Открытый урок Өткенді қайталау

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Модульдің тақырыбы: Өткенді қайталау

Модульдің мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өткен жылдан алған білімін есіне түсіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,аударма, жаттығу әдістері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптағы суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

1. Фонетикалық сәті. Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.

2.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

2)Бүгін неше сабақ болады?

3) Бірінші сабақ қандай?

4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)

ІІ. Жаңа материал.

а) Сөздік жұмысы.

қабат -этаж қазақ тілі -казахский язык

орыс тілі -русский язык әдемі -красивый

жарық -светлый оқиды -учатся

дәптерге -в тетради сурет салады -рисуют

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Мынау -мектеп. Ол үш қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері бар. Олар әдемі, жарық. Балалар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.

-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. (қара жазылған сөздер орнына сұрақтар қойыңдар. Мысалы: Мынау не?)

-Жұппен ауызша айтқызу.

ІІІ. Сергіту сәті. Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

«А» -деді, «Б» -деді,

«Р»-ға тілі келмеді.

2-тапсырма. Аударма жұмыс. Два этажа, красивая школа, светлый класс, первый звонок, третий класс, большая книга, весёлые дети, хорошо учатся.

3-тапсырма. Мәнерлеп оқу. Дәптер.

Дәптер сенің сырласың, Дәптер досың болады. Әріптердің тұлғасы, Дәптеріңе қонады. (Н. Жанаев)

4-тапсырма. Керекті сөздерді жаз. Әсем ... шықты. Гүлжан ... су құйды. Мен ... оқыдым. Бірінші ...аяқталды. Оқушы ... жазды. Болат ... орындады. Керекті сөздер: үй тапсырмасын, тақтаға, кітап, гүлге, сабақ, дәптерге.

IV. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту, сөздерді жаттау, 5 сөйлем құру.



© 2010-2022