Разработка по казахскому языку на тему Үздік дарабоз

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Үздік дарабоз
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтей білу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, білім деңгейін шыңдау. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: жұмбақтар, интерактивті тақта, мақалдар, қызықты суреттер
Түрі: зияткерлік сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 6-шы сынып оқушыларының арасында «Үздік дарабоз» атты зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады - дегендей, бүгінгі зияткерлік ойынымызда осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салатындар.

6 «А» сынып оқушылары

6 «Б» сынып оқушылары

6 «В» сынып оқушылары

6 «Г» сынып оқушылары

Ойын ережесімен таныстыру. Ойнымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең «Бәйге»

2 кезең «Кім жүйрік?»

3 кезең «Тіл өнер»

4 кезең «Сиқырлы ұяшықтар»

5 кезең «Ойлы болсаң, озып көр».
Олай болса ойнымызды бастайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойын бәйгесі
Кім жүйрік болса, сол алда!

Бәйге кезеңін бастайық. Бұл кезеңнің шартарымен таныстырып өтейін. Бұл кезеңде ақ бұлттардың тапсырмасын орындаймыз.(қатысушы ақ бұлтты таңдайды және берілген сұраққа жауап береді).
1.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем...

Сұрақ: Авторы кім және қай өлеңінен үзінді /М.Мақатаев «Отан туралы»/

2."Медеу" спорт кешені қай жылы ашылды?

Алатау/әлемге/әйгілі/етегінде/мұз/бар/айдыны/ "Медеу". Тапсырма: Сөйлемді дұрыс құрастыр /Алатау етегінде әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны бар/

3.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/

4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата. /Гимн, Елтаңба, Ту/

5.Астана - арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

Сұрақ: Өлеңнің авторы кім? /Т.Молдағалиев/

6.Бір жылда неше ай бар? Ай аттарын атап бер /1 жылда - 12 ай. Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан/

7.Ішінде, үстінде, жанында, қасында, астында, алдында - бұлар нелер? /Көмекші есімдер/

Ал, енді балалар 2 кезең «Кім жүйрік?» деп аталады. Бұл кезеңде сендерге суреттер беріледі. Сол суреттегі он айырмашылықты кім жылдам табады, сол топқа 4 жұлдызша, екінші тапқан топқа 3 жұлдызша, т.с.с.

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек - деп сайысымыздың 3 кезеңін бастаймыз.

Ол «Тіл өнер» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлерге ұяшықтарға жасырылған жұмбақтар беріледі. Сол жұмбақтың жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айту керек.

Жылт - жылт етеді

Жылғадан өтеді (Су)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн. (Кітап)

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (Қалам)

Бұл үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген боп шығасың (Мектеп)

Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе (Айна)

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау)

Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)

Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)

Бойымызды жазып «Сергіту сәтін» жасайық.

Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.

Ал, енді «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде әртүрлі тақырыпта 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру керек. Егерде жауап бере алмаса, қарсыластар деген сөзден кейін қасылас топтар жауап беруге болады. Ұяшық ұпайына қарай сұрақтардың күрделі, әрі жеңіл екенін ұмытпауымыз тиіс.

Ертегілер еліне саяхат 20 30 40 50

Грамматикалық тапсырмалар 20 30 40 50

1001 мақал 20 30 40 50

Әлем елдеріне саяхат 20 30 40 50

Ертегілер еліне саяхат

  1. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің суреті беріледі. Сол ертегіні табу керек.

  2. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін ата

  3. «Алтын сақа» ертегісінде балаға көмектескен және көмектеспеген құстарды ата

  4. «Байлық пен ақыл» ертегісіндегі төртінші ұлдың жауабы қандай?

Грамматикалық тапсырмалар

  1. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер

  2. Сөздің ауыспалыжәне тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір

  3. Буын дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтір

  4. Үндестік заңы дегеніміз не? Мысал келтір

1001 мақал

  1. Білім туралы мақалдар айт

  2. Достық, батырлық туралы мақал айт

  3. Тәрбие туралы мақал айт

  4. Кітап - алтын қазына. Книга - кладовая золота.

Күш - білімде, білім - кітапта. Сила - в знаниях, знания - в книгах. Берілген мақалдарды қазақ тіліне аударыңдар

Әлем елдеріне саяхат

  1. Ұлы Қытай қорғанының суреті беріледі. Соны табу керек.

  2. 2014 жылы ақ олимпияда қай қалада өтіп жатыр?

  3. Бәйтеректің суреті беріледі. Қай қалада орналасқан? Ненің символы?

  4. «Медеу» мұз айдынының суреті беріледі. Қай жылы ашылған? Қай тауда орналасқан? Іле Алатауы, 1972 жыл

Келесі кезең «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде топқа блиц сұрақтар қойылады. Қойылған сұраққа жылдам, нақты және дұрыс жауап беру керек.

Сары бұлт

  1. Қыс айларын ата

  2. Отбасы сөзін барыс септігіне қой

  3. Жылқы сүті -

  4. Ең үздік баға

  5. Аптаның бірінші күні

  6. 1 жылда неше ай бар?

  7. Пешком сөзін аудар

  8. Сенің жасың нешеде?

  9. Мектеп - кеме, білім - ...

  10. Ілік септігінің сұрағы

Қызыл бұлт

  1. Көктем айларын ата

  2. Кітап сөзін табыс септігіне қой

  3. Түйенің сүті -

  4. Ең нашар баға

  5. Аптаның алтыншы күні

  6. 1 сағатта неше минут бар?

  7. Ережесөзін аудар

  8. Нешінші сыныпта оқисың?

  9. Күш - білімде, білім - ...

  10. Жатыс септігінің сұрағы

Сиякөк бұлт

  1. Жаз айларын ата

  2. Дәптер сөзін көмектес септігіне қой

  3. Ашыған сүт -

  4. Оқу құралдарын ата

  5. Аптаның екінші күні

  6. 1 аптада неше күн бар?

  7. Қайыңсөзін аудар

  8. 7 сыныпта жасың нешеде болады?

  9. Өмір - үлкен ...

  10. Шығыс септігінің сұрағы

Көк бұлт

  1. Күз айларын ата

  2. Күнделік сөзін ілік септігіне қой

  3. Сиырдың сүті -

  4. Ең үздік баға

  5. Аптаның жетінші күні

  6. 1 жылда неше күн бар?

  7. Шығарма сөзін аудар

  8. Сынып жетекшің кім?

  9. ... - алтын бесігім.

  10. Шығыс септігінің сұрағы

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың - дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сайыс бойы берілген жұлдызшалар саналады. Осы жұлдызшалар саналғанша тағы да бір сергіту сәтін жасайық. Қане, орнымыздан тұрайық!

Осымен сайысымыз аяқталды назарларыңызға рахмет!







© 2010-2022