Тест 9 сынып

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының қазақ тілінен орта буында білімдерін жалғастырып, алған білімдерін теориялық жүйелеу,сөздік қорын байыту,қарым-қатынастық қызметін меңгерту,окушыны өз ойын айқын,түсінікті жеткізуге үйренгенін тексеру,сонымен қатар тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаны дамуына  мүмкіндік жасау. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, оқүшыны қазақ халқының мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен танысыра отырып, мәдени ортада пайдалана білуінің тексеру,ойлау ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі.

1.Сөздің тура мағынасы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А)Тіл бас жарады. В)Өнер алды қызыл тіл. С)Өрт-тілсіз жау.

Д)Кітап-тілсіз мұғалім. Е)Мен байқамай тілімді тістеп алдым.

2.Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А)Қалың кітап. В)Күзгі орман. С)Қара жұмыс. Д)Сары бояу. Е)Ескі үй.

3.Мақалдың жалғасын табыңыз:

«Білекті бірді жығады,

..........мыңды жығады».

А)Мықты. В)Білімді. С)Күшті. Д)Ақылды. Е)Сабырлы.

4.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А)Жүрек,сезім. В)Терең,саяз. С)Ортаншы,кіші. Д)Тез,баяу. Е)Туу,дүниеге келу.

5.Антоним қатысқан сөйлем қайсы,дұрысын табыңыз.

А)Сөз анасы-құлақ,су анасы-бұлақ. В)Жамандық пен жақсылық-егіз.

С)Жаман өле жейді. Д)Ұрлық түбі-қорлық. Е)Нар-түйеден,тұлпар-биеден.

6.Омоним болатын сөзді көрсетіңіз.

А)Жастық. В)Сабырлылық. С)Кәрілік. Д)Мейірімділік. Е)Балалық.

7. «Саябақ» сөзінде неше дыбыс бар?

А)6. В)7. С)5. Д)9. Е)8.

8.Қатаң дауыссыздан басталып,қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.

А)Жейде. В)Ішік. С)Бешпент. Д)Көйлек. Е)Қамзол.

9.Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

А)Зергер. В)Тігінші. С)Үйші. Д)Шебер. Е)Өңдеуші.

10. Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.

А)Қобыз. В)Қарт С)Жетіген. Д)Күйші Е)Асатаяқ.

11.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А)Терезе. В)Үйшік. С)Саудагер. Д)Қаламсап. Е)Балалар.

12.Түбір сөздерді көрсетіңіз.

А)Кітапша,оқулық. В)Үйшік,қалашық. С)Балалық,балалар. Д)Мәдениетті,ақылды. Е) Ғимарат,сарай.

13.Түбірлес сөздерді анықтаңыз.

А)Су, сурет. В)Тергеу, терең. С)Бармақ, барлық. Д)Оқу, оқулық. Е)Қала, қалам.

14.Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А)Қалаға. В)Дәріхана. С)Баламын. Д)Жанармен. Е)Қалалар.

15.Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

А)Тәтті. В)Жарық. С)Қымбат. Д)Ақшыл. Е)Аттылы.

16. «Үштен бір»-сан есімнің қай мағыналық түрі екенін белгілеңіз.

А)Есептік. В)Реттік. С) Бөлшектік. Д)Жинақтық. Е)Болжалдық.

17.Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А)Ол өте жақсы оқиды. В)Барлығымыз мұражайға бардық. С)Сен қайда барасың?

Д)Мынау-менің мектебім. Е)Менің мектебім орталықта орналасқан.

18.Көсемшені табыңыз.

А)Барма. В)Келді. С)Айтқан. Д)Айтады. Е)Көрді.

19.Берілген етістіктің шағын анықтаңыз. Оралмады.

А)Келер шақ. В)Нақ осы шақ. С)Өткен шақ. Д)Ауыспалы осы шақ. Е)Осы шақ.

20.Мезгіл үстеулі тіркесті табыңыз.

А)Әдейі айтты. В)Әбден шаршады. С)Ақырын сөйледі. Д)Төмен түсті Е)Ертең барады.

21.Барыс септікті қажет ететін септеулік шылауды белгілеңіз.

А)Ау. В)Мен. С)Үшін. Д)Дейін. Е)Соң.

22.Көңіл-күй одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

А)Жә, күңкілдеме! В)Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау! С)Далада жаңбыр жауып тұр.

Д)Әй, саған айтып тұрмын. Е)Аспанды бұлт басқан.

23.Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А)Спорт денсаулықты жақсартады В)Раушан, қайда барасың С)Бәрекелді, өлеңді жақсы айтасың

Д)Сен мына тапсырманы орында Е)Алақай, көктем келді

24.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді анықтаңыз.

А)Берік Астанадан келді. В)Жаз келді. С)Жаз айларын жақсы көремін.

Д)Ол Әсемге хат жазды. Е)Қалаға оқуға келдім.

25.Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Әдемі,қара көздері өзіне жарасып-ақ тұр.

А)Пысықтауыш. В)Баяндауыш. С)Бастауыш. Д)Анықтауыш. Е)Толықтауыш.

26.Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А)Досанның тауға қайтадан барғысы келді. В)Ермек өте жақсы оқиды.

С)Кітап-балаларға үлкен сыйлық. Д)Асан ұйықтап қалды. Е)Мақсат үйіне қарай жүгірді.

27.Ыңғайлас салалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыз.

А)Әйтпесе,дегенмен. В)Әрі,да,де,және. С)Алайда,онда да. Д)Не,немесе,кейде. Е)Өйткені,себебі.

28.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)Көктем келді,күн жылынды. В)Дүкенге не сен барасың,не мен барамын.

С)Мәтінді оқып болған соң,балалар мазмұнын айтып берді.

Д)Біресе би биледі,біресе ән айтты. Е)Көктем келді,алайда күн әлі салқын.

29.Қыстырма сөзді табыңыз. А) Иә. В)Апырау. С)жол Д)О,сиқыр. Е)Шынында.

30.Төлеу сөз анықтамасын белгілеңіз.

А)Біреудің ойы. В)Екі адамның сөзі. С)Өз сөзі.

Д)Біреудің сөзінің мазмұнын айту. Е)Біреудің көзқарасы.


Тест

1

Е

11

С

21

Д

2

С

12

Е

22

В

3

В

13

Д

23

А

4

Е

14

В

24

В

5

В

15

Е

25

Д

6

А

16

С

26

А

7

В

17

Д

27

В

8

Д

18

Д

28

С

9

А

19

С

29

Е

10

В

20

Е

30

Д


© 2010-2022