Разработка урока по казахскому языку на тему

Бұл сабақ жоспары 7 сыныпқа арналған. сабақтың мақсаты: Білімділік: киім туралы тақырыпты түсініп, сөйлесе алуға, синтаксистік талдау үшін сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя білуге үйрету. Дамытушылық: сөздік қорларын белсенді толықтырып, қолдануға үйрету, сыни ойлауға дамыту.Тәрбиелік:  киімді жөнімен дұрыс кию әдебіне тәрбиелеу. Грамматикалық тапсырма етістіктің райлары  туралы білімдерін бекітуге арналған. Оқушыларды топтарға бөліп оларға қалау рай мен шартты райды жазылған екі-екі сөйлемнен беремі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Байсаматова Жұлдыз Мырзабекқызы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 "А, Б, В"

Күні: 06.12.2014

Тақырып:

Спорт киімі.

Мақсаты:

Білімділік: киім туралы тақырыпты түсініп, сөйлесе алуға, синтаксистік талдау үшін сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорларын белсенді толықтырып, қолдануға үйрету, сыни ойлауға дамыту.

Тәрбиелік: киімді жөнімен дұрыс кию әдебіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Өзін-өзі бағалай алады. Өз пікірін қарсылыстарына дәлелдей алады.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) амандасу;

2) Сыныпты түгендеу;

Сынып амандасады. Сынып кезекшісі мұғалімге сыныпта кімнің жоқ екенін хабарлайды.

ІІ. Оқушылар-мен бірге сабақтың мақсатын анықтау

(1 мин)

Тақтада сабақтың мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге құрастыру.

"Бағалау пирамидасын" көрсету.

Аты-жөні

1 Білу мен түсіну

2 Қолдану

3 Талдау мен жинақтау

4 грам-мати-ка

5 Барлық ұпай


- Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін құрастырады.

Сабақта біз не білуіміз керек?

- Тақырып бойынша жаңа сөздерді білуіміз керек.

- Қандай дағдыны игеруіміз керек?

- Сұрақ қоя білуді, дұрыс сөйлем құра білуді үйренуіміз керек.

ІІІ. Білу және түсіну

"Қалың-жұқа" сұрақтар

Лексикалық тақырып:

1. Қазақ халқының қандай салты бар?

2. Қуырдақты қай кезде қуырады?

3. Соғымға қандай малды сояды?

4. Соғым дегеніміз не? (қыстық мол азық)

5. Қазақ халқының сыйлы қонаққа сойылатын тағамы не?

6. Жаңа ашытылған қымыз қалай аталады?

7. Қымызды неден жасайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сөздерді шартты райда, қалау райда жіктеу;

"кию, тону"

Үй жұмысын тексеру.

ІҮ. Кіріспе.

Қызығушы-лықты ояту.

Мұғалім: Тақтада нелердің суреттері ілініп тұр?

Оқушылар өздерінің ойларын айтады.

Ү. Жаңа сөздермен жұмыс

Реттеу -

Тиіс -

Мүмкіндік -

Ыстықтау -

1) Оқушылар қайталайды.

2) Жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды.

3) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

ҮІ. Қолдану

Сөйлемдерді аудару, сөйлемдер екі топқа бөлініп беріледі. Аударып болған соң, аудармасын келесі топқа береді. Олар оны кері аударады.

1) Қыста жұқа киінсең, тоңасың. Үйге киетін киім қолайлы болмаса адамға адамға қиын.

2) Оқушылар бүгін шаңғы тепкісі келді.

Ауа райы жылы болса мен қолғап кимеймін.

Талдау

Спорт киімдері туралы диалог құрастыру.

Мәтінді оқу.

І-топқа. Шаңғы тебу.

ІІ-топқа. Футбол

Грамматикалық тапсырма.

4-тапсырма. Етістікті әртүрлі райларда жазып шығу.

Берілген сөздер:

Ұйықтау, ескеру, кию, санау, тігілу, жүру, қарау, сатып алу.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, біліміне қарай бағаланады, түсіндіріледі.

Оқушылар бір-бірне қойған бағасын тыңдайды.

Үй жұмысын беру

99 -бет, 6-тапсырма, мақалдарды түсіндіру, сөздер.





© 2010-2022