыл қасиеттері насихатталады». Олай болса, оқушыларға ұлттық әдеби құндылықтарымыз саналатын - батырлар жыры болсын, мақал- мәтелдерді т.б оқытуда оқушы бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра білу қажет. Адамның рухани әлемінің нығаюы мен кемелденуіне білім жүйесінің қосары көп. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ойлары өрістеп, терең ойлай білуге үйренеді. Жан-жақты ойлау мүмкіндіктерінің артуы алынатын білімімен бірге дами бермек. Білім жақсы мен жаманды айыруға кең мағынадағы имандылық, адамгершілік дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Мұғалімнің адамгершілік тұрғыдағы жауапкершілігі оның гуманитарлық мәдениетінің деңгейіне байланысты қалыптасатыны даусыз. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз әркімнің ар-ожданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз» деген. Олай болса, біз ұстаздар қауымы- еліміздің негізгі іргетасын қалаушылар болғандықтан, біздің қолымыздағы абыройлы міндет- өскелең ұрпақты адамгершілікті, парасатты етіп тәрбиелеу. Бойларында адамгершілік қасиеттер қалыптасқан тұлға - ол- ертеңіміз. Тіл қадірін, ел намысын қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу- біздің қолымызда. Ұлттық құндылықтардың қасиетін сезіндіру арқылы оқушыларызды саналы, парасатты етіп тәрбиелейік. Ал біздің алдымызда жол көрсететін «Білім кемесінің- ұстазы», жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы тұрғанда, ол кісінің мемлекеттік тіл мен әдебиетті тереңдетіп үйретудің жолдары көрсетілген сара жолы тұрғанда, біз еш адаспауымыз қажет. Тіл мәртебесін бірге көтерейік!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми -әдістемелік журнал. №12-18 бет, 10-23бет, 5-19 бет. 2009 жыл. Алматы қаласы

  2. «Ақиқат» ұлттық -қоғамдық саяси журнал №2-28бет, №7-3 бет, №9-11 бет.2009 жыл. Алматы қаласы

  3. Қ.О Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы». 2012 Алматы.

  4. С.Ч Тұрсынғалиева, Ә.С Берекенова. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал. 9 сынып

  5. Т.Жұртбай. Ұраным- Алаш. Алматы: «Ел шежіре», 2008 жыл

  6. 6. Д.Қамзабекұлы. Руханият: мақалалар мен зерттеулер. Алматы: «Білім»,1997


© 2010-2022