Открытый урок. Птицы. 6 класс

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Cквозная тема:Алакөл көлі
Мақсаты: Құстар туралы жалпы түсінік беру.

Білімділік: Оқушылардың құстар, құстардың пайдасы,

тіршілігі туралы білетіндерін сұрай отырып, сыни тұрғыдан ойланта

отырып, білімдерін кеңейту

Дамытушылығы: қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік: Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: «ДЖИГСО» стратегиясы. сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, баяндау, «Ойға шабуыл»,топтастыру,т/б.

Көрнекіліктері:интерактивті тақта, презентация, .
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
ІІ Сұрақ-жауап.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

Ал, балалар бүгінгі сабақ басталмай тұрғанда сендер қазір қай көңілде сабаққа келгендерінді смайлик бойынша көрсетесіңдер.Сабақ аяғында көңілдерін өзгерсе, смайлик бойынша көрсетесіңдер.

Мұғалім: Балалар !Кәне,көзімізді жұмып отырып, әдемі бір ән тыңдайықшы! ( «Құстар қайтып барады»-әні

Ән аяқталған соң оқушыларға сұрақ қойылады.

-кәне, балалар, жаңағы ән нелер туралы?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Дұрыс, балалар, біз құстар қайтып барады әнін тыңдадық.

ІІІ. Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Олай болса,балалар, біздің бүгінгі сабағымыз да осы құстар,олардың тыныс-тіршілігі,олардың ерекшеліктері туралы .

ІҮ. Топқа бөлу

Бүгінгі сабағымызды біз топтық тапсырмадан бастайық.Ол үшін біз 2 топқа бөлініп алайық.

Ойын : «Өз тобынды тап!»

Оқушыларға «дала құстары» және «үй құстары» деген жазуы кәмпиттер таратылады.Осы кәмпит бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.

Балалар, бүгінгі сабақта әрбір тапсырмаға жауап бере отырып,өздеріне жұлдызшалар жинайсыңдар.Жұлдызшалар жинай отырып бүгінгі сабақта өздерінді бағалайсыңдар. 5 немесе одан көп болса «5»-деген баға алады. Егер 4 жұлдызша болса «4»-деген баға, ал 3 жұлдызша болса «3»- деген бағалады. Ал, балалар 3 жұлдызшадан төмен жұлдызша жинамауға тырысайық.

Топтық тапсырма

Әр топ өз атаулары бойынша білгендерінен ассосиация жасайды. (Постер бойынша) әр топтан бір адам шығып қорғайды.

Грамматикалық тапсырма.

Көптік жалғауының қосымшалары қандай білесіңдер?

( лар,лер,дар,дер,тар,тер(
- Жуан сөзге қандай жалғаулары жалғанады?
- Ал, жіңішке сөзге қандай?
- Лар, лер қай жағдайда қосылады?
- Дар, дер қай кезде қосылады?
- Тар, тер қашан қосылады?

Дәптермен жұмыс.

Берілген сөздерге көптік жалғауларын қосып жазыңдар.

Әтеш, үйрек,қарлығаш, қыран, қарға, бұлбұл ,сауысқан. суреттері

Сематикалық карта

лар

лер

дар

дер

тар

тер

Тауық


аққу


балапан


Үйрек


кептер


көгершін

*

1)«ДЖИГСО» стратегиясы

Әр топқа шағын тақырыпшалар таратып беру.

Тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауларын қойыңдар. Әр топ көптік жалғауын сөздерге қосып жазады.

Сергіту сәтін өткізу.

Оқылым, мәтінмен жұмыс. «ДЖИГСО» стратегиясы.

Мақсаты: ДЖИКСО әдісі тақырыптың мазмұнын жақсы меңгерту, оқығандарын берілген тақырыптың нақты 5 аспектісін анықтау, табу.

естерінде жақсы сақтату, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырмалар.

1. -Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру.

3. Грамматикалық тапсырмалар.Көптік жалғауларын табыңдар

Әр топқа мәтін беріледі. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді орыс тіліне аудару. Бұл тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі.

Енді балалар әр топтың бір оқушы- спикер болады. Ол спикер басқа топқа барып өз мәтіннің мазмұнын айтады.Балалар оны мұқият тындайды. Одан кейін өз орнына отырады.

Неге үй құсы дейміз?

Тауық,әтеш, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды.
Адамдар оларды күтіп, баптайды, мәпелеп өсіреді, сондықтан оларды үй құстары дейміз.

Неге дала құсы дейміз?

Дала құстарының адамдарға пайдасы, олар қ ұ р т - қ ұ м ы р с қ а л а р д ы теріп жеп ағаштарды емдейдіОлар ағаштың басына ұя салады. - Олар аспанда қалықтап ұшады. Өз бетінше өмір сүреді екен. Олар құрт-құмырсқа, зиянкес құрттармен қоректенеді .
Дала құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 500- ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы.

1

Құстарды таспен атуға болады.

2

Құстарды тамақтандыруға болады .

3

Құстарды тамақтандыруға болмайды .

4

Құстың ұясынан жұмыртқа алып, жаруға болады.

5

Құстардың ұясын бұзуға болады.

6

Құстарға қамқорлық жасауға болады

Жұмбақты шешу.

Қандай құс? тауып көр:

( Жауабын үш тілде айтыңдар)

1-топ:

1.Ерте тұрады, жар шақырады. (Әтеш, петух, coke) (коук)

2. Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.
(тоқылдақ-дятел-woodpecker) (вудпекер)

3. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш-ласточка-swallow) (свэлоу)

4. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді
(торғай , воробей- sparrow) (спэроу)

5. Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...
(тауық-курица- hen) (хин)

2-топ:

1. Орыннан орынға ауысқан
Ұшқалақ қарала ...
(сауысқан-сорока-magpie) ( мяджпай)

2. Мойыны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы?
(аққу-лебедь-swan) (свэн)

3. Кеудесі қайқаңдап
Жүреді байпаңдап
(қаз-гусь-goose) (гус)

4. Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы
(үкі-филин-owl) (оул)

5. Үні ғажап, дүлдүл
Бақта сайрар ...
(бұлбұл-соловей-nightingale) (найтингэйл)

Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер).

Веер әдісі. (Бір-біріне сұрақ қояды)

Презентация Алакөл қорығы

Алакөл қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Қорық Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Қорықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алакөл жүйесіне енетін су құстарын қорғау.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 257-дан аса құстар түрлері мекендейді. Олардың 38 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Реликті шағала, жек дуадақ, қарабасты күлегеш, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек, сұңқылдақ аққу және басқа да аз кездесетін және жер бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін шөл және тау құстарын кездестіруге болады.

Реликті шағала-реликтовая чайка.дуадақ-дрофа қарабасты күлегеш-черноголовый хохотун, , бұйра және қызғылт бірқазан-кудрявый и розовый пеликан, ақбас үйрек-савка, сұңқылдақ аққу-лебедь -кликун, филин-үкі,фазан-қырғауыл көк және ақ құтан

Ән «Құстар қайтып барады».

Сабақты бекіту:

Бүгінгі сабақ бойынша сұрақ-жауап

- Біз қандай құстармен таныстық?

- Құстар қандай екі топқа бөлінеді

- Құстардың адамдарға пайдасы туралы әңгімеле.


Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

IХ.Бағалау.Балалар сабақ барысында қанша жұлдызша алғандарынды санап, бүгінгі сабақтағы білімдерінді бағалап шығайық.

Сабақ аяғында кімнің көңіл-күйлерін өзгерілді, смайлик бойынша көрсетуге болады.

- Сабаққа рақмет, сау болыңыздар!

Үйге тапсырма:

  • Жаңа сөздер жаттау

  • Әнді жаттау




© 2010-2022