Сабақтың тақырыбы: Адамның түрлі мінездері туралы нақыл сөздері 9 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті



Сабақтың тақырыбы: Адамның түрлі мінездері туралы нақыл сөздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абайдың адам мінезіне қатысты айтқан нақыл сөздерін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын, сөйлеу шеберлігін, ой ұшқырлығын түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілікті, ұлтжанды, ожданды болуға тәрбиелеу, ақ пен қараны ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, топтау, сұрақ-жауап,т.б.

Көрнекілігі: ақын портреті, кітаптары,

Пән аралық байланыс, тарих, өзін-өзі тану.

І.Ұйымдастыру. кезеңі. 1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару.

ІІ.Сынып жұмысы:

Адамның түрлі мінездері туралы нақыл сөздері

Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі.



Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тутас дүние.

Адамның түрлі мінездері туралы Абайдың айтқан нақыл сөздерінің тақырыбы сан- алуан.Олар:

Тапсырма :

1. Абайдың мына нақыл сөздерін тақырыптарға бөліп ,топтап жазу:

1.Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
2. Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма.
3. Адам баласының ең жаманы - талапсыздық.
4. Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

5. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

6. Еңбек - қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.

7. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық

8. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ…

9. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.

10. Тіл өнері дертпен тең.

11. Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.

12. Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.

13. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық.

14. Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.

15. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда толық боласың елден бөлек.

2. Абай өлеңдері үзінділерінен нақыл сөздерді табу,тақырыпқа бөлу.

«Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...»

«Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі,

«Мен» менен менікінің мағынасы екі.

Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

Менікі өлсе, өлсін, оған бекі...»

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан».

«Досыңа достық - қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол!»

«Егіннің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп, ойлап мал ізде.

Адал бол, бай тап,

Адам бол, мал тап,

Қуансаң, қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең, істің бәрі бос...»

«Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей».

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз...»

«Екі кеменің құйрығын

Ұста, жетсін бұйрығың»

«Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл».

«Берекелі болса ел -

Жағасы жайлау, ол бір көл.

Берекесі кеткен ел -

Суы ашыған батпақ көл...»

«Жарлылық, жалынышты жалтақ көздік,

Сүйкімді икемі жоқ, шалдуарлық...»

3. Абайдың «Қайғы шығар ілімнен», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Берекелі болса ел» сияқты өлеңдерінен өсиет жолдары мен ұйқас түрлеріне талдау.

4.Сабақты қорытындылау

5.Үй тапсырмасы: Адамның түрлі мінездері туралы нақыл сөздері



© 2010-2022