Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы

Электронды оқыту ресурстары және заманауи

үлгідегі қазақ тілі сабағы

Мухсинова А.М.

«№23 ЖББОМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Мағжан Жұмабаев: «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» -деп айтқан болатын. Міне, қазіргі таңда ұлы ақынның сөзін ақиқатқа жеткізудің шарықтау шегі де осы. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың туындауы да осының дәлелі.

Заманауи ақпаратты технологиялардың дамуына орай жаңаша оқыту модельдері де пайда болуда. Мұндай оқыту жүйелері ақпаратқа деген қатынасымызды күрт өзгертті. Білім беру жүйесінің жаңашалануына зор мүмкіндіктер туындады. Мен өзімнің барлық сабақтарымды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы өткіземін.

Ақпаратты технология негіздері

Ақпараттық құралдармен жұмыс істеу

Оқу барысында компьютерді пайдалану

Электрондық оқыту ресурс-тарын қолдану

Интерактивті тақтаны қолдану

Интернетте жұмыс істеу


Қазіргі уақытта көптеген сандық /цифрлық/ білім ресурстары, оқу үрдісін ұйымдастыратын бағдарламалар көптеп құрылуда. Бұл жинақтар күннен күнге толықтырылу үстінде. Оқушыларым интернет жүйесінде өткізілетін олимпиадаларға, байқауларға, тестілеулерге қатысып отырады. 2012-2013 оқу жылында Республикалық интернет олимпиадасына 6 сынып оқушы Айтқалиев Аян қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Е-Learning электрондық оқыту жүйесінде анимациялық суреттер, ережелер, кестелер, сызбалар, мәтіндер, электронды тестілеулер, сөздіктер мен түсіндірме сөздіктер қоры өте көп. Қазақ тілі сабағында ЭОР пайдалану оқыту әдістерін түрлендіреді, оқушының іс-әрекетін, белсенділігін арттырады, шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Тірек-сызба, көрнекіліктер, презентациялар жасау уақытты үнемдеуге және материалдар да эстетикалық жағынан көрнекі болады. Сөзжұмбақтар, бейнесөздер пайдалану, берілетін тапсырмаларды түрлендіріп көрсету, сабақты бекіту барысында электронды тестілеу жұмыстарын пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады және сабақта жайлы эмоционалды орта тұғызады.

Қазақ тілі сабағында көптеген электрондық ресурстарды: мультимедиялық презентацияны жаңа тақырыптарды өту кезінде, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында, сергіту сәттерінде пайдаланамын. Презентацияда барлық мүмкіндіктерді қиыстыруға болады: түрлі тақырыптық суреттер, тестілеулер, бейнекөрініс, аудио жазбалар, музыкалық сүйемелдеулер және басқа да ЭОР сілтемелер арқылы көрсетуге болады. Басқа ресурстарға қарағанда презентацияны «әмбебап ресурсы» деп атауға болады. Презентация жасау материалдарды таңдап алуда, оның құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді.

ЭОР қолдану арқылы

Интернеттен алған материалдарды пайдаланады

Жазбаша біліктіліктері

артады, сөздік қорлары кеңейеді

Шәкірттерімнің оқуға деген тұрақты бейімі қалыптасады

Сабақта оқушылардың оқу дағдылары дамиды


Қазақ тілі сабағындағы жарыс түріндегі өткізілген сабағымнан үзінді: Оқушылар слайдтар бойынша берілген сұрақтарға курсорды апарып тышқанның оң жағын басу арқылы дұрыс жауап беретін болса, «Жарайсың!», қате жауапқа «Ойлан!» деген сөз шығуы тиіс. Бұл функция тригер деп аталады.

Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы

Сабақты бекіту кезеңінде ЭОР-ғы тестілеу жұмыстары оқытылған материалдарды жүйелендіруде пайдалы. Электронды тестілеулердің артықшылығы оның жоғары деңгейдегі интерактивтілігінде: білім деңгейін бақылауда және ережелерді еске түсіруде көмегі зор.

Электрондық ресурстардың ішінде кешендісі - электрондық оқулықтар. Электронды оқулықтар - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу және басқа да бағдарламалар жиынтығы. Қазіргі электрондық оқулықтарды шартты түрде оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электрондық оқулықтар деп жіктеуге болады. Соңғысының біріншісінен айырмашылығы - онда түрлі видеороликтер, бейнеқатарлар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен суреттер, виртуалды лабораториялар, 3D-модельдер және тесттердің болуында. Интерактивті тапсырмалар оқушыларды бағалауға өте тиімді.

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану

оқушыға:

мұғалімге:

уақытты үнемдеуге, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
оқулықта кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;

түсінбеген материалдарды шексіз қайталауға;
өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін-өзі тексеруге;
өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерін пайдалануға;
оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық деңгейлерін бақылауға;
оқытуды басқаруға, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға, интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;
кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етуге.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

10 сыныптағы қазақ тілінен «Босаң норма», «Қатаң норма» тақырыптары кезінде электронды оқыту жүйесіндегі берілген тапсырмалар бойынша оқушылар қатаң норма мен босаң нормаға жататын сөздерді тінтуір арқылы жылжытып қояды да, тапсырма аяқталғаннан кейін «тексеру» батырмасы арқылы тапсырманың қалай орындалғанына көздерін жеткізеді.

Мысалы:

Сөздер

Қатаң норма

Босаң норма

Бешпет

+


Бешпент


+

Теңдік

+


теңілік


+

8-сыныптағы «Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша алдымен электронды оқыту жүйесіндегі мультимедия тыңдатып, берілген тапсырмаларды орындатамын.

1-тапсырма: Берілген жалаң сөйлемдерден жайылма сөйлем құрастыру:

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Таң атты.

Таң арайланып атты.

Айнаш тұрды.

Айнаш ерте тұрды.

Сағат жүріп тұр.

Сағат сыртылдап жүріп тұр.

2-тапсырма: Жақты сөйлемдерді жақсыз сөйлемге айналдыру:

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Ақыл жүректің пәктігін сақтайды.

Ақыл мен жүректің пәктігін сақтауға болады.

Шешімді асығыс қабылдама.

Шешімді асығыс қабылдауға болмайды.

3-тапсырма: Суретке қарап атаулы сөйлем құрастырып жаз:

Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы

7 сыныптағы «Есімшенің түрленуі» тақырыбында презентацияның көмегімен сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін пайдаландым. Есімшенің түрленуінің топтастыру әдісі:

Есімше

септеледі

тәуелденеді

көптеледі



есімдерше

жіктеледі



етістік

Оқушылар тақтада есімшені түрлендіреді: Айтар-жіктеледі. Білген-тәуелденеді. Баратын-септеледі. Оқитын септеледі. Мультимедия арқылы есімшенің түрленуіне мысалдар қамтылды.Алдын-ала жазылып қойылған теориялық диктантты оқушылар аудио жазба арқылы тыңдап жазады. Мысалы: Төре ауылына кел ... (есімшенің жұрнағы, жатыс септігі) сары бала сондай қуан... (есімшенің жұрнағы). (келгенде), (қуанған). Ақыл айт ... (есімшенің жұрнағы) ту ... (есімшенің жұрнағы), (көптік жалғауы). (айтар), (туғандар).

Әр сабақты ЭОР қолдану арқылы өткізсек, оқушыларды пәнге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Мұндай технологияларды қолдануда - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» №11, 2006, 24-б.

  2. Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы //Ізденіс. -Алматы, 2005. №3 (2).

  3. Б. Әбдікәрімұлы, М.Г. Соколова Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы (Алматы, 2004)

4. Интернет жүйесі.

© 2010-2022