Урок на тему «Сулейменов» в 8 классе

урок литературы в 8 классе на тему «Олжас Сулейменов» имеет цели , познакомить учащихся восьмого класса с творчеством и жизнью великого киргизского писателя современного периода , познакомить учащихся с его знаменитыми произведениями «Киз куу», «Махамбет», «Аргымак» , исследовательской работой «АЗиЯ», проанализировать его лирические произведения , рассказать детям о его общественной деятельности в международном движение «Невада-Семипалатинск». конце урока учащиеся должны высказать собственное мн...
Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) - орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Соңғы кездері қазақ тілінің қарқынды дамуына қарсы көзқарасымен қалың қазақ арасында сенімін жоғалтқан.

Өміpбаяны

1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.

1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.

1962-71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.

1971-81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.

1981-83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

1983-91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.

1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.

1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.

1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.

1994-95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.

1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.

Зерттеулері

Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:

  • 1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапты кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе, кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тылсым қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.

  • «1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.

  • 1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда аутор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.

  • «Тaрихқа дейіңгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.

Ақындығы

«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді - Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабынан бері ол жиырма шақты жыр жинағына аутор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.

Жыр жинақтары

  • «Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.

  • «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж.

  • «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.

  • «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.

  • «Каждый день - утро», Правда, Москва, 1973 ж.

  • «Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.

  • «Круглая звезда», Художественная литература, Москва, 1975 ж.

  • «Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.

  • «Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.

  • «Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.

  • «Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.

  • «Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.

  • «Свиток», Молодая гвардия, Москва, 1989 ж.

  • «Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.

  • «Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.

  • «Исправляя метафорой мир», Қаржы-қаражат, Алматы, 1996 ж.

  • «Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997 ж.

  • Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.

  • «Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы

  • «Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж.

Марапаттары

  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1964 ж.

  • Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы, 1967 ж.

  • Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы, 1972 ж.

  • Қазақстанның Халық жазушысы атағы, 1992 ж.

  • Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы, 2000 ж.



© 2010-2022